ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-НІҢ БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлының бұйрығымен Дінислам Нартайұлы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары лауазымына тағайындалды.

Дінислам Нартайұлы 1999 жылы Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген, білімі жоғары. Академиялық инновациялық университетті Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:
2020-2022 ж.а Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық
орталығы» КММ-нің «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің инспекторы
2022 — б.к.д
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Марапаттары:
• 2023 жылғы Түркістан облысы әкімінің алғыс хаты
• 2023 жылғы Түркістан облысының әкім орынбасары алғыс хаты
• 2023 жылы өткен Республикалық жастар қозғалысының волонтерлер форумының спикері
• 2023 жылы Туркия елінде орын алған жер сілкінісі кезінде елімізден гуманитарлық, көмек жеткізуші ерікті
• 2024 жылы «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды азаматтық қоғам арқылы әлеуметтендіру және жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру» жобасы бойынша 1 000 000 теңге грант жеңімпазы.

Құрметті Дінислам Нартайұлы жаңа қызметте сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы