САУРАН: САУ БОЛУ – СӘНДІ


Салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі қағидалар:
1. Зиянды әдеттерден аулақ болу. Алкоголь мен темекіден бас тартқан кезде көптеген өмірлік көрсеткіштер айтарлықтай жақсарады. Тіпті ми жақсы жұмыс істей бастайды.
2. Дұрыс тамақтану. Әрқашан дұрыс әрі пайдалы тамақтану қажет. Күнделікті рационымызға көкөністер, жемістер, витаминге бай құнарлы тағамдарды қосу. Жасанды қоспалар мен күрделі рецепттерсіз қарапайым, пайдалы тағамға ауысқанда ас қорыту айтарлықтай жақсарады, қан қысымы қалыпқа келеді. Көбірек энергия мен күш пайда болады. Дұрыс тамақтанбаудың жағымсыз салдары бірден білінбейді. Организм ағзалар мен жүйелердің қызметінің бұзылысын өтей алмайтын болған кезде ауру дами бастайды. Жылдар бойы жинақталған өзгерістердің бетін қайтару қиын. Бұл үшін сәйкес емделу, уақыт және науқастың тарапынан дәрігердің ұсынысын қатаң орындау қажет. Көп мөлшерде күніне 1, 5-2л су ішуге тырысу қажет.
3. Қозғалыс. Дене белсенділігі адамға қалыпты өмір сүру ұшін қажет. Спорт кезінде дененің барлық жүйелері белсендіріледі, қанмен қамтамасыз ету және газ алмасу жақсарады. Кем дегенде аптасына 3 рет жаттығулар жасау, жаяу таза ауаға серуендеуге шығу.
4. Күйзелістерді болдырмау, өз психикалық денсаулығымызға көңіл бөлу. Жағымсыз, келеңсіз жағдайлардан аулақ болу. Біздің жақсы көңіл- күйіміз бен позитивтілігіміз, бізді ауыртпауға және әрқашан сергек болуға көмектеседі.
5. Жеке бас гигиенасын ұстану. Өзімізді, қоршаған ортаны таза үстау. Жұқпалы аурулардың алдын алу: жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.
Дені сау болу-сәнді. Осы сәнді әрқашан қолдап, ұстанайық. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деп Артур Шопенгауэр айтқандай, денсаулығымызды бағалайық әрі дұрыс күте білейік.
Диана МАНСУР,
Сауран аудандық емхана медбикесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы