ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҚ ӨНДІРІС ПЕН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – БАСТЫ МІНДЕТ

«Әділет» партиясының Сайрам аудандық филиалының өкілдері Қарамұрт ауылдық округіне қарасты Низамабад елді мекенінде орналасқан «ЮГ СЛАДОСТИ» отандық кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Басқосуға кәсіпорын қызметкерлері, ауыл жастары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды түсіндіру, стратегиялық міндеттер мен бастамалардың маңызын кеңінен насихаттау.

Жиын барысында Президент Жолдауында көтерілген ел экономикасын әртараптандыру, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін арттыру және заманауи технологияларды өндіріске енгізу мәселелеріне баса назар аударылды.

Партия өкілдері отандық кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі мен өндіріс көлемін ұлғайтудың өңір экономикасын дамытудағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру бағытындағы міндеттерді атап өтті.

Өз кезегінде кездесуге қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамаларға қатысты пікірлерін білдіріп, ауылдың дамуы, кәсіпкерлікті өркендету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мәселелері бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен кездесуде қатысушылардың сауалдарына жауап беріліп, өзекті мәселелер талқыланды.

Айта кетейік, «ЮГ СЛАДОСТИ» кәсіпорны печенье өнімдерін өндіруге маманданған. Бүгінде мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын тәулігіне бір тоннаға дейін өнім шығарып, отандық өндірістің дамуына, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және өңір экономикасының өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.

Отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасау – ел экономикасының тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетіктері. Бұл бағыттар Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттермен сабақтасып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы