КЕРЕК ДЕРЕК: БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІПТІ ЗАТТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!


Үйде балаларға қауіп төнбейді деп ойлау қателік. Сондықтан Сауран ауданы тұрғындарының назарына балаға қауіп әкелетін заттар тізбегін ұсынамыз.
1. Сынап
Бала оны қайдан таба алады? — деп ойлауыңыз мүмкін. Балалар стоматологиясында кеңінен қолданылатын күміс пломбалар сынаптан жасалған. Осы өте улы пломбалар тікелей баланың аузына орналастырылады. Үнемі сынап буымен дем алған нәресте әрине уланады, бұл неврологиялық зақымдардың себебі болуы мүмкін.
2. Хот-догтар
Оларды сапасы нашар еттен жасайды, оның құрамында «натрий нитраты» деп аталатын канцерогенді химиялық зат бар. Ол балалардың ми ісіктерін, лейкозды, ұйқы безінің, тоқ ішектің және басқа мүшелердің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін. Хот-догтар қорғасын бояуларынан да әлдеқайда қауіпті, алайда ата-аналар өз балаларына оны сатып әперуді жалғастып келеді.
3. Спорттық сусындар
Қандай да бір себептермен ата-аналар спорттық сусындарды пайдалы деп санайды. Мүмкін, олардың атауында «спорттық» деген сөз бар болғандықтан шығар бәлкім. Олар неонды жасыл жасанды бояуды байқамайды ма екен? Меніңше, спорттық сусындар — бұл бір әзіл сияқты. Олар тұзды судан, өңделген тәттілендіргіштерден және мұнай-химиялық бояғыштардан тұрады, және бұл ингредиенттердің көпшілігі зиянды. Балаларға кәдімгі ауыз су мен құрамында пайдалы микроэлементтері бар тағамдарды беру әлдеқайда ақылға қонымды дер едім. Балада калий жетіспейді ме? Онда бананды көбірек беріңіз.
4. Күннен қорғайтын крем
Күннен қорғайтын крем өндірісі — бұл үлкен алаяқтық. Күннен қорғайтын қасиеттері бар ең танымал өнімдер құрамында көптеген химиялық заттар болғандықтан терінің қатерлі ісігін тудырады. Олар тез сіңіріледі және ДНҚ мутацияларын тудырады, ал ол қатерлі ісікке әкеледі.
5. Судағы фтор
Құбыр суларында кездесетін фтор — әлемдегі ең қауіпті улы заттардың бірі. Сумен бірге ол балалар мен сәбилердің денесіне енеді. Мұның бәрі оның органиміне пайдалы деп түсіндіріледі. Бірақ фтордың тек жергілікті қолданған кезде ғана көмектесетінін барлығы ұмытып кеткен бе? Яғни тістеріңіз күшті болуы үшін оны ішуге болмайды, онымен тісті ысқылау керек. Бұл дегеніміз күн сәулесінен қорғану үшін күннен қорғайтын кремді денеге жағу емес, жеу керек дегенмен бірдей. Сонымен қатар, әр түрлі табиғи көздерден балалардың денесіне енетіні фтор мүлдем ескерілмейді. Суды жаппай фторлаудан асып түскен медициналық тиранияның жарқын мысалын табу қиын.
6. Кір жууға арналған химиялық заттар
Ата-аналарға теледидардан кір жуғыш ұнтақтың балалар киіміндегі барлық дақтарды қалай тазартатыны туралы сәнді жарнама көрсетілді. Бірақ бұл жарнамаларда осы ұнтақтардың уыттылығы туралы бірде бір сөз жоқ. Тіпті олардың иісі канцерогенді болып саналады және оларды қолдану балаларға да, қоршаған ортаға да зиянды.
7. Тез тамақтану
Бұл тамақ балаларға өте зиянды. Ондағы өнімдер гемогенделген, гидрогенделген немесе басқа да бір жолмен өзгертілгендіктен ғана емес, олардың құрамында химиялық қоспалар, дәмді жақсартқыштар, өңделген қант, тағамдық бояғыштар және басқа да зиянды заттар бар. Бір қызығы, көптеген ата-аналар балаларын жақсы мінез-құлқы үшін марапаттағысы келіп, оларды тез тамақтануға апарады. Осылайша, балалар жақсы сезімдер мен пайдасыз тамақ арасында психологиялық байланыс пайда болады.
8. Отқа төзімді химиялық заттар
Қазіргі нәрестелер мен балаларға арналған матрацтар өте улы химиялық отқа төзімді заттармен бүркілетінін білесіз бе? Олар балалардың терісіне оңай сіңеді және көптеген неврологиялық бұзылуларға және иммунитетті басуға әкеледі. Киімдерге, көбінесе кілемдерге де антипириндер себіледі.
9. Газды сусындар
Қант диабеті мен семіздікті тудырумен қатар, газдалған сусындарда көп мөлшерде фосфор қышқылы бар. Бұл зат сүйек тығыздығының жоғалуына әкеледі. Бұл тістің бұзылуына және қаңқаның сынғыштығына әкеледі. Диеталық газдалған сусындар одан да жаман, өйткені олардың құрамында химиялық тәттілендіргіштер бар, олардың әсерін көбінесе неврологиялық бұзылулармен байланыстырады.
10. Ауаны тазартатын құралдар
Олардың құрамында канцерогенді химиялық заттар бар. Сондықтан оларды үйде қолдану — астма және басқа тыныс алу ауруларына әкеліп соғады. Егер сіз балаларыңыздың денсаулығын бағалайтын болсаңыз, тазартқыштардың орнына эфир майларын немесе цитрус қабығын қолданыңыз.
Бөгде заттар – зақымдалған тері немесе тесіктер арқылы ұлпаларға және қуыстарға кіретін, адам ағзасына қауіп төндіретін заттар. Бөгде заттардың ағзаға енуі балалармен қатар үлкендерде де болады. Әсіресе балаларға бөгде заттар мұрын, құлақ, тыныс алу жолдары, ас қорыту жолы және жыныс мүшелері арқылы енеді.
Балалар табиғатынан әр нәрсеге әуес, сол себепті олар жылтырақ заттарды, тиындар мен таблетка түріндегі батареяларды, ілгектерді, кішігірім заттардың барлығын ауызға салуға құмар. Осылар сияқты бөгде заттар мұрын және құлаққа да кіруі мүмкін, байқаусызда жұтылып кеткен бөгде зат асқазан мен ішекке түсіп, тамаққа тұрып, дем тарылады.
Бөгде заттардың қауіптілігі неде? Бөгде заттардың бір тобы ағзада жай ғана қала берсе, өзгелері денені тітіркендіріп және химиялық реакция бере бастайды. Олар дем алуды, ас қорыту жұмысын нашарлатады. Бөгде заттардың кейбірі улы болуы да ықтимал. Мысалы, тісшұқығыш ас қорыту жолынан өтіп, асқазанға оңай түсуі мүмкін, бірақ оның тікелей ішікке қыстырылып қалу қаупі жоғары. Ал, магниттер мен батарейкалар шырышты қабықты некрозға (ұлпалардың өлуі) дейін жеткізеді. Тыныс алу және ас қорыту жолына, мұрын мен құлаққа түскен бөгде заттардан ағзаның ауруға шалдығуы заттардың көлеміне, құрамына, орналасқан орны мен қозғалысына байланысты. Бөгде заттар былайша бөлінеді: органикалық емес(тастар, ұсақ моншақтар, маржан тастар, мақта, әйнек сынықтары, пластмасса бөліктері), металдық (тиындар, бұрама шегелер, метал құрауыш бөліктері, инелер, шегелер, метал бөліктері), органикалық (әртүрлі өсімдік дәндері, бұршақ дәндері, көкөніс пен жеміс бөліктері, тұқымдар, тағамға пайдаланатын азық-түліктер), тірі (шыбын-шіркей, құрттар, сүлік, жыланқұрт).
Мұрындағы бөгде зат. Балалар ойнап отырып өзінің немесе өзгенің мұрнына қандай да бір затты тығып жіберуі мүмкін. Әдетте ол заттар төменгі мұрын жолында болады. Бөгде заттар тамақ ішу уақытында шашалу немесе құсуға әкеліп соғады. Жұмсақ заттар ұзақ уақыт мұрында бола тұрып, ешқандай білінбеуі ықтимал. Бірақ олар жиі рефлекторлық түшкіру, ауырсыну, мұрынның біржақты бітелуі және бөгде зат кірген мұрын бөлігінен сұйықтық бөлінуінен байқалады. Қатты және шоқиған жақтары бар заттар (мозаика, қаламсап бөліктері және констуктор құрауыштары) мұрынның ішкі бөліктерін зақымдап қана қоймай, мұрынның қанауына алып келеді. Кейбір жағдайларда терең тыныстаған кезде немесе ата-аналар өз бетінше бөгде затты алуға тырысқанда ол жылжып жұтқыншақ, не көмейге түсіп кетеді. Сол кезде үздіксіз жөтел және демігу басталады. Бөгде затты жоюға анамнез мәліметтері, отоларингологиялық тексеріс және риноскопия, компьютерлік томография және рентгенография қорытындысы көмектеседі. Бөгде затты емдеу ертедегі үрлеу жолымен, эндоскопиялық немесе хирургиялық жоюмен жүзеге асырылады. Сондықтан өз бетімен бөгде затты жоюға болмайды. Бұл мұрынның шырышты қабықшасының және мұрын қуысының зақымдануына, демнің тоқтап қалуына әсер етіп, баланың өміріне қауіп төндіреді.
Тыныс алу жолдарындағы бөгде зат. Тыныс алу жолындағы бөгде заттар балаларда ерте жастан кездеседі. Оларда қорғаныштық рефлекс дұрыс дамымағандықтан жұтқыншақтағы булығу және рефлекторлық жөтеліне алып келеді. Тыныс алу жолына бөгде заттардың түсіп кетуі тамақтану кезінде болады, оған күлу, сөйлеу, жылау, аяқ астынан шошыну, жөтел, сондай-ақ балалардың түрлі заттарды ауызға салуы себеп болады. Бөгде заттар алдымен жұтқыншаққа, сосын кеңірдекке, одан соң болған оқиғалардың 80% кездескендей оң жақ бронхқа түседі. Ірі бөгде заттар негізгі бронхтарда жиналады, ал кішкентайлары кішігірім бронхаларға барады. Үрейленудің белгілері: денің сау бола тұрып қатты жөтелу. Баланың тынысы тарыла бастайды, ысылдаған жөтел пайда болады, қарлығады, даусын жоғалтып алады (бөгде зат дауыс сүзегінде орналасса), беттің қызаруы, естен тану болады. Ересек балалар бөгде затты ауырсыну және жұтыну кезінде байқайды. Жұтқыншаққа бөгде зат кіріп кеткен балалардың барлығының денсаулығы ауыр жағдайда болады.
Құлақтағы бөгде зат. Ұсақ заттармен ойнап отырып құлағына тығып жіберу кішкентай балаларда жиі кездеседі. Қатты заттар кірген кезде ауыру мен құлақтан қан кету байқалады. Бөгде заттар есту жолын жауып тастаған кезде құлақта шу пайда болады, есту қабілеті төмендейді, бас айналады. Тірі бөгде заттар кірген кезде қатты ауыру мен шу жиілейді. Диагноз анамнез бен отоскопия негізінде қойылады. Жағдайы қиын науқасты оториноларингологиялық бөлімге жіберіп, бөгде затты хирургиялық жолмен немесе емдеу арқылы жояды. Ешқашан, қандай жағдай болмасын бөгде затты құлақтан түйреуішпен, инемен, шырпымен алуға тырыспау керек!
Асқазан-ішек жолдарындағы бөгде зат. Кішкентай балалар қандай болса да кішкене затты жұтып қоюға бейім. Сирек те болса кейбір үлкен бөгде заттар ішек жолдарына қиындықсыз түсіп, бірнеше күннен кейін дәретке отыру арқылы шығады. Бөгде заттың асқазанда немесе ішек жолдарында берік орнығуы іштің ауыруына, құсуға, тәбеттің төмендеуіне, дене қызуының көтерілуіне және асқазан немесе ішектің зақымдануына, қанауға алып келеді. Ішектердің түйіліп қалуы, тарылуы болуы мүмкін.Үшкір бөгде заттар кесірінен асқазан немесе ішектің қабаттарында тесік пайда болып, қарынның көк етінің қабынуына алып келуі ықтимал. Ағзадағы бөгде зат асқазан-ішек жолдарын эндоскопиялық зерттеу нәтижесінде анықталады.
Бала бөгде затты жұтып қойған немесе ішке деммен тартып алған кезде не істеу керек? Кез келген бөгде затты жоюға болады. Асқынулар болатындығын ескере отырып, бөгде заты бар баланы шұғыл түрде жедел-жәрдем бригадасымен стационарға және дәрігерлердің қарауына жеткізу керек. Өз еркіңмен бөгде затты жылжыту немесе жою орны толмас зиянға әкеліп соғуы бек мүмкін.
Есте сақтап жүруге тиісті қарапайым ережелер. Ата-аналар әрбір баланың жасына сай арнайы ойыны болатынын ескеруі қажет. Сондықтан ойын немесе ойыншық сатып алған кезде қай жастағы балаға арналғандығы туралы кепілдемесін оқыңыз. 5 жасқа дейінгі балаларға тез босатып алуға болатын ұсақ бөліктерден тұратын, оның ішінде мозаика, кішкене көлемді құрастырғыштар сияқты ойындарды; батарейкалары мен магниттері бар заттарды; әшекейлер(алқа, бисер, моншақ), инелер, ілгектер немесе құрылыс заттары(шеге, бұрама шеге, бұрандама) бар қобдишаны берудің қажеті жоқ. Бұл жармасы(бұршақ, атбасбұршақ т.б.) бар кішкене шкафтарға да қатысты. Жоғары сынып оқушыларының қол сөмкесіне баланы жолатпаңыз, онда түйреуіш, жапсырма шеге сияқты қауіпті заттар болуы мүмкін. Ойын кезінде немесе сөйлегенде баланың аузында мұз кәмпиті не сағыз болмауы керек. Бөгде заттардың асқазан-ішек және тыныс алу жолдарына түсуінен сақтану асқорытуды(асықпай тамақтану, дұрыс шайнау т.б.) дұрыс жүзеге асыруға байланысты.Тамақтану кезінде бала алаңдамауы керек, күлкіні, сөйлеуді, еркелікті тыйыңыз. Егер бала жаңғақ және сүйегі бар жемістер жегенде оны қараусыз қалдырмаңыз немесе оларды тазалап беріңіз. Жасы кішкентай балаларға мұқият болыңыз, дәл сол жастарда олар ауыру мен өліммен аяқталатын жағдайларға жиі ұшырайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы