
🔹 Түркістан облысы, Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен «AL-FARABI» республикалық интеллектуалды ойынының іріктеу кезеңі жоғары деңгейде өтті.
🔹 Аталған зияткерлік сайыстың негізгі мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру және шешендік мәдениетін жетілдіру.

🔹 Ауқымды іс-шараға облыстың әр өңірінен жиналған 500 команда құрамындағы 2500 жас қатысып, өзара білім мен білік деңгейлерін сынға салды. Қатысушылар түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмалар мен интеллектуалдық ойындар арқылы өз мүмкіндіктерін көрсетті.
🔹 Қазылар алқасының әділ бағалауы нәтижесінде үздік деп танылған командалар келесі кезеңге жолдама алды. Іс-шара барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, терең білімін және жылдам ойлау қабілеттерін танытты.
🔹 Айта кету керек, бұл зияткерлік жоба өзінің ауқымы бойынша рекордтық көрсеткішке ие болып, қатысушылар санының көптігіне байланысты халықаралық деңгейде, атап айтқанда, Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге ұсынылуда.

🔹 Жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай бастамалар – ел болашағын қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі. «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына серпін береді.