АТА-АНА НАЗАРЫНА: БАЛАНЫҢ ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!


Қазіргі таңда әлеуметтік желілер балалар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда интернет кеңістігінде кибербуллинг, интернет-алаяқтық, жалған ақпарат және психологиялық қысым сияқты қауіптер бар.

Осыған орай, ата-аналарға маңызды кеңестер:

* Баланың TikTok, Instagram және Threads аккаунттарындағы құпиялылық баптауларын реттеп, жабық режимге ауыстырыңыз.
* Google Family Link сияқты қосымшалар арқылы гаджеттерді пайдалану уақытын және қолданбаларды бақылаңыз.
* Балаға жеке деректерін жарияламауды, бейтаныс адамдармен байланысқа түспеуді және күмәнді сілтемелерді ашпауды түсіндіріңіз.
* Интернетте жағымсыз жағдайға тап болған жағдайда, бала сізге еш қорықпай хабарлай алатындай сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

Есіңізде болсын! Цифрлық қауіпсіздік – тек бақылау мен шектеу емес, ең алдымен ата-ананың сенімі, түсіністігі және қолдауы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы