ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ


Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Мәжілісте рейтингтік индикаторлық көрсеткіштердің 2025 жылдың 9 айындағы қорытындысы мен орындаушылық тәртіптің жай-күйі қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Олжас Булегенов баяндама жасап, есепті кезең қорытындыларымен таныстырды. Түркістан қаласы облыстық рейтинг бойынша екінші орынға көтерілген. Қала бойынша жалпы 84 нысаналы индикатор бекітіліп, олардың басым бөлігі бойынша оң динамика байқалған.
Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы мәжіліс барысында бірқатар салаларға тоқталып, полиция басқармасының жұмысына сын айтты. Ол құқықбұзушылық пен жол-көлік оқиғаларының көбеюі тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтті.
Сондай-ақ, жолаушылар көлігі, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларының жұмысы сынға алынды. Әкім қаржыландыру жоспарына негізсіз өзгерістер енгізу және мемлекеттік сатып алу барысында айыппұлдардың орын алу себептерін егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің басшысы Ердәулет Төрехан баяндама жасады. Ол есепті кезеңде құжат айналымы, хаттамалық тапсырмалар мен бақылау жүйесі бойынша атқарылған жұмыстар жайын баяндады.
Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарына талдау жасалды. 2025 жылдың 9 айында қала әкімі 14 жеке қабылдау өткізіп, 146 азаматтың өтінішін тыңдаған. Ал қала әкімінің орынбасарлары 70 қабылдау өткізіп, 349 азаматты қабылдаған.
Мәжіліс қорытындысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы барлық бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
«Жылдың соңғы тоқсаны – қорытынды кезең. Әрбір бөлім өзіне жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындауы қажет. Формализмге жол берілмейді. Барлық тапсырмалар мен көрсеткіштер – менің жеке бақылауымда», – деді қала басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы