«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ӨҢІРЛЕРДІ БІРІКТІРГЕН ОРТАҚ МАҚСАТ

Апта ішінде штаб мүшелері бірнеше аудан-қалада жергілікті тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, партияның 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасын таныстырды.


Түркістан қаласында білім сапасы, педагогтерді қолдау және жастар мүмкіндіктері талқыланды. Сарыағашта ауылдарды дамыту, инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері көтерілсе, Келесте ауыл шаруашылығы, жол, әлеуметтік салалар және бұқаралық спорт бағыттары сөз болды.


Қазығұртта тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өтіп, заң үстемдігі, әділ экономика, әлеуметтік қолдау мен отандық өндірісті дамыту мәселелері талқыланды. Ал Шардарада инфрақұрылым, инвестиция тарту, мемлекеттік басқару және әлеуметтік қолдау бағыттары таныстырылды.
Сайлауалды науқанға жастар да белсенді қатысуда. Түркістан қаласындағы «Ханшайым» көпсалалы сауда кешеніне келушілерге партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша кең көлемді ақпарат берілді. Облыстың 17 аудан-қаласында 400-ге жуық жас «Есіктен есікке» акциясы арқылы тұрғындармен кездесіп, партия бағдарламасын түсіндіруде.
Кездесулер барысында тұрғындар ұсыныстарын білдіріп, партия бастамаларына қолдау көрсетті. Халықпен ашық диалог алдағы уақытта да жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы