
Бүгінде адам капиталын дамыту – мемлекетімізді жаңғыртудағы басты бағдарлардың бірі. Қазіргі таңда мемлекеттік басқарудан бастап, жеке сектор мен қоғамдық өмірдің барлық саласында кәсібилік пен адалдық қағидатын ілгерілетудің маңызы артып келеді. Бұл – кейінгі жылдардағы еліміздегі өзгерістер аясында өзінің өзектілігін арттырып отырған мәселе.
Елімізде мемлекеттік бас¬қа¬руда орын алып жатқан барлық өзгеріс Президент бас¬тамашылық жасаған Әділетті Қазақстан идея¬сы аясында жүзеге асырылып жатыр. Ха¬лық¬тың талап тіле-гіне құлақ асу мемлекеттік орган¬дардың жұмысына қойы¬латын міндетті талапқа айналды. Мем¬лекеттік басқарудың жаңа мәде¬ниеті халық үніне құлақ асудан көрініс тапты. Президент айқын¬даған «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты бү¬гінде мемлекеттік қызметтегі өз¬ге¬рістердің өзегіне айналып отыр.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында «Түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бас¬тысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйт-песе, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгермесе, ештеңе де өзгермейді», деген болатын.
Шын мәнінде жаңғыру үшін жаңа сападағы ұлт қа¬лып¬тасты¬ру мәселесінің күн тәртібіне шы-ғуы – заңдылық. Өзгеріске деген сұраныстың артуы уақыт талабы. Өзгеріс – өмір заңы. Оның табиғаты – жаңару. Өзгерістің ақиқаты – оның тұрақты жүзеге асатындығында. Ежелгі грек ойшылы Гераклит айтқандай, «дүние ағып жатқан өзен секілді, ештеңе бір сәт те тоқтамай-ды». Бұл қағида бүгін де өзекті. Өзгеріс тек өзгеріс үшін ғана болмай нақты нәтижеге бас¬таса, оның сапалы өзгеріске айнал¬ғаны. Өзгерісті қалыптасқан қатынастарды бұзушы, түбегейлі қайта қалып¬тастырушы құбылыс ретін¬де біржақты түсінбей, оны адам өмірінің, көзқарасы мен дүниетанымының, қоғам¬дық сананың жаңа сапаға көтерілуі¬мен өлшеген абзал. Әділетті Қазақстан құру идеясы – осындай сапалы өзгеріске ұмтылыстың бүгінгі айқын көрінісі.
Президент Әділетті Қазақ¬станды құру үшін әрбір отанда¬сы¬мыз адал азамат болуға ұмтыл¬уы қажет екенін атап өтті. Әді¬лет¬ті Қазақстан және Адал азамат – бір-біріне етене жақын ұғымдар. «Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөз¬бен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс», деді Мемлекет басшысы.
Адал азамат – ел тірегі, елдің арқа сүйері. Біз оны осылай түсінуіміз қажет. Адал аза¬мат¬қа тән ең басты қасиет – жауап¬кершілік. Өзін азаматпын деп санайтын әр адамның мойнына Заң мен тәртіп қағидатын қатаң сақтау міндеті жүктеледі. Бұл – үлкен жауапкершілік. Бұл – әр адамның отбасының, қоғамның, отанның алдындағы жауапкершілігі. «Ерден ердің несі артық? Елге қылған ісі артық» деп ақын Қадыр Мырза Әлі дөп айтқан.
Себебі қоғамда өмір сүрген¬нен кейін азаматтық міндеттер бар, сол міндеттен ешкім тыс қала алмайды. Жауапкершілікті өзгеге жүктемей әркімнің өз мойнына ала білуі маңызды. Ата-ананың, отбасының, жал¬пы қоғамның, қоршаған орта¬ның алдындағы адамның өз міндетін сезінуі азаматтық сананы қалыптастырады. Отан ал¬дындағы міндетті се¬зі¬¬ну ме쬬лекеттік сананы ту¬ды¬ра¬ды. Отан алдындағы мін¬дет – ме쬬лекеттің, келер ұрпақ¬тың ізгі болашағы үшін үлес қосу. Сондықтан азамат болуды міндет деп қараудың фило¬софиялық мәні терең. Олай болса, «Адал азамат» ұғымының мәні еселене түседі. Адалдық пен азаматтықты бірге алып жүру кемел ақыл-парасат пен жауапкершілікті талап етеді. Президент айқындаған Адал азамат – жаңа сападағы тұлғаға қойылатын талап. Әділетті Қа¬зақстанды орнықтыратын осы жаңа сападағы тұлғалар. Адал азаматтардың қатары көбейсе, жаңа сападағы ұлтқа айналу¬дың көкжиегі көрінбек. Мұның барлығын Президент қарапайым түсінікте «Отаншылдық, адам-гершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбек¬қорлық, ел мен жерге жана-шырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осын¬дай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деген бірауыз сөзбен сипаттауға болады», деп бейнелеп берді.
Жаңа сападағы мемлекеттік қызметшіні қалыптастыруда Мемлекет басшысы атап көрсет¬кен «Адал азамат» идеясы маңыз¬ды рөлге ие. «Адал азамат» жаңа кезеңнің мемлекеттік қызметшісі қандай болуы керек деген сұраққа берілген нақты әрі толымды жауап болды. «Адал азамат» идеясын ілгерілету – қоғамдық сананы өзгертуге жасалған қадам. Жаңа тұлғалық болмыс қалып¬тастыру әсіресе ақпараттық технология¬лар аршындап қадам басқан қа¬зір¬гі заманда өзінің өзектілігін барын¬ша арттырып отыр.
Бұл орайда өзгерістерді сабақтастық үрдісі арқылы эво¬люциялық жолмен жүзеге асырудың мәні зор. Мәселен, ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары жаңа болмысқа сай адами тұлға қалыптастыруды басты мәселе санады. Себебі олар өзгерістерді жүзеге асыратын тұлғалар іздеді. Тарих көрсеткендей, ешбір қоғам өткен буынның ақыл-парасатынсыз ілгері басқан емес. Бірақ бүгінгі жаһанда¬ну заманындағы жаңа тұлғаға қойылатын талаптар әлдеқайда жоғары әрі жауапкершілік жүгі аса ауқымды екенін де ескеруі¬міз керек. Өйткені мемлекеттік қызметші тек кәсіби тұлға емес, ол – мемлекеттің айнасы. Сондықтан бүгінгі мемлекеттік қызметші заманның ең озық инновациялық әлеуетін бойы¬на сіңіре отырып, мәдениет пен тарихты және руханиятты терең білуі керек. Әділдік пен адалдыққа деген ортақ құр¬мет, оған сенім – қоғамды бірік¬тіретін күш екенін жете ұғынуы қажет. Себебі «Адал азамат» – өзгерістердің ел игілігі жолында жүзеге асуына мүдделі, кәсіби, жауапкершілікті тұлға.