“Цифрлы Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру және автоматтандыру жүйесі қарастырылған. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызмет деңгейінің жоғарлауына әсер етеді. Осы бағытта денсаулық сақтау министрлігі белсенді әрі жоспарлы жұмыс атқаруда. ҚР Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметі алаңында аталған жаңа жүйелердің артықшылығын түсіндірді. Министр ең алдымен цифрландырудың медициналық қызметтің сапасын арттыруға және жұртты дәрі-дәрмекпен қамтуға әсері жайлы айтты.
Бүгінгі таңда электронды денсаулық төлқұжатына көшу, науқастардың дәрігер кеңесіне онлайн-жазылу, рецептті онлайн түрде алу сияқты бағыттарда жұмыстар атқарылуда. Осының нәтижесінде науқастар ақшасы мен уақытын үнемдесе, медициналық ұйымдардың шығыны азая түскен.
Цифрландыру денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын оңтайландыруға көп көмегін тигізеді. Бүгінде цифрландырудың арқасында медициналық қағаз құжаттарды сатып алуға кететін шығын 315,4 миллион теңгеге үнемделген. Флюорография, рентген, маммографияға пайдаланылатын материалдарға жұмсалатын қаражат 224,7 млн теңге қысқарды. Электронды жүйе арқылы тіркелудің нәтижесінде емханаға келушілердің саны 8%, кезекте тұрушылардың саны 30%-ға азайған. Сондай-ақ пациенттердің қызмет алу уақыты 50%-ға қысқарса, электронды жүйелердің арқасында зертханалық зерттеулердің қорытындысын алу мерзімі 1,7 есеге азайды.
Қызметтерді автоматтандыру нәтижесінде медициналық мекемелер қағазбастылықтан айырылып, медициналық құжаттардың саны 281-ден 154-ке дейін азая түсті.
Министерліктің маңызды жобасының бірі – пациенттерге жеке медициналық жазбаларды электронды форматта беру. Осыған байланысты бүгінгі таңда eGov порталының барлық қолданушыларына “eGov порталында дербес медициналық жазбалар ұсыну” қызметі қолжетімді.
Бұл жүйеде мына медициналық деректер қамтылған:
– емханаға бекіту;
– учаскелік дәрігер;
– диспансерлік есепке алу;
– рецептер;
– жоспарлы емдеуге жатқызу;
– емдеуге жатқызу.
Мұнымен қатар, жаңа технологиялар қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласына да енгізілуде. ТМККК шеңберінде тегін дәрілік заттар (ДЗ) туралы SMS-хабарлама іске қосылып, осының арқасында дәрі-дәрмекті жазу барысында сыбайлас жемқорлықтықтың алдын алу мүмкіндігі пайда болды. Бүгінде 1 миллион 57 мың 469 адамға тегін дәрілік заттар туралы SMS-хабарлама жіберілген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулық сақтаудағы цифрлық технологиялардың жалпыеуропалық зерттеулерінің нәтижелерін қорытындылай келе, денсаулық сақтауды цифрландыру ресурстардың шектеулілігі жағдайында денсаулық сақтау қызметтерінің спектрін кеңейтуге, медициналық көмек пен медициналық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыруға, инновацияларды ынталандыруға және тиімділіктің өсуіне мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, телемедицина және теле денсаулық сақтау жүйелерін қолдану кезінде консультациялық көмекті қашықтықтан көрсету мақсатында да, сондай-ақ созылмалы жай-күйді мониторингтеу кезінде де қол жеткізуге болады және медициналық қызметкерлерге диагноз қоюға және емдеуге көмектесетін сараптамалық жүйелер мен жасанды интеллект медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыра алады. Дәрілік заттарды қадағалау және пациентпен кері байланыс жүйелері препараттарды, әсіресе шығыны жоғары препараттарды неғұрлым ұтымды пайдалануға ықпал етуі мүмкін. Сондай-ақ жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіруді, ауру мен өлімді болжауды қоса алғанда, қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын шешуге ықпал ете алады. Аз уақыттың ішінде елімізде медицина саласындағы мұндай өзгерістердің болуы қуантарлық жағдай. Бұл жаңашылдық, науқастарымыздың сауаттылығының жоғарылауына, медицина қызметкерлері мен науқас арасындағы қарым-қатынас деңгейінің артуына үлес қосады. Егер бұрын дәрігерлер науқасты қабылдаған кезде уақытының көп бөлігін қағаз толтыруға жұмсаса, енді жаңа технологиялар арқылы науқасқа жұмсайтын болады. Осыған дейін жасалған жұмыстың барлығы тек жаңа дең¬гейге өту үшін жасалған бастама. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет. Қазіргі жағдайда шалғай ауылдық жерлерде интернеттің қолжетімділігі, құны мен сапасы, компьютерлік техниканың жақсы болуын қамтитын инфрақұрылымдық проблемалар бар. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарын компьютерлік техникамен жабдықтау бойынша жүргізілген жұмыстарға қарамастан, көптеген ұйымдарда компьютерлердің моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген модельдері пайдаланылуда, сондай-ақ егде жастағы дәрігерлер үшін медициналық мәліметтерді электронды түрде жүргізуге көшу өзіндік бір проблема тудырып отыр. Ал денсаулық сақтауды цифрландыру медицина саласындағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру электронды денсаулық сақтауды дамытуды және қағазсыз жұмыс процесіне көшуді талап етеді. Денсаулық сақтауды цифрландыру медицина қызметкерлері мен медперсонал жұмысын қалай және қаншалық жеңілдетеді? Тиісті деңгейде іске асырылған жағдайда цифрлық құралдар медициналық көмек көрсетудің әр кезеңі мен деңгейінде күнделікті клиникалық практикада қолдануды қамтамасыз ете алады:
профилактикалық және жоспарлы медициналық қызметтерді жоспарлауды жеңілдетеді; • жасанды зерденің көмегімен цифрлық медициналық кескіндер (рентген, УДЗ, КТ, МРТ) бойынша диагноз қоюды жеделдетіп жеңілдетеді;
жоспарлы немесе жоспардан тыс медициналық қызмет көрсету қажет болған жағдайда сол жағдай немесе пациент туралы хабарламалар мен ескертулер алу;
пациентті қайта бағыттау үшін бос ресурстардың (препараттар, медициналық бұйымдар, техника, қызметтер, төсек-орын) болуы туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізу;
Ауылдық жерлерде зерттеу нәтижелерін цифрлық форматта орындай алмайтын немесе заманауи компьютерлік техникамен пайдалану мүмкін емес яғни ескірген технологияларды пайдаланатын медициналық техника көп. Денсаулық сақтауды цифрландыру — бұл медициналық көмектің қолжетімділігін, тиімділігін, сапасын және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған денсаулық сақтаудың медициналық және әкімшілік-басқару процестерін өзгертуге арналған цифрлық технологияларды пайдалану.Пандемияның әсері денсаулық сақтау саласына да түзетулерін енгізді. Коронавирус індетінің таралуына неғұрлым қарсы тұру үшін емханалар арнайы технология, бейнекамера, микрофон сияқты жабдық¬тар¬ды орнатып, науқастармен онлайн байланыс жасауға бейімделді. Сондай-ақ кейбір жекеменшік емханаларда пациенттер медициналық сараптаманың нәтижесін телефонға sms арқылы немесе электронды пошта арқылы алады. Бұл да цифрлан¬дырудың белгілері. Электронды денсаулық сақтау сертификаттарын енгізу, интернетте азамат-тардың денсаулығы жайлы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі кейінгі жылдары тіпті көкейкесті болып кетті. Осыған орай барлық медициналық ұйымдардың қағазсыз жұмыс формасына өту маңыздылығы артты. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласын цифрландыруды жетілдіріле түскен¬де, бұл жаңашылдық басқа өңірлерге де жететіні анық. Сондай-ақ респуб¬ликаның денсаулық сақтау саласын цифрландыруды неғұрлым жетілдіре түскен сайын індетке қарсы күрес те соғұрлым нәтижелі бола түсетіні сөзсіз.