
Түркістан қаласында Ұлттық құрылтай¬дың екінші жиыны өткені белгілі. «Әділетті Қазақ¬стан – Адал ¬азамат» тақы¬ры¬бы¬на арналған іргелі іс-шарада Мемлекет басшысы¬ Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңыз¬ды¬ мәселеге тоқталды. Соның ішінде адал азамат қандай болуға тиіс деген өзекті сұраққа өз көзқарасын білдірді.
«Елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптасуы керек. Онда елдің бірлігі және тұрақтылығы, азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтар үстемдік құруы қажет. Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады», деген еді Президент Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайда.
Тарихқа көз жүгіртсек, адал азବмат ұғымы қазақ халқы үшін қа¬шанда қастерлі болғанына көз жет¬кі¬земіз. Әуелі ел ішіндегі әпсанаға назар аударайық. Адалдықты наси¬хат¬тайтын осы аңыз киелі Түркіс¬тан топы¬рағына қатысты екенін өңір жұрт¬шылығы тамсана айтады. Соған сәй¬кес пайғамбарымыз Мұха쬬¬¬мед (с.ғ.с) Арыстан баб деген сақа¬бବсына бір құрма беріпті. Сөйтіп, оны Қ¬ожа Ахмет Ясауиге табыстауды сұрайды.
Аңыз бойынша Арыстан баб бес жүз жыл құрманы тілінің ас¬тына салып сақтапты. Отырар өңі¬рі¬не келгенде сол құрманы Әзірет Сұл¬танға табыстаған екен. Әрине, бұл оқиғаның тарихи шындық болуы екі¬талай. Әйтсе де, мұның өзі қазақ хал¬қының осындай әпсана арқылы жұрт-ты адалдыққа, антқа беріктікке баулуға ұмтылғанын байқатады.
Адалдыққа қатысты тағы бір оқиға Исламдағы төрт мәзхабтың негізін салушының бірі Әбу Ханифаға да қатысты. Бірде Имам Ағзамның әкесі Сәбит суда ағып келе жатқан алмаға көзі түседі де, оны алып бір тістеп жейді. Аңыз әңгімеде оның бұл әрекеті әбестік болғанын түсініп, өзенді жағалай өрлеп, алма бақтың иесін тапқаны, сөйтіп одан кешірім сұрағаны, ақырында сол бағбанның қызына үйленгені айтылады. Адалдыққа берік болған осындай отбасынан Исламның бетке ұстарының бірі Әбу Ханифа дүниеге келген екен.
Адал адам ұғымы қазақтың әде¬бие¬тінде де көп кездеседі. Абай Құнан¬бай¬ұлы «Талап, еңбек, терең ой, қана¬ғат, рақым, ойлап қой – бес асыл іс, көн¬се¬ңіз» деп, адал адам ұғымының негізгі ұстындарын ұсынады. «Адалдық – ардың ісі», «Адал кісі арымас» деген секілді халық даналығы да бекерге айтыл¬мағаны анық. «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» деген Мұхтар Әуезов те саналы ойдың сәулесін түсіреді.
Президент айтқан адал адам қасие¬тін бойына сіңірген жан төңірегінде психо¬логтер де ауқымды зерттеу жасаған екен. Мәселен, Эммануэль Кант мұны «Адамгершілік формула¬сы»¬ деп атаған. Соған сәйкес әрдайым сана¬лы әрекетті бірінші орынға қою қажет деп есептейді. Яғни әділ¬дік,¬ жауапкершілік, адамгершілік, ең¬беꬬқорлық, жанашырлық секілді құн¬ды-лықтарды көздеген мақсатқа жету үшін емес, оның дұрыс болғаны үшін бойға сіңіру кемел адамға тән қасиет деп есептеген. Ал осындай адал әрекет басқаларға үлгі болып, қоғам¬ның¬ өзгеруіне жол ашады.
Ендеше, адалдыққа сенім артқан қоғам құру әрбір адамға тікелей байла¬нысты. Бұған Мемлекет басшы¬сы¬ Ұлттық құрылтайдағы сөзінде де¬ назар аударды. Президент Әді¬лет¬ті Қазақстанды адал азаматтар құра¬ты¬нын, оның бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар екеніне екпін берді.
«Отанға, отбасына адалдық – пара¬сат¬тылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие бола¬ды. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жаса¬май¬ды. Әр салада адалдық басты орын¬да тұрса, әділ қоғам орнайды. Жем¬қорлыққа жол берілмейді, ел мүд¬де-сіне сай шешім қабылданады. Бір сөз¬бен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әді¬летті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құн-дылық ретінде әрдайым қатар тұру¬ға тиіс. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Соны¬мен¬ бірге жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық біре¬гей¬лі¬гімізді нығайтып, еліміздің жаңа құн¬ды¬лықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұ¬мыс жасалуға тиіс», деді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысы айтқандай, адал адам мен әділетті мемлекет – егіз ұғым. Дана халқымызда адалдықты, отан¬с¬үйгіштікті насихаттайтын өсиет жетер¬лік. Мәселен, «Отан – Ана» деп, оны қастерлеу әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Осы орайда түріктердің «Devlet baba’dır» (Мемлекет – әке) деген сөзі ойға оралады. Анадолыдағы ағайын мұның себебін былай түсіндіреді. Түркі хал¬қы¬ның түсінігінде әке – отбасының бас¬¬қарушысы һәм қорғаушысы. Сон¬¬дықтан түріктер мемлекетті әке¬мен теңестіреді. Өйткені мемлекет ха¬лық¬-тың әл-ауқатын арттырып, қор¬ғବны¬шы бола¬тын институт. Ал «Отан – Ана!».¬ Оны қастерлеу – әр азамат¬тың¬¬ міндеті.
Ендеше, көне түркінің ұрпақтары мем¬лекет пен Отанды бірге қарас¬ты¬рып, біреуінен қорғаныш тапса, екін¬шісін қорғау идеясына басымдық береді. Рас, елімізде әлі шешімін тап-па¬ған түйткіл жетерлік. Олардың ше¬шімін табу елдегі әрбір азаматтың да, мемлекеттік саясатты жүргізіп отыр¬ғандардың да қажырлы еңбегін талап етеді. Мемлекет пен халық мүд-де¬сін бәрінен биік қойғанда, нағыз адал адам ұғымына сай әрекет еткенде ғана Ұлы дала мұратына жететініміз анық. Қорыта айтқанда, адал адам қара басының қамын емес, халқының игі¬лігін ойлауға тиіс.