
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында: «Адал азамат деге¬німіз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнық¬тыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды», деген еді.
Пайымдап қарасақ, қолында ешқандай билігі жоқ, маңдай терін төгіп жұмыс істеп, нәпа¬қасын тауып жүрген қарапайым адамдардың көпшілігін жұрт¬шылық «Адал азамат» деп құр-меттейді. Әрине қарапайым адамдардың ішінде де біреудің ала жібін аттауға бейім тұратын, арам жолмен пайда табуды арсынбайтын пысықайлар некен-саяқ болса да, кездесіп қалады. Ал бүгінде үлкенді-кішілі ең¬бек ұжымдарын басқарып жүр¬ген басшылардың арасында қарамағындағы адамдар мен былайғы жұрт «Адал азамат» деп құрмет тұтатын тұлғалар сирек. Өткен ғасырдың 90-жыл¬дарындағы экономикалық дағ¬дарыс кезінде еліміздің ауыл шаруашылығы саласы құл¬дырап, көптеген ауылдың тоз-тозы шығып, тұрғындары жайлы тұрмыс іздеп басқа жаққа үде¬ре көшкендігінің негізгі себебі – сол кездегі кеңшарлар мен ұжым¬шарлар басшыларының көбі халықтың жағдайын ойламай, қара бастарының қамын күйт¬теп, құлқындарының құлы болып кеткендігі.
Әйтпесе ауыл шаруашылығын жекешелендірудің бірінші кезеңінде мемлекет тарапынан оларға мол мүмкіндік ұсынылған. Бұрынғы кеңшарлар ұжымдық кәсіпорындар болып қайта ұйымдастырылып, олардың басшыларына шаруашылықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін мүліктік пайдың 10 пайызы берілді. Бұған қоса, олардың басқаруына 5 жылға тағы соншалықты үлес сеніп тап¬сырылды. Егер оң нәтижеге жеткен жағдайда бұл үлес олар¬дың меншігіне өтетін болды. Осы тарихи мүмкіндікті кешегі кеңшарлардың «қызыл директорлары» қалай пайдаланды деген сауалға жауап іздеу үшін ауыл¬дық елді мекендердің қазіргі жағ¬дайына зер салу жеткілікті. Бақ-береке қонып, көркейген ауыл аз, керісінше, құты қашып, азып-тозған ауыл көп. Неге бұлай болды?
Ауылдарды сақтап қал¬ған¬дар «Адал азамат» деп айту¬ға лайық арлы басшылар бар. Тәуелсіздіктің қиындығы көп алғашқы жылдарында іскерлігімен қатар, биік адам¬гершілік қасиеттерімен та¬нылған азаматтар ғана елге тірек, көпке пана бола білді. Сонымен қатар сол бір күрделі кезеңде «қызыл директорларға» үлкен сенім көрсетілгенімен, олардың іс-әрекетіне жергілікті билік пен жұртшылық тарапы¬нан қатаң бақылау қойылма¬ғандығы – елеулі қателік болды. Салдарынан олардың көбі тура жолдан тайып, оңай байып қалу үшін ойларына келгенін істеді. Мұның аяғы талай ауылдың ой¬ра¬нын шығаруға әкеліп соқтырды.
Қазір ауылдардағы әртүр¬лі меншік нысанындағы шаруашы¬лық басшыларының ішінде өздерін «бүгінгі помещиктерміз» деп санап, кеуделеріне нан пісіп жүргендер аз емес. Олар «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңның 40-бабына сәйкес өндірілген өнімді сатудан түскен табыстың қанша екендігін серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында жариялап, әділ бөліске салуды ұмытқалы қашан?! Есе¬сі¬не өздері «қолында барда қонышынан басып», талайы долларлық миллионерге айнал-ған. Жыл қорытындысында жұмыскерлерге – сый¬ақы, пай мен жер үлесі иеле¬ріне дивиденд төлейтін шаруашылық басшылары некен-саяқ. Сон¬дықтан да ауылды жерлер¬дегі серіктестіктердің қолда¬ныс¬тағы заңнама талаптарын орын¬дауын прокуратура орган¬дары, кәсіподақ ұйымдары, мәс¬лихаттардың депутаттары, бел¬сенді азаматтар жүйелі түрде қадағалап отырса, құба-құп.
Ең бастысы, кім болсаң да адал еңбекпен адал табыс тауып, «Адал азамат» атану – зор құрмет екенін түсінетін уақыт жетті.