САУРАН: ШОРНАҚТА 500 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНУДА


Түркі әлемінің тұмарына айналып отырған көне шаһар облыс орталығына айналуы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, түлеп-түрленуіне оң өзгерісін тигізгені сөзсіз. Жан-жақты өркендеп, дамып келе жатқан салалар арасында денсаулық сақтау жүйесі де бар. Оның дәлелін облысымыздың түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатқан ірі-ірі медициналық жобалардан, соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған ауруханалар мен емханалардан, жан-жақтан білікті медицина мамандары шақырылып, арнайы клиникаларда жасалатын оталардың жергілікті жерде қолжетімділігінен көруге болады. Сондықтан да, бүгінгі денсаулық саласы қалай? Қандай жетістіктерге қол жеткізді? — деген сауалдар толғандырып, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы Байдуалиевпен сұхбаттасқан едік.
Осы орайда Сауран ауданындағы медицина саласындағы жаңалықтарды, өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді аудан тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.
— Асхан Мархабайұлы, таяуда ғана еліміздің бас дәрігері Ақмарал Шәріпбайқызы облысымызға жұмыс сапарымен келіп, өңіріміздегі бірқатар емдеу орындарын аралап, оңтүстік өңірдің денсаулық сақтау саласының жай-күйімен танысты. Сапар аясында облыс халқымен кездесіп, өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Министр жергілікті атқарушы орган өкілдеріне аталған проблемаларды дереу шешуді тапсырды. Халық сапалы медициналық көмекпен қамтылуы тиіс екенін ескертті. Сол жиынға өзіңіз де қатысып, көпшілікті денсаулық сақтау саласының жай-күйінен хабардар еттіңіз. Қазіргі таңдағы сіз басқарып отырған мекеме құрамына қанша емдеу орны біріктірілген? Жалпы, қанша адам тіркелген? Осы тұрғыда әңгіме қозғасақ?
— Қазіргі таңда Түркістан облысының денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Жақында Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген еліміздің бас дәрігері Ақмарал Шәріпбайқызына өңірдегі медицина саласында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды таныстырдық. Жалпы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына 45 мемлекеттік мекеме және 130 жеке меншік мекемелер, оның ішінде 36 емхана мекемелері кіреді. 756 ұйым (8 облыстық аурухана, 2 балалар ауруханасы, 3 қалалық аурухана, 17 орталық аудандық аурухана және аудандық аурухана, 5 оңалту орталығы, 4 емхана, 6 басқа мекемелер) облыстық басқарма қарамағында. Барлық медициналық мекемеге – 2 060 903 адам тіркелген, оның ішінде жеке меншікке — 340 мың (16%). Медициналық ұйымдарда – 35 714,75 штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс істейді (дәрігерлер – 5 977,25, орта медицина қызметкерлері – 17 137,25, педаготар – 209, басқалар – 12 391,25).
2024 жылдың 3 айына облыс халқына 15 307 002 клиникалық-диагностикалық қызметтер, 180 512 жедел жәрдем шақыртулары, 784 санавиация шақыртулары жүргізілді. 3 млннан астам амбулаторлық көмек көрсетілді. 100 мыңнан астам стационарлық медициналық көмек көрсетілген, оның ішінде оталар саны – 18 693. Орташа айлық жалақы дәрігерлер – 563 100 теңге, орта медициналық қызметкерлері – 272 930 теңге, педагогтар және басқалар – 177 570 құрап отыр.
— Дұрыс айтасыз, Асхан Мархабайұлы. Біздің өңір халқы ең тығыз орналасқан аймаққа жатады. Ол туралы денсаулық сақтау министрі де айрықша атап өтті. Сіздің жоғарыдағы мәліметтеріңізден тұрғындар саны, медициналық мекемелер, денсаулық сақтау қызметкерлерінің штаттық кестесі туралы толық ақпарат алдық. Енді Түркістан облысындағы медико-демографиялық көрсеткіштерге тоқталып өтсеңіз?
-Түркістан облысындағы медико-демографиялық көрсеткіштер бойынша шолу жасар болсақ:
-Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда – 0,8 (2023 ж. 3 ай – 0,8) құрады;
-Ана өлім-жітімі 100 мың тірі туылғандарға шаққанда – 15,9 (2023 ж. 3 ай – 7,4) құрап, 2 есе өсіп отыр;
-Нәресте өлім көрсеткіші 1000 тірі туылғандарға шаққанда – 7,7 (2023 ж. 3 ай – 6,7) құрап, 14,9%-ға жоғарылады;
-Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда 19,4 (2023 ж. 3 ай – 20,6) құрап, 5,8%-ға төмендеді, аурушаңдық көрсеткіші 349,4 (2023 ж. 3 ай – 487,9) құрап, 28,4%-ға төмендеді;
-Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда 5,8 (2023 ж. 3 ай – 7,1) құрап, 18,3%-ға төмендесе, аурушаңдық көрсеткіші 16,2 (2023 ж. 3 ай – 13,7) құрап, 18,2%-ға жоғарылады;
-Туберкулезден болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда 0,05 (2023 ж. 3 ай – 0,1) құрап, 50%-ға төмендесе, аурушаңдық көрсеткіші 5,9 (2023 ж. 3 ай – 8,0) құрап, 26,2%-ға жоғарылады.
— Баршаға белгілі, бүгінгі таңда үкімет тарапынан денсаулық саласына зор көңіл бөлініп, келешегі бар үлкен жобалар қолға алынуда. Соның ішінде, Түркістан облысында да ірі медициналық орталықтар құрылысы жоспарланып отыр. Осы мәселеден хабардар етсеңіз.
— Қазіргі таңда Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан негізгі ірі медициналық жобаларға тоқталатын болсақ:
-Түркістан қаласында 570 орындық көпсалалы аурухана құрылысы жүріп жатыр. Жоба бойынша конкурс жүргізіліп, қорытындысында мердігер «Эристайл-Казахстан» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Екі жақты келісімнің шарттары бойынша демеуші тарапынан конкурстың қорытындысымен ақпараттандырылды. Қазіргі уақытта демеуші тарапынан мердігермен келісімшартқа тұру бойынша ресми келісім күтілуде. Аурухана құрылысының құны – 155,3 млрд.теңгені құрап отыр.
-Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында 200 төсек орындық заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы жоспарлануда. Қазіргі таңда, жобалау жұмыстары 70% аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда. Жобаның болжамды құны – 35 млрд. теңге.
-Түркістан қаласында Жоғары мәртебелі шейх Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана құрылысы анықталған. Жобалау сметалық құжаттама аяқталып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған. Мердігерді анықтау бойынша тендер өткізіліп, жеңімпаз болып «Эристайл Казахстан» ЖШС анықталды. Қазіргі уақытта демеуші тарапынан мердігермен келісім шартқа тұру бойынша ресми келісім күтілуде. Жобаның құны – 9,6 млрд.теңгені құрап отыр.
-Сарыағаш қаласында 300 төсек орындық перинаталды орталығы бар медициналық кешен құрылысы жоспарлануда. Қазіргі таңда жобалау сметалық құжаттама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың шілде-тамыз айларына жоспарлануда.
-Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында 200 төсек орындық заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы жоспарлануда. Қазіргі таңда, жобалау сметалық құжаттама жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жоба 2024 жылы шілде айында аяқталады деп күтілуде.
-Түркістан қаласында 200 орындық облыстық көп салалы балалар ауруханасының құрылысы жоспарлануда. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы 190 төсек орындық облыстық балалар ауруханасының жобасы қаралып, ЖСҚ-ға оның қуаттылығын 210 төсек орынға арттыру бойынша өзгерістер енгізілуде. Түркістан қалалық балалар ауруханасы (224 төсек орын) жоғарыда көрсетілген жобаға қосылғанда жалпы 424 төсек орын болады. Қазіргі таңда, жобаның қуаттылығын арттыру бойынша (жалпы 200 орынға) жұмыстар жүргізілуде. Жобаның болжамды құны – 34 млрд.теңгені құрайды.
-Сауран ауданы, Шорнақ ауылында ауысымына 500 келушіге арналған емхана құрылысы жоспарлануда. Қазіргі таңда, емхана құрылысына облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде (жобалау жұмыстары 80% аяқталған). Мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қазан айына жоспарлануда. Жобаның болжамды құны – 6 млрд.теңгені құрап отыр.
Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде 210 орындық аудандық аурухананың құрылысы жоспарда. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес Мақтаарал ауданындағы 150 төсектік аудандық аурухананың жобасы қаралып, қазіргі таңда ЖСҚ қуаттылығын 210 төсек орынға арттыру бойынша өзгерістер енгізіліп, жобаның қуаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың мамыр айына жоспарлануда.
Сонымен қатар, өңірдегі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының (20 — дәрігерлік амбулатория, 23 — фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 — медициналық пункт) құрылысы жоспарланған. Оның ішінде жергілікті атқарушы орган тарапынан 6 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының (1-дәрігерлік амбулатория, 5-ФАП) құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Ұлттық оператор «Turar Helthcare» КеАҚ – пен әзірленген 3 үлгілі нысандар дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттердің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
40 нысанды үлгілі нысандарға байланыстыру бойынша «ҚазҚСҒЗИ» (КазНИИСА) акционерлік қоғамымен Түркістан облысының құрылыс басқармасы арасында келісім шарт түзіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 22 жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, 18 жоба сараптама қарауынан өткізілуде. Жалпы нысандардың болжамды құны — 14,2 млрд.теңгені құрайды.
Жергілікті атқарушы орган тарапынан әзірлеген 6 нысанның жобасында инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтылуы қоса қарастырылған.
43 нысан жобасына инженерлік инфрақұрылыммен қамтылу бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Облыстық бюджетке ұсынылған 25 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаралатын 10% қаржы көлемі 608 049 млн. теңге құрап, осы жобалардың конкурсын жариялау мақсатында әр нысанға 1 млн. теңгеден (25 млн.) қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу порталына конкурсы жарияланды.
37 жобаның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жалпы құны 934 862 млн. теңге құрап, осы жобалардың конкурсын жариялау мақсатында әр нысанға жергілікті бюджеттен 1 млн. теңгеден (37 млн.) қаржы қаралды.
— Ал, енді, облысымыздағы денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы қандай? Өйткені, медициналық емнің тиімділігі тек дәрігерлер біліктілігімен жүзеге аспайтыны белгілі. Заманауи техникалар мен медициналық технологиялармен қамтылуымыз қандай? Сондай-ақ, облыс тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету де өзекті. Бұл мәселе шешімін қалай табуда?
— Материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі бойынша:
Облыс бойынша медициналық техникамен жабдықтау пайызы — 84% құрайды.
2023 жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 10,5 млрд. теңгеге 712 дана оның ішінде ауыр (маңызды) – 32 дана медициналық құрал-жабдықтар және 75 дана IV санаттағы жедел-жәрдем автокөлігі сатып алынды.
2024 жылы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жалпы сипаттағы трасферттер есебінен 6 млрд.теңге қаржы қарастырылды.
2024 жылға жоспар бойынша медициналық ұйымдарда қажет ететін маңызды медициналық техникалар:
-2 дана МРТ аппараты (Сарыағаш, Ордабасы)
-2 дана сационарлық ангиография (Ордабасы және Жетісай)
-1 дана Жасанды қан айналым аппараты (АИК — аппарат искусственного кровообращения) (ОКБ)
-1 дана ЭКМО аппараты (Экстракорпоральная мембранная оксигенация) (ОКБ)
-4 дана УЗИ эксперттік (№1 және №2 облыстық перинаталды орталығы, Шардара, Созақ аудандық орталық ауруханалары)
Сонымен қатар облыс тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Мәселен, 2024 жылға өңірдің медициналық ұйымдар тарапынан республикалық бюджет есебінен 15,9 млрд. теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 атауын сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін «Д» есепте тұратын 129032 науқастар жалпы сомасы 4232826 мың теңгеге қамтамасыз етілді. Соның ішінде 18 жасқа дейінгі 25598 науқас 747528 мың тг. қаражат көлемінде қамтамасыз етілді (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» № ҚР ДСМ-75 бұйрығына сәйкес).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жаңадан пайда болған «Д» есепте тұратын науқастар санының артуына байланысты медициналық ұйымдар тарапынан ТМККК шеңберінде — 2 182 947 мың теңгеге және МӘМС жүйесі бойынша 337 890 мың тг. көлемінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қосымша өтінім жолданды. 2024 жылға орфанды диагноздармен ауыратын 232 науқастарды тегін медициналық кепілдендірілген көмектің шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 4 591 681 мың теңге бөлінді.
— Асхан Мархабайұлы, сіз басқарып отырған сан тараулы денсаулық саласының барлық жүйесін бір сұхбаттың аясында қамтып шығу мүмкін емес. Десек те, қай саланың болсын алтын діңгегі іспетті кадр ресурстары туралы айтпай кету мүмкін емес. Мамандар тапшылығын шешуде қандай қадамдар қолға алынып отыр?Сонымен қатар, өңіріміздегі медицина саласында шешілуге тиіс қандай ұсыныстарды атап өтесіз?
— Ал енді кадрлық ресурстарды дамыту мәселелеріне тоқталып өтейін. Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында жалпы 24681 медицина мамандары қызмет атқарады. Оның 5534 дәрігер, 19147 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Түркістан облысындағы тапшы мамандықтағы дәрігерлерді тарту мақсатында Түркістан облысының жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысына жыл сайын грант бөлінуде.
Айта кетейік, 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 60 грант бөлініп 40 үміткер өтінім білдірген. Қазіргі таңда 37 үміткер медицина саласы бойынша білімін жетілдіруде.
Биылғы жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 139 грант бөлінді.
Қазіргі таңда облыс бойынша дәрігерлер тапшылығы – 386 бірлікті құрап отыр, оның ішінде 125 қала, 120 ауыл. Сонымен қатар, Түркістан қаласында жаңадан салынып жатқан ірі жобалар іске қосылатын болса, алдағы уақытта жаңа жұмыс орындарында тағы да маман тапшылығы туындауы мүмкін.
Кез келген салада мәселелер бары ақиқат. Осы орайда өңірдегі медицина саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып өтсек.
1. Облыстың 402977 азаматы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Сақтандыру мәртебесі жоқ. Аталмыш мәселелерді шешу жолдарына мынадай ұсыныстарымыз бар:
— МӘМС жүйесіне халықты тартуда қала, аудан әкімдіктерінде құрылған штаб жұмысын күшейту;
-Е санаттары үшін Республикалық бюджеттен қаржы қарастыру.
2. Жаңадан ашылатын медициналық нысандар іске қосылғанда туындайтын кадр тапшылығы мәселесі туындамас үшін 2024 жылдың Республика бюджеті есебінен резидентурада оқу бітіретін түлектерді облысымызға тартуға ықпал етуіңізді сұраймын.
3. Соңғы кездері жекеменшік медицина ұйымдарының халықты заңсыз өз мекемелеріне тіркеп жатқан жағдайлар жиілеуде. Мамандармен кеңесе отырып мәселені сараптап, мынадай шешу жолдарын ұсынып отырмыз:
— Пациенттердің мекеме ауыстыру процесін тікелей пациенттің қатысуымен жүзеге асыру қажет. Осыған орай заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін Face ID жүйесін енгізу керек деп ойлаймын.
4. Өңірдегі 61 ауылдық елді мекенде денсаулық сақтау нысандары жаңартуды қажет етеді. Осы орайда аталмыш мәселені шешу жолдарын ұсынып отырмыз:
— Инвестор салған дайын медициналық ғимаратты сатып алу арқылы жүзеге асыру;
— Жекеменшік клиникасы бар медициналық ұйымға елді мекеннің халқын тіркеу арқылы медициналық нысандар салу.
5. Медициналық мекемелердің кредиторлық берешегін шешу жолдарын қарастыруымыз керек:
— Басқарма тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізу;
— Дәрі-дәрмектер бойынша талдау жасау;
— Дәрілік заттарды таңбалауды енгізу;
— Қордағы және алдағы уақыттарға медициналық мақсаттағы бұйымдарды азайту.
6. Жергілікті бюджет есебінен орфанды науқастардың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуі бойынша шешілуі тиіс мәселеге мынадай ұсыныстарымыз бар:
-2024 жылы жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілетін «Дюшен бұлшық ет дистрофиясы» науқасшаңдығымен ауыратын 2 науқас үшін Голодирсен 50 мг/2 мл дәрілік затына жаратылатын сомасы 900 995 мың тг;
-«Дюшен бұлшық ет дисрофиясы» науқасшаңдығымен ауыратын 3 науқас үшін Этиплерсен 100 мг/2 мл, 500 мг/10 мл дәрілік затына — 1830530,0 мың.тг;
-«Помпе ауруы» науқасшаңдығы бойынша 4 науқас үшін Аглюкозидаза альфа 50 мг дәрілік затына – 473210259 мың.тг қаражат жұмсалып, дәрілік заттар сатып алынады.
Айта кетейік, жергілікті бюджет есебінен сатып алынатын өзге де дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларының әлдеқайда қымбат болуына байланысты аталған дәрілік заттарды сатып алу қаражаттың көп бөлігін алуда. Сол себепті, өте қымбат тұратын дәрілік заттар №ҚР ДСМ -75 бұйрығының тізбесіне енгізілсе бұл қаражаттар үнемделіп, басқа мақсатты бағыттарға жұмсалған болар еді. Осыған байланысты, жоғарыда баяндалған дәрілік заттар республикалық бюджет тарапынан сатып алынуына оң ықпал етуін сұрадық.
— Асхан Мархабайұлы, бүгінгі сұхбатымыздан Түркістан халқы денсаулық саласына қатысты өздерін толғандырған біршама сауалдарға толыққанды жауап алды деп ойлаймыз. Көпшіліктің көкейіндегі қаншама мәселені ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына ұсындыңыздар. Бұл да көңілге үлкен демеу. Сондықтан да, бүгінгі сұхбатыңызға алғыс айта отырып, осы мәселелердің оң шешілуіне тілектестік білдіреміз. Халық денсаулығы жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Сұхбаттасқан:
Роза НАРЫМБЕТОВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы