
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңір тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Онда өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады. Қабылдауда газ, баспана кезегі және су есептеуіш құрылғысының жұмыс істеуі мәселелері көтерілді.
Түркістандық тұрғын газға берешек қарызын жабуды және үйін жөндеуге көмек көрсетуді сұрады. Өткен жылы демеушілер есебінен қарызы төленген. Қазір қарыз қайта жиналғандықтан үй газдан ажыратылды. Демеушілер табылған жағдайда көмек көрсетіледі.
Түркістандық тұрғын су есептегіштің дұрыс есептемеуіне шағымданды. Тексеру барысында есептегіш көрсеткіштері жүйеге уақытылы енгізілгені анықталды. Бірақ тұрғын төлемдерді уақытында жасамағандықтан қарыз 28 656,62 теңгеге жеткені белгілі болды.
Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылының тұрғыны су мәселесіне шағымданды. Ауданда 1338 км су құбыры, 74 ұңғыма, 71 мұнара және 21 резервуар жұмыс істейді. Ауыз суды үш мекеме жеткізеді, тұрғындар қазіргі кезде сумен тұрақты қамтамасыз етілген.
Баспана мәселесі: 2025 жылы қалада тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 944 пәтер беріледі деп жоспарланған. Биылдың өзінде 432 отбасы жаңа баспана алды.
Барлық өтініштер ескеріліп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау үшін тиісті басқармаларға тапсырма берілді. Басты міндет – тұрғындардың мәселесін дер кезінде тыңдап, оң шешім қабылдауға көмек көрсету.
Айта кетейік, қазір еңбек нарығында ауқымды өзгерістер болып жатыр. Онда цифрлы экономиканың рөлі арта түспек. Платформалық жұмыспен қамту жүйесіне қызығушылық артып келеді. Осы секторда қазірдің өзінде жарты миллионнан астам адам жұмыс істейді. Алайда олардың еңбек құқықтары толық қорғалмаған. Сондықтан осы санаттағы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың нақты тәсілдерін әзірлеп, платформалық жұмыспен қамту мәселесін түгел реттеу қажет.
Өндірістік жарақат алудың жиілеуі өте өткір мәселе болып отыр. Үкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын осы жылдың соңына дейін қабылдауға тиіс. Бұл құжат жұмыс орнындағы кәсіби сын-қатерлердің алдын алуға және жоюға бағытталуы керек.
Менің тапсырмаммен Үкімет зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетіктерін әзірледі. Бұл бұрыннан талқыланып жүрген мәселе болатын, енді шешімі табылды. Оның мынадай өлшемдері бар. Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленеді. Парламенттен Үкіметтің ұсыныстарын жедел қарауды сұраймын. Азаматтар осы мәселе шешімін табады деп күтіп отыр.
Аталған бағытта өңір көрсеткіштеріне тоқталсақ, биылғы жылдың алғашқы күндеріндегі көрсеткіш бойынша облыс халқының саны 2142 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық елді мекендерде – 528,1 мың адам, ауылдық елді мекендерде – 1613,9 мың адам бар. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда адам саны 22,8 мыңға немесе 1,1 пайызға өскен. Өткен жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс халқының табиғи өсімі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға кеміген.
Біз мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін бағалауда Мемлекет басшысының «Әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет» деген пікірін ескеруіміз қажет. Себебі халық үшін ең бастысы – нәтиже.
Жолдауда мемлекеттік орган¬¬дардың азаматтардың өтініш¬терін қарауына қатысты оларды талдау қажеттілігі ұсы¬нылды. Бұл туралы Жолдауда өтініштерді қарауға қатысты жұмыстың бірыңғай экожүйесі қалыптаса бас¬тағанының маңыз¬дылығы, мұның халықтың қажет¬тілігі мен талап-тілегін нақты біліп отыруға мүмкіндік беретіні, осы орайда мемлекеттік органдар өз жұмысын жетілдіру үшін азаматтардың өтініштерін талдауға көбірек назар аударуға тиіс екені айтылған.
Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді.
Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.
Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.
Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек, – деді Президент.