
Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш болып саналады. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Еліміздің әскер қатарына қосылып — Отан алдындағы борышын өтеу әрбір ер азаматтың қасиетті парызы. Міне, биылда осы Отан алдындағы борышын өтеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге 1000-ға жуық бозбалалар келуде. Батыс өңіріне келген жастар еліміздің әр аумағынан іріктелініп алынады. Мәселен, халық саны миллионға жететін Алматы немесе Шымкент, сондай-ақ, Түркістан, Ақтөбе, Атырау сынды қалалардан келеді. Алайда, әскер қатарына алынған жас жеткіншектер өздерінің қызметтері туралы толық біле бермейді. Дегенмен, поездар жөнелтілетін вокзал торабын аттаған сәттен-ақ, Ұлттық ұланның негізгі қызметі туралы ақпараттарды ала бастайды. Осы орайда, жас толықтырушыларға көмекке әскери бөлімдерден арнайы дайындалған брошюралар мен «Қалқан» әскери газеті мен «Бүркіт» журналы келеді. Үйлерінде отырған ата-анасынан жырақтап кеткен боз балалар, темір жолда тұрған поезд вагонының ішіне кірген сәттен-ақ, өзара достасып, бір күндік емес, бір жылдық дос, жора-жолдас табады.
Еліміздің Батыс аймағына Оңтүстіктен келер жол қысқа да емес, темір жол үстінде жүрген екі-үш күн ішінде жас жеткіншектер өзара сырласып, қызықты әңгімелерін айтып, өздерінің арман мақсаттары мен бөліседі. Алайда, уақыт ешкімнің еншісінде емес қой, жас отан қорғаушылар үшін үш күн көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Үш күн өте шыққан соң, күннің батуы мен таңның атуына қарамастан жас жеткіншектерді теміржол вокзалынан өздері қызмет ететін әскери бөлім командирі мен аға офицерлер қарсы алады. Әскери бөлім оркестрінің сазды әуенімен, көтеріңкі көңіл күймен шыққан жас жеткіншектерді поездан түскен соң, сапқа тұрғызып әскери бөлім аумағына алып кетеді.
Дәл, осы сәтте әрбір ер азаматтың тұла бойын, абырой, атақ, даңқ пен қатар қуаныш сермеп, бір тылсым сезім пайда болады. Әрине, бөтен қала, таныс емес жер, жас балаларға әсер ететіне сөзсіз. Әскери бөлімге бет алған жас толықтырым, әскери бөлімнің бақылау өткізу пунктінен өткен сәттен бастап, жас жеткіншек емес, жас сарбаз отан қорғаушы деген атаққа ие болады. Ең алғашында жас сарбаздарды әскери бөлім аумағында салтанатты түрде қарсы алып, әскери қызметке дайындай бастайды. Алыс жолдан келген жас сарбаздар ең алдымен жуынып-шайынып өздерін ретке келтіріп, бір жыл аралығында киетін әскери формасын алуға кіріседі. Әскери форманы қолдарына алып, киіп көрген жас сарбаздар өте ерекше сезім болады. Себебі әскери форма, отан алдындағы борышыңды өтеу барысында ерекше көзге түсетін фактор болып табылады. Осы сәттен бастап жас сарбаздар әскери өмірді сүре бастайды.
Әскери қызмет туралы ешқандай тәжірибесі болмаған сарбаздарды ең алдымен әскери өмірге бейімдеу үшін 1 айлық жас жауынгер курсынан өткізеді. Оқу пунктіне келген жас сарбаздарға ең алдымен әскери бөлім дәрігерлері қабылдайды. Әрбір жас сарбаздың денсаулығын жіті бақылап, жол үстінде сырқаттанған сарбаздарды емдеуге кіріседі. Сонымен қатар оқу пунктіне келген әрбір сарбаздарды ең алдымен әскери бөлім психологтары қабылдайды. Олардың бұл оқу пунктінде алатын орны ерекше. Себебі әр сарбаз бен жеке әңгіме өткізіп, әрқайсысының мінез-құлқын зерттеп, зерделеп ақпараттар жинау оңай шаруа емес. Дегенмен әскери бөлім психологтары бұл қиындықпен бірінші рет кезігіп тұрған жоқ. Әр толықтырым сайын, оқу пунктінде қызмет атқаратын психолог мамандар үшін бұл тұрғылықты жағдай болып кеткен. Әскери психолог мамандар, әрбір жас сарбаздың әскери өмірге бейімделуіне өте үлкен үлес қосады.
Оқу пунктінде жас сарбаздар, әскери киімді киюді, әскери киімге ақ жағаны тігуді сонымен қатар, жатын төсек-орындарын реттеуді үйренеді. Сонымен қатар, саптық дайындықта бой түзеп, аяқ алысын бірдей алып жүруге машықтанады. Жалпы атап айтқанда аталмыш 1 ай ішінде нағыз әскери қызметкер отан қорғаушы болып шығады.
«Мен еліміздің қалқаны атағын алған Ұлттық ұлан сапына өз еркіммен шақыртылған болатынмын. Әскерге шақырту қағазы келген сәтте, көп ойланған жоқпын. Себебі, менің ағам мен әкемде отан алдындағы әскери борыштарын өтеп қайтқан болатын. Сондықтан да, әскер қатарына қызығып, шақыртылғаныма қуанып бірден дайындала бастаған едім. Әскери өмір көзіме қиын болып көрінгені рас, алайда бұл қиындық емес бұл біздің борышымыз. Сол себепті де бұл борышты кез келген жастар орындауы керек. Әкем мен анам әскерге барам деген шешіміме аса қатты таңқалған жоқ. Әкем қатты қуанып ер жетіпсің балам деп арқамнан бір екі рет қағып қойды. Сол сәтте өзіме деген сенімділік пен мақтанышым арта түсті. Әкем мен анамның маған артқан сенімдерін ақтап, отан алдындағы борышымды өтеу мен үшін үлкен мақтаныш. Әскери-дәрігерлік тексерістен сүрінбей өтіп, өзімнің Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Атырау қаласында орналасқан 5546 әскери бөліміне жіберілетінімді білдім. Шашымның тақырлап алынғаны, әскери киімнің үстіме киілуі мені тек алдыға жетеледі» — дейді түркістандық сарбаз Сари Бекболат
Бұл әскер қатарына жаңадан келген жас сарбаздардың бойында қалыптасқан сөздері. Барлығының бойында тек қуаныш пен мақтаныш сезімдері тұр. Көздерінде от ойнаған жас сарбаздар бүгінгі таңда оқу пунктінде бір айлық жауынгерлік курсын өтіп жүр. Оқу пунктіндегі дайындықты аяқтаған сәтте ең алдымен жас сарбаздар психологиялық дайындығын бекіту үшін қарудан сынақ оқтарын атып өздерінің дайындықтарын жетілдіре түседі. Оқу пунктін аяқтаған сарбаздарды алдарында әскери қызмет, яғни қала көшелеріндегі тыныштықты сақтау және түзету мекемелерін күзету қызметі күтіп тұр. Деген ең алдымен жас сарбаздар отан алдындағы борышын мінсіз атқаруға өз ата-ана, туыс бауырларының алдында салтанатты түрде ант қабылдайды. Осылайша жас сарбаздардың әскери өмірі өз жалғасын табады.