Қазақстан Республикасының Конституциясы мен халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес, Сауран ауданында әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі болып табылады. Аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары және қоғамдық ұйымдар өзара үйлестірілген түрде адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметті күшейтіп, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Қазақстанда туған әрбір азамат пен азаматшаның өз құқығы бар. Конституцияға сәйкес, әрбір адамның құқығы заңмен қорғалған. Заңның күшін жүзеге асырып отыратын және қорғайтын – сот жүйесі. Адамның құқықтары мен бостандығын, сот арқылы қорғалуын жүзеге асыруды ақпараттық тұрғыдан дұрыс жеткізу маңызды.
Қазақ елі XV ғасырдан бері бірнеше заң жүйесін, сот реформасын бастан кешірді. Әр заманның өзіне тән ерекшеліктеріне қарай адам құқықтары қорғалып отырды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Конституцияға бірнеше мәрте өзгеріс енгізілді. Оны халыққа дұрыс жеткізу, таныстыру жұмыстары да жүргізілді. Қарапайым халық өз құқығын біле ме? Өз құқықтары мен заңдар туралы ақпаратпен қаншалықты таныс?
Оқымаған, сауаты жоқ адамнан «өз құқығы» туралы сұрасаңыз, білмейтіні анық. Ал, жастайынан білім алып, ізденген адам «өз құқығын» жақсы біледі. Бұрын, «Заң», «Сот», «Конституция», «құқық» сияқты терминдердің мағынасын еліміздегі жетпіс пайыз адам жете түсіне бермейтін. Білетіндердің өзі «заңгер» немесе сол мамандықты меңгеріп жатқан студенттер еді. Қазір, халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Сондықтан, өз құқығын білетін, заң тұрғысынан сауатты қоғам қалыптасып келеді. Әлеуметтік желілер дамыған заманда, құқық пен негізгі ережелерді білмеу – қате. Кез келген адамның өз міндеттері мен өз құқықтарын білуі маңызды. Жоғарыда айтылғандай, құқықтық сауаттылықтың маңызы зор. Себебі, ең бірінші кезекте, конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттің ақшасына оқып, білім алуға құқылы.
Құқықтық тәрбие – қоғамдағы құқықтық сана мен азаматтық мәдениетті қалыптастырудың негізгі аспектілерінің бірі. Қазақстанда құқықтық тәрбие мен құқықтық сауаттылық мәселелеріне мемлекет тарапынан да, қоғамдық ұйымдар тарапынан да ерекше көңіл бөлінеді. Құқықтық тәрбие беру, әрбір азаматты түрлі жайсыз жағдайларға ұшырап қалудан сақтайды.
Негізгі құқықтар мен міндеттерді, заңдылық пен әділеттілік принциптерін түсіну белсенді азаматтық ұстанымның ажырамас бөлігі. Құқықтық сауаттылық дағдылары бар адамдар өз мүдделерін тиімді қорғай алады, өмірдің әртүрлі салаларындағы құқықтарын түсінеді және қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қатыса алады. Құқықтық білім беру азаматтарға заңнамадағы өзгерістерден хабардар болуға көмектеседі, бұл заңдар мен нормативтік актілердің сақталуына, демек, жалпы қоғамның құқықтық мәдениетінің өсуіне ықпал етеді.
Құқықтық білім беру де құқық және құқықтану саласындағы кәсіби кадрлық базаны қалыптастырудың негізгі элементі болып саналады. Білікті заңгерлер, судьялар, прокурорлар, адвокаттар және басқа да мамандар қоғамдағы құқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, заң үстемдігін дамытуға үлес қосуда.
Құқықтық ережелерді білмеу және оларды орындамау қазіргі қоғамдағы кірістерді жоғалтудан бастап, бұзықтық, алаяқтық әрекеттерге дейін алып барады. Яғни, дамыған, сауатты, пайымды адам боламын десеңіз өз құқықығыңызды білу мен оны сот арқылы қорғаудың шарттарын түсінуден бастағаныңыз жөн. Егер, өз құқығыңыз бен ҚР ережелерін білсеңіз, кез келген жағдай мен туындаған мәселелерден оңайлықпен шыға аласыз. Қарапайым өзіңіз тұратын отбасы ішіндегі құқық бұзушылықтан бастап, мектеп пен ЖОО-дағы, көлік пен жұмыстағы құқық бұзушылықтарды қамтығанда, өміріңіздің соңына дейін пайдасы бар.
Тіпті, Конституциямыздың бірінші бабының бірінші ережесінде «Қазақстанның ең басты қазынасы – адам және адам өмірінің құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Ендеше, адам баласы өз құқықтарын қайдан біледі және қайдан үйренеді?
Қазақстанның барлық оқушыларына мектепте 9 сыныптан бастап, 11 сыныпқа дейін «құқық» пәні оқытылады. «Құқық» сабағында оқушылар өз құқықтарымен танысып, құқықтарын қорғауды үйренеді. Бұдан бөлек, бірінші сыныптан бастап, мектеп тәрбие сағатттарда құқық туралы жеңіл тақырыптар қозғала бастап, әр балаға істеуге болатын немесе болмайтын ережелермен таныстырылады, өздерінің құқықтары туралы эссе де жазыла бастайды. Қазақстанның сауатты жастарын тәрбилеу осыдан бастау алады десек те болады. Одан бөлек, балаға отбасы тарапынан кішкентайынан өз құқығын білуді үйреткен дұрыс. Бала кішкентай кезінде әке-шешесін мойындап, олардың айтқандарын көңіліне түйіп өсетіні сөзсіз.