ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ КҮШЕЙТУ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ


«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы биыл cайлауалды бағдарламаның өңірдегі міндеттерін жүйелі түр¬де орындап, нақты нәтижелерге қол жеткізді.
Басты назар – сайлау алдында берген уәделерімізді орындауға, азамат¬тардың өмір сүру сапасын жақсартуға, тұрғындардың табы¬сын арттыруға, аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрақ¬тылығын сақтауға, тұрғындардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық сенімді күшейтуге арналды. Түркістан облы¬сында жыл басынан бері партия қатарына 3 220 адам қабыл¬данып, партия мүшелерінің саны 84 879 адамды құрады. Жыл¬дық жоспар 185 пайызға артығымен орындалып, пар¬тияластарымыздың қатары едәуір кеңейді. Жаңа мүшелердің қа-былдануы партияның сапалық құрамын нығайтып, қо¬ғаммен жұмыс жүргізу әлеуетін күшейтті. Әртүрлі сала ма¬ман¬дарының, белсенді азаматтардың қосылуы партия жұ¬мы¬сының практикалық тиімділігін арттыра түсті.
Партияның cайлауалды бағдарламасын Түркі¬с¬тан облысында іске асыру жө¬нін¬дегі Жол картасында 136 ин¬ди¬катор, 568 іс-шара жос¬¬¬¬парланса, соңғы үш жылға жуық мерзім ішінде к嬬¬шенді жоспардың орындалуы 55 пайызға жетті, партия ба¬қы¬лауында тұрған 313 іс-шара то-лы¬ғы¬мен орындалды. Соның ішінде 2025 жылға жоспарланған 121 іс-шараның 77-сі немесе 63,6 пайы¬зы орын¬да¬лып, қалған¬дары¬ның іске асы¬рылуы тұрақты ба¬қы¬лауы¬мызға алынды. Облыс ау¬мағын¬дағы 28 нысанда пар¬тия¬лық бақылау бекеттері жұмыс іс¬¬теуде. Оның 7 нысаны Жол кар¬¬тасы аясын¬да болса, 21-і – бюд¬жет есебінен са¬лынып жатқан ны¬сандар. Жол картасындағы тәуе¬келі бар ны¬сан¬дардың құры¬лысына қатысты мә¬селелер облыс басшылығымен бірлесе қарастырылып келеді және олардың орындалуы қатаң бақылауға алынған. Мәселен, осы санаттағы «Созақ-Тасты-Қылти» автожолы мен Мақтаарал ауданындағы 4 мектептің құры¬лы¬сына қатысты мәселелер ше¬ші¬мін тауып, пайдалануға беріл¬се, Бәйдібек ауданы Шаян ауы¬¬лындағы 300 орындық мек¬теп¬тің құрылысы аяқталып, осы ай¬да іске қосылмақ. Түркістан қа¬ла¬сындағы Ана мен бала ор¬та¬лығының құрылысы Бі¬ріккен Араб Әмірліктерінің инвести¬ция¬сы есебінен қарқын алды.
Партия бекіткен жоспарда аг¬роөнеркәсіптік кешенге ылғал үнем¬деу технологиясын енгізуді 50 мың гектарға жеткізу көзделсе, есепті мерзімде бұл көрсеткіш 59 мың гектарды құрап, 118 пайызға ар¬тығымен орындалды. Бұл ба¬ғыт¬та Арыс қаласы мен Отырар ау¬даны аумағында 32 мың гек¬тар¬ға жаңа технологиялармен мақта егі¬ліп, ылғал үнемдеу техно¬ло¬гия¬сы қолданылды. Нәтижесінде, ор¬таша өнімділік облыстың ор¬та¬ша өнімділігінен екі есе артып, гек¬тарына 45 центнерден өнім жи¬налды. Алдағы уақытта егіс а묬қабы 60 мың гектарға жететін бо¬лады. Алынған мақта өнімін өң¬деуде Түркістандағы «Tұран» арнайы экономикалық айма-ғын¬да мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттауға арнал¬ған көпсалалы кешеннің құры¬лы¬сы басталды. Жоба құны 146,8 млрд теңгені құрап, толық циклді мақта өңдеу, тоқыма, иіру, мата өн¬діру, бояу, өңдеу бойынша 4 зауыт салынады.
Депутаттық корпуспен өзара іс-қимыл да айтарлықтай күшей¬ді. Облыстық, аудандық, қалалық мәс¬лихаттардағы фракция депу¬таттары өңірдегі өзекті мәсе¬ле¬лерді тұрақты көтеріп, олардың ше¬шіміне тікелей ықпал етіп ке¬леді. Жыл басынан бері депу¬тат¬тық фракциялардың 60 оты¬рысы өтіп, 140 мәселе қаралды. Де¬путаттар сайлауалды бағдар¬ламаның орындалуы мен қысқы жылу маусымына дайындық се¬кілді өзекті мәселелерді қарас¬ты¬рып, облыс әкімі орынба¬сары¬ның, салалық басқармалар мен ау¬дан, қала әкімдерінің, ком¬му¬налдық сала басшыларының есе¬бін тыңдады. Депутаттық кор¬пус алдында Түркістан облы¬сының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Құрылыс, Денсаулық сақтау, Білім, Жолаушылар көлігі және ав¬томобиль жолдары бас¬қар¬ма¬ла¬рының басшылары, Арыс, Тү𬬬-кістан, Кентау қалалары мен Мақ¬таарал, Қазығұрт, Келес, Ор¬да¬басы, Созақ аудандарының әкім¬дері, QazaqGaz Aimaq, «Ин¬тер Газ Орталық Азия», «Қаз¬Авто¬Жол» акционерлік қоғам-дары¬ның, Кентау қаласындағы №5 жылу энерго орталығының бас¬шылықтары, Түркістан, Түл¬кі¬бас, Сайрам, Төлеби, Келес ау¬дан¬дық фракция жетекшілері есеп берді, өзекті мәселелерді бір¬лесе қарастырып, ортақ ше¬шім¬дер қабылданды.
Облыстық саяси кеңес бюро¬сын¬да Түркістан облыстық Спорт жә¬не дене шынықтыру, Кәсіп-кер¬лік және өнеркәсіп, Құрылыс, Эко¬номика және бюджеттік жос¬парлау, Ауыл шаруашылығы бас¬қармаларының, 2 облыстық мәс¬лихат депутатының, 8 аудандық мәслихат төрағаларының, 5 ау¬дан¬дық фракция жетекшілерінің, 3 аудандық мәслихат депута¬ты¬ның есебі тыңдалып, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудағы белсенді қызметі, де-путаттық этиканы сақтау мәсе¬ле¬лері талқыланып, нақты ұсыным¬дар берілді.
Облыстық партия филиалы жанындағы кеңестер өңірлік проб¬лемалар талқыланатын, олар бойынша нақты шешімдер қабылданатын алаңға айналды. Осы мақсатта қызмет атқаратын 10 кеңестің 96 отырысы өтіп, 216 мәселе қаралды, жергілікті ат¬қару¬шы органдарға 641 ұсыныс жо¬л¬данса, оның 428-і немесе беріл¬ген барлық ұсыныстың 66,8 пайы¬зы орындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы