Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, (әрі қарай — Басқарма) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) талаптарын сақтау, заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салуға жататын табыстарына (жалақы қоры) әлеуметтік салықтық шегерімдерін қолдануға құқығы бар жеке тұлғаларға қатысты Салық кодексінің талабын жұмыс барысында қолдану үшін және қатаң сақтау үшін жолдайды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 401-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке тұлға жеке салықтық шегерімдердің келесі түрлерін қолдануға құқығы бар:
      1) әлеуметтік төлемдерді салықтықтан шегеру;
      2) базалық салықтық шегерім;
      3) әлеуметтік салықтық шегерімдер;
2. Жеке тұлға:
      1) салық агентінде;
      2) салық агентінде қолданбаған кезде салықтық шегерімдерді өзі дербес қолданады.
      3. Салық салу объектісін айқындау кезінде салықтық шегерімдер осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәртіппен қатар қолданылады.

Салық Кодексінің 404-бабына сәйкес, әлеуметтік салықтық шегерімдер:
1) осы тармақшаны қолдану күніне адамның бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 000 еселенген мөлшері;
2) осы тармақшаны қолдану күніне адамның:
      үшінші топтағы мүгедектігі бар адам;
      мүгедектігі бар бала;
3) осы тармақшаны қолдану күніне адамның:
      он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір мүгедектігі бар бала үшін – осындай мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
       өмір бойына әрбір «бала кезінен мүгедектігі бар адам» деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған осындай адам үшін – адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
      асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір бала асырап алушы үшін – осындай адамдардың бірі;
      жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған әрбір ата-ана үшін – осындай адамдардың бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері.
Осы тармақшаның ережелері:
     қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдарымен еңбек қатынастарында болуына байланысты;
     Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға қатысты қолданылмайды.
2. Әлеуметтік салықтық шегерімдер осы салықтық шегерімдерді қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылда қолданылады.

Салық кодексінің 437-бабына сәйкес, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге салықтық шегерімдер осы Кодекстің 401 – 404-баптарында белгіленген нормаларға сәйкес қолданылады.
2. Базалық салықтық шегерім мен әлеуметтік салықтық шегерімдерді салық агенті төлем көзінен мыналардың:
     1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;
     2) әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады.
3. Жеке тұлға базалық салықтық шегерімді бір салық агентінен ғана қолдануға құқылы.
Яғни, жұмыс жасайтын жеке тұлға Салық кодексінің 404-бабында көрсетілген әлеуметтік салықтық шегерімдерді қолданатын болып табылған жағдайда, жұмыс орнына (салық агентіне) өтінішті және растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады және сол күнтізбелік жылы шегерімдерді салық агенті қолданады.

Түркістан қаласы бойынша
МКБ бас маманы А.Бижанова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы