ТҮРКІСТАН: «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ – ЕЛ ИГІЛІГІ — 2


Президент шешімін күтіп тұрған мәселелерді де қалыс қалдырған жоқ. Мысалы, соңғы 5 жылда атаулы әлеуметтік көмекті қажет ететіндер 77 мың адамнан 1,4 млн адамға жеткенін және оған бөлінетін қаржының 2017 жылдан бастап 17 есе өскенін атап өтті. Еліміздегі қоғамдық келісімді нығайту мен ұлтаралық байланысты жетілдіретін тіл мәселесіне де ерекше тоқталып, бұл жөнінде: «Еліміз¬дегі этностық топтардың тілі мен мәде¬ниетін дамытуға жағдай жасай бере¬міз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ре¬тіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қаты¬нас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есеп¬теймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деді.
Осы тәрізді өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынған Мемлекет басшысы енді Үкімет пен әкімдердің қыз¬меті негізінен халықтың тұрмысын жақсартуға қосқан үлесі бойынша бағаланатынын ескертті.
Әрине қалың елдің жүрегіне жол табу да оңай емес. Ол үшін билік пен халық арасында ашық диалогқа құрылған алтын көпір болуы керек. Осы жағына көбірек көңіл бөліп жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев көп уақытын бұқарамен кездесуге, ашық-жарқын пікір алмасуға, елдің жағдайымен жақыннан танысуға арнап жүр. Қ.Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі қызметінің ең басты ерекшелігі – оның әр сөзі, әр қадамы, әр шешімі және әрбір ісі арқылы халыққа жақындауға ұмтылуы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір келелі, жүйелі, сөз етуге тұрарлық ісі – қарыздың құрсауында қалған көשּׁ балалы отбасыларға жеңілдік жа¬сବғаны. Яғни, несиесін төлей алмай жүр¬¬ген бес жүз мыңнан астам қазақ¬стан¬¬дықтың қарызына Президент Жар¬лы¬ғы¬мен кешірім жасалды. Бұл шын мә¬нінде ешкім күтпеген жеңілдік еді. Банк алдындағы берешегін өтей ал-май жүрген мыңдаған адам бір күнде мой¬нындағы қарызының қамы¬тын шешіп, жеңілдеп қалды. Осы азамат¬тар¬дың әр¬қай¬сысының 300 мың теңгелік борыш¬тық жүктемесі өтелді. Бұл бір реттік іс-шара болғанымен, билік халықтың беталды қарызға батуы¬ның алдын алу мақсатында басқа да шешім¬дер қабылдап жатыр. Қазір тұтыну¬шылық несие берудің талаптарын күшейту, несие берудің шарттарын тұтын¬ушының ыңғайына қарай жеңілдету мақсатында заң жобалары әзірленуде.
Жалпы, азаматтық қоғам қалыптас¬тырудың алғышарттары міне, осындай іс-әрекеттерден бастау алса керек. Кез келген адамға теңдік танытып, кеңдік көрсету ең алдымен адамның саналылығын білдіреді. Ал саналы адамдармен өмір де мәндірек болады. Жүректерге жол табу, кісінің көңілінен шығу – қазаққа тән қасиет десек, біздің қазақ осынау қасиетімен көп нәрсені оңтайлы шешіп отырған. «Жанымды алсаң да пейілімді алма» деген қонақжай халық осынау кеңпейіл көңілінің, жомарт жүрегінің арқасында небір аумалы-төкпелі қиын-қыстау кезеңдерден аман өтті. Қоршаған ортаға құрметпен қарап, бір-бірінің жан-жүрегін айтқызбай-ақ түсінісетін елдерде ғана береке болады. Ендеше Президент Жолдауы жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, ондағы айтылған әрбір сөздің астарына үңіліп, мағынасына мән беретін болсақ және оның орындалуына бәріміз бірдей атсалыссақ, біз үшін маңызды құжатта айтылған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» болудың да ауылы алыс емес.
«Азаматтардың, халықтың барлық өтініш-тілектерін жедел түрде әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, барлығымзға ортақ міндет». Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаясси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», делінген жолдауда.
Иә,осы тұжырымдаманың арқасында билік пен қоғамның арасындағы алшақтық, мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтардың арасындағы қарым-қатынас бір жүйеге келіп, еліміздің әрбір азаматының үнін еститін мемлекеттік аппарат қалыптасады деген сенімдеміз.
«Естуші мемлекетте»- ең басты орында халықтың мүддесі тұрады, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өз ара қарым-қатынас механизмі қалыптасқан болуы тиіс, халықтың мемлекеттің қабылдаған шешімдеріне еш кедергісіз қатысуға мүмкіндігі болуы және осы шешімдерді қабылдарда өз пікірлерін де ашық жеткізе алуы тиіс. Естуші мемлекет тұжырымдамасында мемлекеттік органдардың ең басты тапсырмасы- ол азаматтардың сұраныстарын қанағаттарындыра білуі керек. Естуші мемлекеттің мақсаты – ол азаматтардың өтініш-тілектерін жинап, қарастыру ғана емес, сол өтініштердегі мәселелерді шешу үшін азаматтардың өзін іске тарту және болашақта сол олқылықтардың болмауы үшін шаралар қолдану. Бұл тұжырымдама тек елдің астанасы не болмаса ірі қалалар аясында ғана емес еліміздің түкпір-түкпірін қамтиды. Яғни шалғай ауылдардағы әкімдер болсын, мемлекеттік органдардың өкілдері болсын бұдан шет қалмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы