Медицина бір орында тұрмай, күн сайын жаңа бір жаңалықтарға кенеліп отырады. Сондай жаңалықтар мен технологияның қарыштап дамуы бір кездегі емдеуге келмеген аурулардан толықтай жазылып шығуға мүмкіндік сыйлауда. Медицина саласындағы ақпараттық жүйе – веб-технология бойынша қызмет көрсететін мамандандырылған медициналық бағдарлама. Қазіргі таңда аурулардың диагностикасы жаңа деңгейге көтерілген. Біз бұл мақалада Түркістан облысының тұрғындарына бүгінгі күннің ең ерекше медициналық технологиялармен таныстырмақпыз.
Ракты анықтайтын жасанды мұрын
Кейбір елдерде науқастан қатерлі ісікті анықтау үшін арнайы үйретілген иттер көмекке келеді. Мұндай иттер адам ағзасынан рак клеткаларын анықтаумен қатар, бір ауруды екінші аурудың түрінен ажырата алатын қабілетке ие екен. Медицинадағы ең танымалы Оңтүстік Кореяның онкологиялық клиникаларының бірінде «жұмыс істейтін» лабрадор-ретривер тұқымынан шыққан Мэрин атты ит.
Ал Израильде электрониканың көмегімен рак клеткаларын анықтауға болатын «жасанды мұрын» технологиясын жасап шығарған. Науқас арнайы түтікке демін шығарғанда компьютер оның қандай рак түрімен ауыратынын табады. Оның үстіне бұл жасанды мұрын Мэриннің мұрнына қарағанда әлдеқайда жылдам әрі нақты диагноз қоя алады.
Гүл тозаңы арқылы вакцинациялау
Гүл тозаңы – тыныс алу жолдары арқылыдененің әртүрлі бөліктерінееніп, ас қорыту жүйесі мен шырышты қабаттарға тез таралатын таңғажайып дүние. Оның осындай әсерін Техас университетінің ғалымдары медициналық мақсаттарда пайдаланбақ болған.
Американың бір топ зерттеушісі ине мен инъекцияның көмегінсіз вакцинациялауға мүмкіндік беретін технологияны ойлап табады. Бұл технологияның көмегімен гүл тозаңына вакцина енгізеді, ал ол өз кезегінде пайдалы препараттарды адам ағзасының түкпір-түкпіріне жеткізеді.
Фотосына қарап диагнозын анықтау
Британдық ғалымдар көпшілікті таң қалдырып, түсініксіз әрі абсурд дүниелерді зерттеуге шебер. Бірақ соған қарамастан, олардың ашқан жаңалықтары өте маңызды әрі қоғамға пайдалы. Мәселен, бұл елдің дәрігерлері жақында революциялық медицина технологиясын ұсынған.
Бұл технология генетикалық ауруларды фотография арқылы автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Ол адам келбетінің суретін негізге ала отырып, болашақта денсаулығында қандай кінәраттар пайда болуы мүмкін екендігін де ескерте алады.