
Түркістан қалалық мәслихат депутаттарының тұрғындармен кездесулері ұйымдастырылуда.
Кездесулер қала аумағындағы секторлар бойынша белгіленген күндері мен уақыттарында өтеді.
Сіздерді белгіленген кестеге сәйкес өтетін кездесулерге белсенді қатысуға шақырамыз. Кездесулер барысында өз ұсыныс-пікірлеріңізді білдіріп, қала дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік бар.