ТҮРКІСТАН: «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ – ЕЛ ИГІЛІГІ


Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: “Барлық деңгейдегі әкiмдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсiн. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, проблемалық мәселелерді шешудiң жолдары мен мерзімдерін түсіндірсiн,”-деп әкiмдерге тапсырма берген болатын. Осы орайда Президент Жарлығына сәйкес Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы 6 секторда тұрғындармен ашық кездесулер өткізіп, азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдаған болатын. Кездесулер барысында жалпы саны 179 мәселе көтеріліп, жеке қабылдауда 73 арыз-өтініш тіркелді.
Бүгін қала басшысы көтерілген мәселелердің орындалу барысымен арнайы танысып, бірқатар тұрғын үйлер мен қала инфрақұрылым нысандарын аралап шықты.
Атап айтқанда, 11 көшедегі 18 пәтерлі тұрғын үй кешені, А.Мендерес көшесіндегі 20 қабатты тұрғын үй, Отырар мөлтек ауданындағы 32 пәтерлі тұрғын үй, Ш.Дүрия және Дулыға батыр көшелеріндегі жол мәселелері, Қарашық көшесіндегі балалар ойын алаңшасы, Жангелдин және Бокина көшелеріндегі инфрақұрылым жағдайы. Тұрғындармен қайта жүздесіп, көтерілген мәселелерді көзбен көріп, мердігер мекемелер мен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Көтерілген мәселелердің қатарында жертөлеге су кетіп жатқаны анықталып, шұғыл түрде ретке келтіру тапсырылды. Тұрғын үйлердің сыртқы қасбетіндегі анықталған кемшіліктерді жөндеп, пандус пен лифт мәселесін шешу – мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыру міндеті қойылды. Балалар ойын алаңы қалпына келтіріліп, сервистік компаниялардың жұмысы бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болды.
Сонымен қатар техникалық тексеру жұмыстары тағайындалып, қоғамдық көлік бағыттары бойынша ұсыныстар жинақталуда. Дулыға батыр көшесіне он күн ішінде толық асфальт жабындысы төселеді. Қарашық көшесіндегі балалар алаңшасының төбесі жабылады. Учаскелік полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
Жангелдин көшесіне демалыс орындықтары орнатылып, электр және интернет бағаналарын ауыстыру мен аяқ жол салу жұмыстары жүргізілмек. Бокина көшесіндегі тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу, көгалдандыру және ағаштарды бұтау жұмыстары да бақылауға алынды.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша әрбір көтерілген мәселенің шешілу барысы тұрақты бақылауда болады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір¬ді міне, осы екі ауыз сөзге сый¬ды¬руға болады. Бізді қуантатыны, ай¬ты묬ған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем¬лекеттік институттардың рөлін ны¬ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо¬стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі¬нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу-меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.
Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қол¬дау көрсетуге, ел аймақтары ара-сын¬да¬ғы теңсіздікті жоюға және халықты толған¬дырып жүрген басқа да мәселелерге ерекше көңіл бөлді. Нақты мысалдар келтіріп, проблемаларды шешудің тиімді жолдарын да ұсынып отыр. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасымен пәтер алу үшін көп балалы отбасының айлық табысы 320 мың теңгеден кем болмауы керек. Бұл табысы аз отбасылар пәтерге қол жеткізуі қиын деген сөз. Сондықтан осы жылдан бастап «Бақытты отбасы» атты жаңа бағдарлама ұсынылды. Осы бағдарлама негізінде жыл сайынғы пайыздық үстемақы 2 және бастапқы жарна 10 пайыздан аспайды. Бұл ай са¬йынғы төлемнің арзан болуына ықпал етіп, жағдайы орталау отбасылардың бас¬паналы болуына жол ашады.
Президент білім беру ісіне мемле¬кеттің дамуындағы стратегиялық ма¬ңызға ие сала ретінде қарап, оқу¬лық¬тардың сапасы, қала мен ауыл мек¬тептерінің білім берудегі алшақтығы сияқты мәселелерді орынды көтерді. Мем¬лекет басшысы білім беру жүйе¬сіне кәсіптік бағдарлау саясатын енгізу¬ді, сол арқылы оны еңбек нарығының сұра¬ныс¬тарына бейімдеуді жүктеді. Сон¬дай-ақ Президент жас мамандарды ауылға жіберудің тетіктерін ойлас¬тыру керек екенін атап өтті. Жоғары ¬оқу орындары жұмысының сапасы мен ғылыми-зерттеулердің тиімділі¬гін арттыру мәсе¬лесін назардан тыс қалдырмады. Жолдаудың тағы бір көңіл қуантар¬лық тұсы, ол – Президенттің қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимы¬лының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа шақыруы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы