ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІН ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙТУ – НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ — 2


– Несиесін өтей алмай жүрген адамдар біздің газетімізге жиі хат жазып, қоңырау шалады. Жалпы, халықтың қарызға батуы күрделі мәселе болып тұр. Осы мәселені шешу үшін не істеліп жатыр?
– Мен азаматтарымыздың қарыз¬ға белшеден батқанына қатты алаң¬даймын. Себебі бұл мәселе жұрттың әлеуметтік жағдайына және еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Мен 2019 жылы Мемлекет басшысы ретінде қол қойған алғашқы құжаттың бірі қиын жағдайға тап болған азаматтардың борышын азайту туралы Жарлық еді. Сол уақытта 500 мың адамның кепілсіз алған несиесі кешірілді. Бұл бірреттік шара болатын. Ал 2023 жылы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң күшіне енді. Мұның бәрі мәселенің ушығып кетпеуіне ықпал етті. Осы жағдайды түбегейлі өзгерту үшін былтырғы Жолдауымда Үкіметке тың шараларды қолға алуды тапсырдым.
Негізінен, бұл жағдайға жұрттың қаржылық сауаттылығының төмендігі себеп болып отыр. Екінші жағынан, тұтыну несиесін беру тәртібін және коллектор ұйымдарының қызметін қатаң реттеу керек.
Сол үшін нақты шаралар қолға алынып жатыр. Мысалы, соңғы жылдары банктер мен микрокредит ұйымдарына қойылатын тұтыну несиесі капиталының көлеміне қатысты талаптар бес есе күшейтілді. Төлеу мерзімі өтіп кеткен берешегі бар адамдарға несие беруге тыйым салынды. Сондай-ақ қарызын уақтылы өтей алмаған борышкерге 90 күннен әрі айыппұл салуға болмайды. Коллектор агенттіктеріне тұрақты тексеру жүргізіледі.
Борышкерлер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнамаға ен¬гізілетін түзетулер әзірленді. Бұл өз¬герістер банктерге, микрокредит ұйы쬬дарына және коллектор агент¬тік¬теріне талапты одан да күшейте түседі. Несиелерді коллектор компаниялары¬на сатуды шектеу ұсынылады. Коллек¬тор компания¬лары қарызды өзіне ал¬ған соң мәселені реттеп көруге мін-дет¬ті болады. Банк омбудсменінің өкі¬лет¬тігі де кеңейтіледі. Қазір бұл құжат¬ты Мәжіліс депутаттары қарап жатыр. Мен бұл бас¬таманы қолдауға дайынмын.
– Қазір көптеген отандасымыз қымбатшылық белең алғанына, тариф¬¬тердің өсіп жатқанына, жұмыс¬¬сыздық мәселесінің шиеленіс¬кеніне және аймақтардағы жалпы ахуал¬ға алаңдап отыр. Күнделікті күйбең¬нен және аяқ астынан туындай¬тын түйт¬кілдерден бас көтере алмай жат¬қан қазіргі Үкіметтің стратегия¬лық міндеттерді іске асыруға қау¬қа¬ры бар ма? Сіз Үкімет жұ¬мы¬сы-ның тиімділігіне қандай баға бересіз?
– Кез келген елдің Үкіметі страте¬гия¬¬лық міндеттері мен күнделікті жұ¬мы¬сын қоса атқарады. Бізде де солай. Ең бастысы, тиімді жоспарлау және ресурстарды орынды пайдалану керек.
Үкіметтің қазіргі құрамы былтыр көктемде ғана жасақталды. Конституциялық реформа жасалып, Парламент сайлауы өткен соң алдыңғы Парламенттің де, Үкіметтің де мандаты күшін жойды. Конституцияға сәйкес бұрынғы Үкімет жаңадан сай¬ланған Мәжіліс депутаттарының алдында өз өкілеттігін тоқтатты. Сай¬лауда ең көп дауыс алған «Amanat» партиясы Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды. Әрине, партия мұны Президентпен ақылдаса оты¬рып жүзеге асырғанын жасырмай¬мын. «Amanat» партиясының сайлау ал-дындағы тұғырнамасының экономи¬каға қатысты бөлігі қазіргі Үкіметтің бағдарламасы негізінде жасалды.
Бүгінде Үкіметтің өкілеттігі айтар¬лық¬тай кеңейді. Қыркүйек айында құры¬лымы өзгерген Президент Әкім¬шілігі еліміздің әлеуметтік-экономи¬калық дамуына қатысты стратегиялық бағыттарға баса назар аударатын болды. Енді Әкімшілік бұрынғыдай Үкіметті, кейбір министрліктер мен ведомстволарды жетелеп жүрмейді. Президент Әкімшілігі атқарушы биліктің қызметіне араласпай, бас¬ты саяси штаб ретінде ғана жұмыс істейді. Осыған дейін екі органның да құзырында болған бірқатар өкілеттік Үкіметке берілді. Түрлі салаға қатысты шешім қабылдау құқығы Үкіметке және басқа да жауапты органдарға өтті. Аймақтардың бюджетке қатысты дербестігі арта түсті.
Бір сөзбен айтсақ, қазір Үкіметтің өнімді жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктері жеткілікті. Атқарушы билікке жан-жақты ойластырылған іс-қимыл стратегиясы және өз міндетін тиімді жүзеге асыруға деген ынта-жігер ғана қажет. Дербестікке және қосымша өкілеттікке ие болуға ұмтылған Үкімет қалағанын алды. Бірақ «алмақтың да салмағы бар», оларға қойылатын талап та күшейді. Үкімет мұны түсінуге тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы