КЕРЕК КЕҢЕС: ӨКПЕГЕ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР ҚАНДАЙ?


Аяқтың төменгі жағының ісінуі өкпе проблемаларының белгісі екендігін бұрын-соңды білген ба едіңіз? Бүгінгі санымызда Сауран ауданының тұрғындарына дәл осы тақырыпты толығырақ тарқататын боламыз. Төмендегі танымдық ақпаратта Сауран ауданындағы дәрігерлердің кеңестерін ұсынып отырмыз.
Бұл белгілер нені білдіреді
Тыныс алудың қиындауы, ентігу, кеуде қуысының қысылуы – өкпенің өз міндетін орындай алмай жатқандығының белгісі. Бірақ тыныс алудың ауыр проблемаларын білдіретін көпке белгісіз белгілер де бар. Оларды жіберіп алмаңыз!
Ешқашан өздігіңізден ем-шара қолданбаңыз! Есіңізде болсын: тек дәрігер диагноз қойып, ем тағайындай алады.
1. Аяқтағы ісіну, ауырсыну мен әлсіздік
«Өкпе мен аяқты қалай байланыстыруға болады?» деп ойлап отырған боларсыздар. Бірақ факт мынада: бір немесе екі аяқтың ауырсынуы, ісінуі, әлсіздігі немесе ұюы терең тамыр тромбозының көрінісі болуы мүмкін, жағдайдың қолайсыз дамуымен қан тамыр жарылып, өкпеге еніп, «өкпе эмболиясын» тудырады. Егер аяқта айтулы белгілерді байқасаңыз, әсіресе олар ентігумен, кеудедегі ауырсынумен немесе тыныс алудың қиындауымен бірге туындаса, шұғыл түрде дәрігерге қаралыңыз!
2. Тыныс алудың қиындауы
Күйзеліс, тұмау және жоғарғы тыныс жолдарының вирустық аурулары тыныс алудың қиындауымен бірге жүреді. Алайда бұл жағдай ұзақ уақыт бойы созылса (екі аптадан астам), сондай-ақ жоғары немесе төмен температурамен көрініс берсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз: салдарынан дерт өкпеге өтіп, пневмонияға әкеліп соғуы ықтимал.
3. Баспалдақпен көтерілу қиынға соғады
Екінші немесе үшінші қабатқа көтерілуіңіз керек, бірақ баспалдақпен көтерілгеннен гөрі лифтімен шығуды жөн санайсыз ба? Мәселе шаршау немесе жалқаулыққа келіп тірелмей, қысқа жүктемелерден де «тыныс алу» қиындаса, дереу дәрігермен кеңесіңіз. Ешқандай себепсіз ентігу COӨА-ның (созылмалы обструктивті өкпе ауруы) жиі кездесетін көрінісі болып табылады, ол – әлемдегі өлімге әкелетін аурулардың бірі. Ентігу – аса ауыр симптом, оны еш уақытта елеусіз қалдырмаңыз!
4. Терең дем алудың қиындауы
Демікпе кез келген жаста көрініс беруі мүмкін әрі оның пайда болуына түрткі болатын себептерге созылмалы синусит пен басқа да вирустық аурулар жатады. Дәрігерлер атап өткендей, көптеген ересек науқастар маманға барар алдында өмірлеріне қауіп төндіретін демікпенің белгілері бар екендігінен мүлдем бейхабар болады.
Егер кеудеңіздегі ысқырықты байқасаңыз немесе терең тыныс алуда қиындықтар туындап жатса, мүмкіндігінше, тезірек ақ халаттылардың көмегіне жүгініңіз, қандай жағдай болмасын, оны бақылауда ұстаған дұрыс!
5. Дауыстың өзгеруі
Бұл – аса маңызды симптом, сондай-ақ жақындарыңыздың бірі дауысыңыздың өзгеше естіле бастағандығын байқаса, денсаулығыңызға міндетті түрде көңіл бөлуіңіз қажет. Әлбетте, себеп бір-екі апта аралығында жазылатын суық тию немесе дауыстың қарлығуы да болуы мүмкін. Дейтұрғанмен, дауыстың қарлығуы ұзақ уақыт көлемінде жалғаса берсе, дәрігермен кеңесу керек. Себебі, бұл COӨА-ның (созылмалы обструктивті өкпе ауруы) белгісі болуы бек мүмкін.
6. Иық аймағындағы ауырсыну
Бір қарағанда өкпеге ешқандай қатысы жоқ, бірақ оны елеусіз қалдыруға болмайтын тағы бір симптом. Өкпеде дамитын ісіктердің кейбір түрлері иықтың жанында орналасқан нервтерге әсер етуі әбден мүмкін. Сондықтан бұлшық еттеріңізді жарақаттап немесе қыспаған болсаңыз, сондай-ақ омыртқаңызда еш мәселе болмаған күнде де иығыңыз ауырып, мазаласа, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге барыңыз.
7. Тырнақ түсінің өзгеруі
Тырнақтың қараюы немесе көкшіл реңктің пайда болуы дабыл қағуға негіз болмақ. COӨА-дан тіндерге жеткілікті қан түспей, еріндерде, тырнақтарда, тіпті теріде де көкшіл реңк пайда болуына әкеліп соғады. Уақыт жоғалтпай, маман көмегіне жүгініңіз!
8. Салмақ жоғалту
Еш себепсіз салмақ жоғалту дәрігер көмегіне жүгінуді талап етеді. Себебі, бұл – қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің кең таралған белгісі, сонымен қатар COӨА-ның көрінісі болуы мүмкін. Артық салмақтан арылуға ешбір әдіс қолданбаған болсаңыз, тамақтану режимі мен өмір салтыңызды өзгертпесеңіз, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге көрініңіз!
9. Кеуде тұсындағы ауырсыну
Кеудедегі, қолтықтағы, буындардағы, бұлшықеттердегі, иық аймағындағы, тіпті жақ сүйегіндегі ауырсынудың бәрі дерлік – фиброз немесе пневмониядан бастап қатерлі ісікке дейінгі әртүрлі өкпе ауруларының белгісі екендігінен хабар береді. Дәл осы белгілер байқалса, сондай-ақ ауырсынулар бірнеше күн аралығында жазылмаса, дәрігерге хабарласыңыз!
10. «Ысқырықты» дем алу
Таңғы уақытта ысқырық пен сырыл үдей түссе, сақ болған жөн, өйткені ол созылмалы обструктивті өкпе ауруы немесе демікпенің ерте белгісі болуы мүмкін. Сол себепті маманға ертерек жүгінген дұрыс шешім.
Құсу, лоқсу
Белгілері: ауыз арқылы асқазанның ішіндегісі еріксіз шығады. Сенің әрекетің: — Лоқсу басылғанға дейін қатты тамақ берме. Лоқсығанына қармастан, құсу көпке дейін тоқтамаса да көбірек сұйықтық бер. — Егер құсқан кезде бас қатты ауыратын болса, немесе іш ауырса, егер құсық массасы қан араласқан болса немесе қара, қоңыр кофе қоюлығына ұқсаса, жылдам «103 жедел жәрдемін» шақыр!
Машинаны айдап келу үшін жүргізушіге қоңырау шалдық; одан әрі қарай машинамн кетуді шештік. Әсет жеңілдеп қалды, ол соққан самалмен бірге қайтадан шиқылдап дауыс шығара бастады. Міне ормандардың жұрнақтары. Ғажайып көрініспен иілген ағаштар пейзажға әлдеқандай бір қиял-ғажайып түр беріп тұр. Жүктерімізді түсірдік, алдымен ыстық өтудің қатал сынына тап болған Әсетті шатырға қалдырамыз. Әр жерде жаппалар мен шатырлар тігілген. Балықшылар өздерінің ауларымен жағада қатып қалған. Жүзімді шығара беріп едім … ара! Бұл қайдан шықты? Ой қалай ауыртады…
Араның, сонаның, есек араның шағуы
Сенің әрекетің: — Егер шаққан жерде бізі қалса, оны қысқышпен байқап алып таста (ара бізін қалдырмайды). — Жараға жартылай спиртті компресс немесе бал шелпегін қой (бақбақ гүлі сабағының «сүтін» қолдануға болады). — Димидорл, пипольфен немесе супростин дәрмектерін ішкіз.
Аллергиялық естен тану дамыған кезде
Белгілері: күре тамыр қысымы күрт түседі, демігу, жүрек айналасының және іштің ауруы, естен тану. Есіңде болсын! Ауру жағдайында аллерген организмге енгеннен кейін 1-2 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін.
Сенің әрекетің: сырқатты шалқасынан оның аяғы басынан биік болатындай етіп жатқыз. Тар кимідерінің түймелерін ағыт. Таза ауаның кіруін қамтамасыз ет.
Есіңде болсын! Егер сырқат естен танып қалса, оған ешқандай дәрі — дәрмек беруге немесе аузына су құюға болмайды.
Тыныс алуы бұзылып, жүрек қызметі тоқтаған кезде «ауызға — ауыз» әдісімен жасанды дем алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау қажет. «103 — жедел жәрдмін» шақыр.
Шағып алды. Балалар айналаны тамашалу үшін жүруге дайындалып жатыр. Мен ауырсына отырып «шаруашылықта» қалдым. Жақын жердегі шатырдан бір ер адам танысуға келді. Мені ара шағып алғанын естігеннен кейін, бұл жерде — бұдан да қауіпті жағдайлар болатынын ескертті. Бұл жерде жыландар, кенелер және шаяндар бар көрінеді. Балаларға абай болу керектігін ескертіп жатырмын. Тағы бір қырсыққа тап болсақ не істеу керектігін ойланудамын; қайдағы бір жабысқақ бірдеңе шағып алуы мүмкін ғой.
Кененің шағуы
Белгілері: қал сияқты қара дақ. Шаққан жері білінбейді, ауырмайды (немесе қызыл көпіршік, — қанды сорған кене). Сенің әрекетің: кенемен терінің төңірегіне сұйық май тамызып, сәлден соң оны қысқыштың ұшымен теріден баяу қозғалыспен алып таста. Егер қысқыш жоқ болса, кененің басы терімен түйіскен жерге жай жіп ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады. Шыққан жерін йодтың ерітіндісімен, зеленке немесе спиртпен сүрт. Теріні тілуге және күйдіруге болмайды. Қалаға келгеннен кейін емханаға қарал.
Жыланның шағуы
Сенің әрекетің: — Кешіктірмей аузыңмен уды сорып таста. Егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет 10-15 минут бойы жүргізіледі. — Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қой. — Қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қой. — Аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып таста. — Зардап шегушіге сусынды көп ішкіз (шай, минерал немесе жай су). -Ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкіз. — Зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткіз.
Назар аудар! Шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды!
Бүйінің шағуы
Сенің әрекетің: — Шаққан жерді сабынмен жу, суық зат қой. — Ауруды басатын кез-келген дәрілер таблеткасын ішкіз. — Сұйықтықты көп ішкіз.
Балалар көп әсер алып қайтты. Әсіресе оларды таңдандырған өзеннің шоңғалдары мен құздар. Бақытқа қарай оларды ештеңе шақпады, бірақ… қызым көзін уқалайды. Не болды? Өзеннің жағасында бір бұтаққа соқтығысып қалдық. Бұл не деген сәтсіз күн!
Көздің жарақаттануы
Белгілері: көз жабылады немесе жыпылықтайды, ісінеді, қызарады, қатты ауырады. Сенің әрекетің: -Көзді немесе қабағын жаралап алған кезде көзді таза жұмсақ матамен жауып, таңғышпен қатты тартпай байлап қой. Келесі көзді де жауып қой. — Көз төңірегін ұрып алған кезде зақымдалған көзге суық компресс бас. — Көзге күйдіретін химиялық зат түскен кезде оны сумен ұзақ шаяды, ол үшін басты еңкейтіп, саусақтармен қабақтарды ашады. Көзге қышқыл түскенде 10 мин бойы ағынды сумен шаяды, сілтілер түскенде — 15 минут, белгісіз химиялық зат түскенде — 20 минут. — Көзге бөгде заттар түскенде өзбетіңмен көздің алмасына немесе мөлдір қабақтың төңірегіне түскен кішкентай затты алуға әрекеттенбе. Бұл жағдайда екі көзді де таңып таста. — Бөгде зат көздің ағына немесе қабақтың ішкі жағына түскен кезде мынадай амал жаса: көздің ағынан немесе қабақтың үстінен ылғалданған бет орамалдың ұшымен іліп ал. Егер сізге ештеңе көрінбесе, кірпікпен жоғары қабақты төменгі қабаққа қарай соз. Бұл түскен затты орнынан қозғайды. Әрекетің сәтсіз шықса жоғарғы қабақтың кірпігін алып оны созыңыз. Оған сіріңкенің талшығын қойып оған қабақты ораңыз. Содан кейін көрінген затты жоғарыда көрсетілген әдіспен алыңыз. Егер әрекет тағы сәтсіз болса — тұратын мекендегі окулистке қарал. Осы жағдайлардың барлығында «103 — жедел жәрдмін» шақырыңыз.
Әйелім ұсталған балықпен оралды. Оншалықты кішілеу балық. Бұл жез балық. Өте дәмді «патша балық». Ендеше, балық сорпасы болады! Және, тағы бір жағымсыз жағдай болатын сияқты. Ол құлағына әлдебір шіркейдің кіргеніне шағым айтады.
Шыбын-шыркейдің құлаққа кіруі
Сенің әрекетің: Құлаққа жылы суды ол сыртына ағып шығатындай қылып құю керек. Бұл кезде сақтықпен құлақтың сырғалығын артқа қарай және жоғары тарт. Келесі әдіс: Егер бұл үйде болған болса: Ваннаға құлақтарың су астында болатындай қылып жату керек.
Құлақтағы бөгде заттар
Назар аудар! Құлаққа түскен бөгде заттарды (моншақ, бұршақтың дәні), егер тек олар сыртқы есту жолдарының кіре берісінде орналасса және сіз дабыл жарғақты жарақаттамауға мүлде сенімді болсаңыз ғана алуға тырысыңыз, басқадай жағдайларда өзіңіз шығаруға әрекеттенбеңіз. ЛОР дәрігеріне қаралыңыз.
Есту жолдарындағы қабыну процесстері
— Ауруды жеңілдету үшін әрбір 4 сағатта жасыңа қарай парацетромолдың мөлшерін іш. — Егер құлағыңнан ірің ақпайтын болса, құлағыңа ыстық су құйылып сүлгімен бірнеше қабат оралған жылытқыш қой.
Есіңде болсын! Құлақты мақтамен немесе өзге затпен нығыздауға болмайды! Емханаға қарал.
Оңды аяқталды! Шыбын — шіркейді шығарып алдық. Түнге жайғасып жатырмыз. Аз уақыт ішінде кешкі тамақ та дайын болады. Көрші жүгіріп келді, асқазан дәрілерін сұрайды, өйткені баласының іші өтіп ауырып қалыпты. Әйелім алып келген өзге дәрілер де пайдаға асты.
Сенің кеңесің: Аурудың белгілері жойылғанша ауруға тамақ берме. Ең болмағанда әдеттегіден жарты — литр артық тәттісі жоқ сұйықтық ішкіз.
Есіңді болсын! Сүт ішуге болмайды! — 1 литр суытылған қайнаған суға 1 шай қасық тұз және 4 шай қасық қант қос немесе дайын регидрон таблеткасын іш. — Аспирин және ауруды басатын дәрі-дәрмек қабылдама. — Егер бір тәуліктен кейін жеңілдікті сезінбесең, дәрігерге қарал.
Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері мыналардан құралады:
1) оқиға орнын қарау;
2) бірінші рет қарау, көмек көрсету;
3) жедел жәрдем шақыру;
4) екінші рет қарау.

Оқиға орнын қарау
* Сіз үшін қауіпті емес пе?
* Не болды?
* Зардап шеккендер қанша?
* Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма? Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар аударыңыз. Бұл оқиғаның немесе жарақаттың бастапқы себептерін көрсетеді. Егер зардап шеккен адам ес-түссіз болса, ал куәгерлер болмаса, түбегейлі қарау өте маңызды.
Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:
1) есін тексеру (ми жүйесі);
2) тыныс жолдарының демалысын тексеру;
3) тыныс алудың болуын тексеру (өкпе);
4) пульсін тексеру (жүректің жұмысын).
Есін тексеру
— Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз.
— Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.
Сіздің келесі әрекеттеріңіз:
Тыныс жолдарының демалысын тексеру
Пульсін тексеру
Жедел жәрдемді келесі кез келген жағдайларда шақыру керек:
— ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;
— тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы);
— үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;
— пульстің болмауы;
— көп қан кетуі;
— іштің қатты ауыруы;
— қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;
— улану;
— сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;
— бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы.
Адам қайғылы жағдайға кез келген жерде: үйде, көшеде, жолда, көлік апаттары кезінде немесе т.б. ұшырауы мүмкін. Көбінесе адамдар алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі білімінің жоқтығынан жанындағы адамдарға, кейде тіпті туысы, танысы немесе досына көмек көрсете алмай жатады.
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.
Ең алдымен адамды қайғылы жағдай болған жерден алып шығыңыз, оның өміріне қауіпті жағдайды (талып қалу, бастырылып немесе қысылып қалу, қан тоқтамау) жойыңыз; жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен немесе жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін көріңіз; қауіпсіз, медициналық көмек көрсетуге қолайлы жерге апарыңыз; алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
Көз қарашығының жарық сезгіштігін анықтау тәртібі. Бас бармақпен үстіңгі қабақты көтеріп, қарашыққа қараңыз. Егер қарашық жарық түскеннен кейін де үлкен күйінде қалса, онда ол жарықты сезбейді деген сөз. Қараңғы кездерде қарашықтың жарық сезгіштігін электр қолшамының көмегімен байқауға болады.
Ұйқы артериясындағы тамыр соғысын байқау тәртібі. Төрт саусағыңызды жарақаттанған адамның мойнына қойыңыз. Саусақтарыңызды кеңірдек пен мойын бұлшық етінің ортасына қойып, тамыр соғысын байқау үшін аздап батырыңқыраңыз.
Қолдан немесе аяқтан қан ағатын (капилярлық немесе тамырлық) болса, зақымданған жерді таза дәкемен қаттырақ байлаңыз (бастырып байлау) немесе лейкопластырьдың көмегімен мақта-дәкеден бірнеше қабат етіп жасалған тампон қойыңыз. Алайда жарақатты өте қатты байлап тастауға да болмайды (қан жүрмей, мүше көгеріп қалуы да мүмкін). Бастырып байлау кішірек артериялардың қанауын тоқтатады.
Артериялық қанау кезінде артерияны қолмен басып тұрады, қан тоқтатушы жгут көмегімен немесе қолды не аяқты бүгу арқылы тоқтатады. Артерияны қолмен немесе жұдырықпен басқан кезде қан бірден шамамен 10-15 минутқа тоқтап қалады, содан соң қол шаршап, қысым әлсірей бастайды. Сондықтан артериядағы қан тоқтай салысымен қан тоқтатушы жгутты пайдаланыңыз. Жгутты жалаңаш денеге байлауға болмайды. Адам терісі қатпарланбай, тегіс болуы керек, жгут байланатын жерді орамалмен немесе дәкемен ораңыз. Жгутты аяқ немесе қолдың астынан алып, үстіне қарай байлаңыз, алғашқы екі байламды қатты етіп, үшіншісін тартпай сәл ғана байлаңыз. Егер қан тоқтамаса, жгутты алып, қайтадан одан да жоғарырақ жерден байлаңыз. Байлауыңыздың қаттылығы қанды тоқтатуға болатындай, бірақ мүлдем қан жүргізбей тастамайтындай болуы керек. Жгутты байлап болған соң жгут салынған уақыт, құтқарушының аты-жөні, лауазымы жазылған қағаз қыстырып қоюды ұмытпаңыз. Жгут әдетте 1,5 — 2 сағатқа ғана, ал суық күндері 0,5 — 1 сағатқа қойылады. Ал әрбір 30 — 60 минут сайын жгутты босатып отыру керек, яғни бірнеше минутқа босатып, сол кезде жгуттың жоғарғы жағынан саусақпен басып отыру керек, жгут тұрған жердегі ізге ақырын ғана массаж жасау керек. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды.
Фабрикалық жгут болмаған жағдайда оны қолда бар нәрсемен (резина түтік, галстук, белдік, белбеу, орамал, бинт және т.б.) алмастыруға болады, тек сым темірді қолданбаңыз.
«Ауыздан ауызға» тәсілімен өкпеге жасанды түрде ауа жіберу:
1) Оң қолыңызбен аурудың иегінен, саусақтарыңыз оның жағын ашатындай астыңғы ернін төмен тартып ұстаңыз;
2) Сол қолыңызбен мұрнын қысып, аурудың басын артқа қарай шалқайта ұстаңыз және осы қалыпта дем жібергенше ұстаңыз;
3) Еріндеріңізді аурудың ерніне қатты басып, оның ішіне қарай қатты дем шығарып, үрлеңіз. Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет.
Екінші рет үрлегеніңіз нәтижесіз болса, бірден жүректің тұсына массаж жасауға кірісу керек.
Жүрек тұсына массаж жасау. Жасанды демалдырудың алдында басты артқа шалқайту арқылы жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.
Иықтың астына орама қою (киімдерден оралған);
Саусақты матамен орап алып, аурудың аузын ұйыған қан, сілекей және басқа да заттардан (сынған тіс, тіс протездері) тазартыңыз. Алақаныңызды бас бармағыңыз аурудың иегіне немесе ішіне қарап тұратындай етіп орналастырыңыз;
Салмағыңыз кеудеге түсетіндей етіп орналасыңыз да қолыңызды тік ұстап, жүрек тұсына массаж жасауды бастаңыз; аурудың кеудесін 3-4 см-ге дейін салмағыңызбен басып, көтеріңіз, минутына 80–100 рет жиілікте жасай беріңіз;
Әрбір келесі басуды тек кеуде қуысы орнына келген соң ғана жүзеге асыру қажет.
Жан сақтауға қатысушы адамдар қанша болса да, кеуде қуысын басу мен үрлеудің ең тиімді қатынасы 30х2 болуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы