ТҮРКІСТАН: ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ


Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттығына ұсынылатын үміткерлерді таңдаудың тиімді әрі ашық рәсімдерін әзірлеу қажет екенін атап өтті. Бұл мәселенің бәрі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» жаңартылған заңда көрініс табуға тиіс. Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Тәуелсiз Қазақстан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мекен бола бiлдi. Түркістан облысының тұрғындарының назарына жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз.
— Партиялық және сайлау жүйелерінің реформасы барлық азаматтың сайлау үдерістеріне қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Іс жүзінде тұтас сайлау ландшафтын қамтитын жаңа партиялар пайда болады деп болжануда. Партиялық тізім, сондай-ақ бірмандатты округтер бойынша үміткерлерді сайлау Қазақстанның этникалық әралуандығын шынайы түрде көрсетеді. Сонымен қатар этносаралық факторды саясиландыруға және бұл тақырып бойынша арандатушылық сипаттағы талқылауларға да мүлде жол беруге болмайды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, Ассамблея құрылған уақыттан бері азаматтық бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңірді.
— Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жағдайда біздің бейбітшілік пен келісім жөніндегі саясатымыздың берік әрі институционалды тірегі қызметін атқаратынына сенімдімін. Бүгінгі сессияның міндеті — Ассамблеяның саяси жүйені реформалау ісіндегі орны мен рөлін анықтау, оны әрі қарай дамытудың бағытын белгілеу. «Біз әртүрліміз — біз теңбіз» қағидаты саяси жаңғырудың іргелі компоненті деген пікірді ұстанамыз, — деді Мемлекет басшысы.
Келісім- экономика мен саясаттың қауіпсіздігіндегі өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениеті мәңгілік болуы керек, — деп тоқтала келе Ассамблеяның ең басты міндеті – қоғамдық келісім. Татулық пен тұрақтылық , ең алдымен, ел иесі ретінде қазаққа керек.
Этностар бір халыққа айналды. Бірлігіміз нығайса барлық жоспарларымызды орындауға мүмкіндік туады» — деп қадап айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясының және ел Конституциясының алдағы 20 жылдығына байланысты мемлекет басшысы 2015 жылды «Ассамблея жылы» деп жариялады. Ол Үкіметке Ассамблеямен бірлесіп, тиісті Ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ Астана қаласында Қазақстан халқы форумын ұйымдастыруды тапсырды.Бұған қоса, Қазақстан Президенті 2015 жылды елордада «Астана – Бейбітшілік пен келісім қаласы» атты ұранмен өткізіп, оған барлық республикалық этномәдени бірлестіктерді қатыстыру керектігін атап өтті. Ассамблеяның XXI сессиясының үндеуі қабылданды, ол жалпыұлттық бiрлiкті, тұрақтылықты нығайтуға, экстремизмге, надандыққа және зорлық-зомбылыққа бірлесе қарсы тұруға шақырады. Сондай-ақ, үндеуде Қазақстан Президентінің салиқалы, сындарлы және сарабдал саясаты, оны бүкілхалықтық қолдау, халқымыздың ұлы мақсаттарының – елдің өсіп- өркендеуі мен гүлденуінің жолында топтасуы ғана Отанымыздың кемел болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне деген нық сенім көрініс тапқан. Өткен сессия еліміздегі ең жарқын шаралардың бірі болды деп ойлаймын. Бір шаңырақ астында барлық ұлттар мен этностар өкілдері бас қосып, достық, бірлік туралы айтты, ұмытылмас сәттерді бастарынан өткерді. Қазақстан қоғамы өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді, біз осындай елде, осындай жерде өмір сүретіндігімізді мақтан тұтуымыз керек. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті бөлімшелеріне бірнеше тапсырмаларды жүктеді. Белгіленген міндеттердің жүзеге асуына тапсырмалардың орындалуына бірден-бір атсалысатын мемлекеттік мекемелер –білім ордалары, жалпы білім беретін орта мектеп ұжымдары біз өз үлесімізді қосуға тиістіміз.Ол үшін бастауыш сынып оқушыларынан бастап, жоғарғы сынып оқушыларына дейін қамтитын кең көлемде ауқымды іс-шаралар өткізу. Сол арқылы оқушылардың бойында татулық пен достық, бірлік пен ынтымақтастық, бейбітшілік пен тыныштық мектеп қабырғасынан бастау алуы керек және бұл үрдіс арнайы, жоғары оқу орындарында жалғасын табуы тиіс. Әрбір ұстаз, әрбір сынып жетекшісі Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсат-мүддесін күнделікті оқу процесінде оқушы бойына сіңіру үшін алдына міндет қою қажет. «Қазақ даласында сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен.
Этносаралық келісімнің қазақстандық моделінде мемлекеттік тіл көпұлтты қоғам бірлігінің көрсеткішінде рухани әрі психологиялық тұрғыда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік тілді меңгеру арқылы Қазақ жерінде өмір сүретін барлық этностар өзін тұтас Қазақстан қоғамының құрамдас бір бөлігі болуға рухани тұрғыда дайын екендіктерін, болашағы Қазақстан халқымен етене байланысты екенін көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы