Дәрігер мамандығы – өте абыройлы да жауапты іс, өйткені адамның денсаулығы, кейде өмірі дәрігерге байланысты. Адамдар дәрігердің кез келген жағдайда міндетті түрде көмектесетініне сенеді және инъекция немесе басқа көмек алған соң, олар міндетті түрде жақсарады. Бірақ шынымен нағыз дәрігер болу үшін жақсы оқу керек, өйткені менің көмегімнің нәтижесі дәрігер ретінде не істеу керектігін қаншалықты жақсы білетініме байланысты болады — дейді бүгінгі кейіпкеріміз. Сауран ауданының медицина саласына зор үлес қосқан айтулы маман туралы аз-кем ақпарат беруді жөн санаймыз.
Айдарбекова Ажар Джолдасбекқызы 1982 жылы 30 тамызда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1988 жыпы Түркістан қаласы Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектепке барған, 1999 жылы сол мектепті тәмәмдаған. Сосын Түркістан медицина колледжінде 3 жыл білім алған. 2001 жылы оқуын жалғастыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-ға құжаттарын тапсырған. 2008 жылы жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығы бойынша диплом алып шыққан. 2008 жылы Шорнақ ауылдық емханасына дәрігер болып орналасқан. Сол жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр, жалпы еңбек өтілі 15 жыл. Жанұялы, 2 ұл, 2 қыздың анасы.
Екі әпкесі анасының жолын қуып, мұғалім болған, інісі теміржолшы. Әкесі біздің әулетке де бір медицинадан хабары бар маман керек деген. Осылайша кейіпкеріміз дәрігер болған.
Медициналық колледжде оқып жүрген кездерін де киындықтарға кезікпеген, бірақ университетте біраз қиындықтар болған. Емтихан тапсыратын кездерде, неге басқа мамандыққа түсе салмады? Анам сияқты мұғалім бола салуым керек пе еді? Деген ойлар да келген екен.
Ажар ханым «негізі өзің оқымаған, жұмыс істемеген сала оңай болып көрінеді ғой. Мағанда баска мамандықта оқитындардың сабактары аз, оңай болып көрінетін» — дейді.
Кейіпкеріміздің сөзіне сенетін болса, егер бұл мамандықты таңдамағанда, қазір теміржол саласына кететін еді, жас кезінен сол салаға аздап болсын
қызығушылығы бар екен. Мектептегі мұғалімдеріде сен тік мінезді кызсың, сол салада жұмыс жасау колыннан келеді негізі деп айткан сәттері де болыпты.
Өмірлік ұстазыңыз ретінде кімді көресіз? Деген сұрақты жолдаған едік, бірден анамды деп жауапберді. Анамнан үлгі-өнеге аламын, әлі үйренетінім көп дейді. Ал, болашакта медицина саласын тандаймын деп отырған талапкерлерге, шыдамды, сабырлы, адал болындар, істеп жатканжұмыстарынызды барынша ықыласпен орынданыздар деп кеңестерін берді.
Медицина әрқашан адам қызметінің танымал саласы болды, сондықтан медициналық жоғары оқу орындарына түсу үшін конкурстардың дәстүрлі түрде жоғары болуы кездейсоқ емес. Жақсы оқуға деген ынта-жігерім осы.
Дәрігер батыл болу керек. Өйткені, деструктивті індет күшейген жерге ол бірінші барады. Ол өзі өлімге әкелетін ауруды жұқтыруы мүмкін мұндай науқастарға қамқорлық жасаудан қорықпауы керек.
Болашақ дәрігер сабырлы, түсіністікті, мейірімді болуы керек. Пациенттер әртүрлі кездеседі, бірақ бәрімен өте сыпайы болу керек. Дәрігердің күнделікті жұмысы өте қиын – күн сайын біреудің тағдырына әсер ететін шешімдер қабылдауға тура келеді.
Дәрігер – ұлттан тыс, саясаттан тыс, уақыттан тыс адам. Нағыз дәрігер үшін жаман немесе жақсы адам, кедей немесе бай, адал немесе қылмыскер болмайды.
Дәрігер науқасқа диагнозды кездейсоқ түрде анықтап қоймай немесе «жәй ғана ем» жүргізе салуға тырыспауы қажет. Ең алдымен — заманауи диагностиканың әдістерін меңгеру. Емдеу әдістерін анықтаған кезде науқасқа пайдалы жағын ойлау қажет: егер хирургиялық операция жасауға көрсеткіш жоқ болса — онда консервативті терапияны тағайындау, егер операция жасау қажет болса -мүмкіндігінше мүшелердін және оның қызметтерін сақтай отырып, шағын инвазивті түрде жүргізуге тырысу қажет. Дәрігердің емдік тағайындауы халықаралық хаттамаларға негізделуі керек. Жақсы дәрігер қазіргі және болашақ науқастарына қол жетімді болуы керек Ол науқастарымен хабарласып тұрады, байланысын үзбейді, өзінің жасап және орындайын деп жатқан әрекеттерін түсіндіреді, кезкелген сұрақтарына жауап береді, түсіндіреді, тексеру жүргізілейін деп жатқан тексеру амалдары және шаралары туралы түсініктеме береді. Дәрігер шұғыл қажет болған шақта оған телефон шалуға немесе жазбаша хабарласуға болады, соған байланысты тәуліктің уақтысына қарамай дәрігер науқасына көмек беруге келеді., Қоғамды сауаттылыққа тәрбиелейді, адамдардың медициналық түсініктерін арттырады және медицина саласында жарияланып жатқан мәселелер бойынша оларға хабарлауды ұйымдастырады, сол үшін әлеуметтік желілерде белсенді түрде айналысады. Жақсы дәігер әрдайым инабатты және науқастарға түзу «көзқараста» болады. Ол кәсіби маман, соған ылайықты әрекет жасайды. Ол науқасқа мұқият қарайды және оның шағымдардын, аурудың белгілерін, бұрынғы бастан кешкен аурулары және қазіргі уақытта қабылдап жатқан дәрілері туралы толық түрде сұрастырады. Дәрігер науқастың оған деген сенімділігін және қауіпсіздік сезіміділігін тудыруы керек, науқас барлық уақытта дәрігердің жанында өзін қауіп-қатерсіз екендігін сезіне білуі қажет. Осындай дәрігердің жанында науқас үнсіз және әлсіздік білдірмеуге тиіс, керісінше қандай ем шаралары жүргізілейін деп жатқаны туралы дәрігердің пікірін біледі, ол науқаспен ақылдасады, ақпарат береді, соған байланысты науқас қандай ем қабылдағысы келетінін өзі таңдайды. Жақсы дәрігер команда құрамының диагностикалық әдіс және ем жүргізу жөніндегі үсынысын қолданадыЕгер дәрігер науқасты емдеу үшін басқа маманның көмегі қажет деп есептеуге негіз болса, ол кімге хабарласып, неге қажет екенін түсіндіріп, науқас туралы деректерді кеңес беретін дәрігерге хабарлап, әрі қарай бірлескен түрде жұмыстарды жалғастыруды ұсынады. Медициналық тәжірибесі жеткіліксіз дәрігер қажет кезде лауазымы кіші болса да, бірақ өмірлік тәжірибесі мол мейірбикенің ұсынысына да зер салуы қажет. Дәрігердің адамгершілігі Адамның денсаулығы-ешқандай байлықпен бағаланбайды, сондықтан бұндай құндылықты кез-келген дәрігерге сеніп тапсыруға болмайды. Адамгершілігі мол жақсы дәрігер материалдық мүдделерге байланысты емес, әрдайым өзіне тиісті кәсіппен шын-тәнімен айналысуы керек. Тек осындай мамандар ғана шынайы бейімділікті көрсете алады. Соған байланысты дәрігер мейірімді болу керек. Дәрігер -адамдарды сүйе білулері керек. Дәрігер білімді болуымен қатар және барлық уақытта көмек беруге дайын болудан бөлек науқасқа шынайы махаббаттық пен мейрімділікпен қарамайтын болса, онда жүргізіліп жатқан ем барлық уақытта жақсы нәтиже бермейді. Дәрігердің жұмысы азапты жеңу және науқасты өлімнен құтқару болып табылады. Дәрігер әр адамның және барлық қоғамның денсаулығына қызмет етуге шақырылған, дәрігер өзінің ар-ожданына сүйене отырып және медициналық этиканың негіздерін басшылыққа ала отырып, өз міндеттерін атқаруын талап етеді. Дәрігер қате жіберуге – құқығы жоқ. Егер сатушының немесе тігіншінің қателігін түзетуге болады, егер дұрыс диагноз қойылмай ем жүргізілсе, операция орындау уақытында хирургтың қолы дұрыс қимыл жасамаса, әрбірден соң науқасқа немқұрайлық білдіретін болса, онда адамның өмірі үзіліп кетуі мүмкін. Бірақ қандай бақыт, жаңа өмірдің пайда болуы туралы бірінші болып білу-үлкен миссия, не анасына: «Операция сәтті өтті, сіздің ұлыңыз өмір сүреді», — деудің өзінде шынайы, мейірбаншылық бар екендігі білінеді. Міне осындай сәт үшін көп оқу және мол тәжірибе жинақтауды қажет етеді. Жер шарындағы ең қасиетті мамандық -дәрігер болып халыққа қызмет ету үлкен мәртебе деген ұғымдамын.
— Дәрігер тез шешім қабылдай білуі керек және бұл шешім үшін жауапкершіліктен қорықпауы керек. Әрине, адамға қандай да бір жолмен көмектесе алмасаңыз, бұл өте қиын, сіздің алдыңызда кішкентай пациент болғанда оны түсіну әлдеқайда қиын! Кейбіреулер дəрігердің жүйкесі «болат» болуы керек, сезімталдықты үйреніңіз дейді… Мен бұған келіспеймін. Өйткені, кейде жұмсақ сөздің өзі емшіге айналады. Адамның мұңын, қасіретін сезіну – дәрігердің ең биік мақсаты! — дейді дәрігер.