
Әділетті Қазақстанды қа¬лып¬тастырудағы мемлекеттік қызметшілердің үлесі олардың кәсібилігі мен адалдығынан, елге ашық, шынайы қызмет етуге деген ұмтылысынан көрініс табуы қажет. Президенттің «Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады» деген тұжырымының мәнісі осында.
Қоғам қазір жылдам өзгеріп жатыр. Ақпарат – қолжетімді, азаматтардың талабы – жоғары. Мұндай жағдайда бұрынғыдай бюрократиялық тәсілдермен қызмет жасау мүмкін емес. Мем-лекеттік қызметші енді озық технологияларды, жасанды ин¬теллектіні меңгерген, креативті әрі жаңашыл ойлайтын тұлға болуға тиіс. Ол өзгерістердің алдында тұрып, олардың сапалы жүзеге асуы¬на мүдделі болуы қажет. Ме쬬лекеттік қызмет істері агент¬тігі бүгінде осындай жаңа фор¬маттағы мамандарды тәрбие¬леуді қолға алып жатыр. Бұл үшін ескі әдеттерден арылып, формализм мен имитацияға жол бермеудің нақты тетіктері енгізілуде.
Осы орайда ендігі жаңа кезең¬¬де мемлекеттік қызмет¬шіден отанға деген адалдық, ашық¬тық, клиентке бағдарлану, жауап¬кершілік және есептілік талап етіледі. Жаңа кезеңнің мемле¬кеттік қызметшісіне өзін-өзі ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру тала¬бы қойылады. Ол өз ісін үнемі қа-дағалап, кемші¬ліктермен жұмыс істеуі керек. Хакім Абай айтқан «ыс¬тық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жү¬рек» мемлекеттік қызмет¬ші¬нің тұлғалық болмысын анықтау¬шы қасиеттер екенін ұғынуы қажет.
Кәсіби дағдылармен бірге адаммен тіл табысу, пікір алмаса білу, эмоцияны басқара білу сынды қабілеттерді дамыту да маңызды. Себебі мемлекеттік аппараттың басты міндеттерінің бірі – халықтың үніне, талап-тілегіне құлақ асу. Өйткені мем¬ле¬кеттік қызмет – жеке пайда іздейтін орын емес. Бұл – халық алдында есепті болу. Президент атап өткендей: «Мемлекеттік қызмет – жеке бастың бақ-дәу¬ле¬тін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқының алдында айрық¬ша жауапкершілік арқалау деген сөз».
Еліміздегі мемлекеттік бас¬қарудың жаңа мәдениеті «Ең алдымен адамдар» қағидатына арқа сүйеп отыр. Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара се¬німге негізделген мемлекет¬тік басқарудың «адамға бағдар¬ланған» моделін қалыптасты¬ру Мемлекет басшысының «Ха¬лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Мұндай талаптар «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасында ескерілді. Бұл жаңа заң жобасы қазіргідей тек еңбек қатынастарын, яғни мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және оны тоқтату мәселелерін реттеумен шектелмейді. Ең бастысы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының адамға бағдар¬ланған үлгісін бекітуді көздейді.
Бұған қоса қоғамда жемқор¬лыққа қарсы мәдениетті қа¬лып¬тастыру – ең өзекті мін¬дет¬тер¬дің бірі. Біздің басты мақ¬сатымыз – сыбайлас жемқор¬лыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу. Алайда нақты өзгеріске қол жеткізу үшін адалдық мәде¬ниетін қалыптастыру қажет. Тағы да «Адал азаматқа» деген қа¬жет¬тілік алдымыздан шығады. Менің ойымша, бәрі адамның ішкі мәдениетіне байланысты. Егер мемлекеттік қызметші жеке жауапкершіліктен жұрдай болып, әдеп қағидаттарын елемесе, онда оны тіпті қатаң жаза¬ла-намын деген үрей де тоқта¬та алмайды. Сондықтан Адал¬дық қағидатының біздің өміріміз¬дің барлық саласына орнығуы ерекше маңызға ие. Бұл ретте Мемлекет басшысының «Сыбай¬лас жемқорлықтың өзіне тән себептері мен алғышарттарын жой¬майынша, бұл шаруа – жел диірменімен күресумен бірдей» деген сөзін қаперде ұстауымыз керек.
Бүгінде мемлекеттік қызмет¬тердің 90 пайыздан астамы онлайн форматта көрсетіледі. Бұл жылына шамамен 250 млн қызмет – қағазбастылықсыз, кезексіз, парақорлықсыз ашық түр¬де атқарылады деген сөз. Ашықтық бар жерде жемқор¬лыққа орын жоқ екенін көріп отырмыз.
Жасанды интеллектінің да¬муы келешекте қоғамдық қаты¬настарды түбегейлі өзгерте¬ді деп күтіліп отыр. Оны бүгін¬нен бастап түсініп білген елдер алға озбақ. Мемлекет басшы¬сының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – ертеңгі күнді бү¬гіннен ойлаудың көрінісі. Жолдауда айтылғандай, заманауи технологиялар болашақта шешуші рөл атқармақ. Жасан¬ды интеллектінің дамуы мем¬лекеттік қызметке жаңаша серпін беруде. Қазіргі таңда Мемлекеттік басқару академиясында Жасанды интеллект зертханасы құрылып, Smart HR жүйесі іске қосылды. Бұл кадр¬ларды әділ әрі тиімді іріктеуге және басқаруда ашықтықты арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Цифрлық трансформация басқаруда ашықтық пен тиімділікті арттырып, адалдық қағидаттарының орнығуына үлесін қосып жатыр.
Мемлекеттік секторда адам капиталын басқарудың бірыңғай экожүйесін қалыптастыруға бағытталған осы цифрлық баста¬малар алдағы уақытта да кадр саясатын жаңа сапаға көтере бермек. Бұған қоса жаңа сапа¬дағы тұлға қалыптастыруда елдің әрбір азаматының саналы таңдауы мен жауапкершілігі үйлесімді байланыс табуы қа¬жет. Жаңа сапаға ұмтылыс – Қа¬зақ-станның қазіргі және бола¬шақ өркенді істерінің берік негізі.
Осы тұрғыдан алғанда, «Адал азамат» – жай ғана тұжы¬рым¬дама емес. Ол мемлекет пен ел мүддесіне адал қызмет ететін, моральдық және басқарушылық құндылықтар үйлесімін тапқан, өзгерістерді тиімді жүзеге асыра алатын, жауапкершілікті тұлғаның жаңа моделі. Ел қашанда осындай тұлғаларына арқа сүйемек. Олай болса, Адал азаматтардың көп болуы – мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі.
Дархан ЖАЗЫҚБАЙ,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.