
Халықтың тұрмыс сапасын арттыруда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігі ерекше рөл атқарады. Бұл санаттағы өнімдер – күнделікті тұтынуға қажетті нан, сүт, күріш, күнбағыс майы, қант, ұн, тұз, картоп, пияз және т.б. болып табылады. Осы тауарларға бағаның тұрақты әрі негізсіз көтерілмеуі – мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың басты назарында. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына тұрақты мониторинг жүргізіліп, көтерме және бөлшек сауда орындарымен келісімдер жасалуда. Сонымен қатар, өңірлерде тұрақтандыру қорлары құрылып, арзандатылған өнімдерді тікелей тұрғындарға жеткізу тетіктері іске асырылуда. Бұқаралық ақпарат құралдарында осы бағыттағы жұмыстар туралы кеңінен ақпарат тарату – қоғамда ашықтық пен сенімді арттырады. Сонымен бірге, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қорғауға бағытталған шаралар туралы нақты әрі түсінікті ақпарат ұсыну – мемлекеттік органдардың жауапкершілігінің бір бөлігі болып табылады. Жалпы алғанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру – бұл тек экономикалық емес, әлеуметтік мәні зор міндет. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
Түркістан облысы Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы М.Әшімханова