ӘЗ-НАУРЫЗ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ


«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған «Наурызнама» онкүндігі аясында 22 наурыз – Жыл басы күнін ерекше мазмұнда атап өтті.

Айтулы мереке күні «ЦентрКредит Банк» АҚ-ның демеушілігімен музей-қорық ұжымы және банктің Түркістан қалалық филиалы қала тұрғындары мен қонақтарына арнап музей аумағында киіз үй тігіп, ақ дастарқан жайды.

Тағылымды жиынға музей-қорық директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев, директор орынбасары Мұрат Тастанбеков, сондай-ақ «ЦентрКредит Банк» АҚ өкілі Сәуле Жоламанқызы арнайы қатысып, жиналған жұртшылыққа ақжарма тілектерін жеткізді. Мерекелік көңіл-күйде өткен шара барысында қонақтар ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Айта кету керек, «ЦентрКредит Банк» АҚ бұған дейін де қоғамдық-мәдени бастамаларды қолдап келеді. Атап айтқанда, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні аясында музей-қорық қызметкерлері арасында өткен «Ұлттық ойын – ұлы мұра» атты жарыстардың жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табыстап, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты.

Ұлттық спорт пен ойын түрлері бойынша ұйымдастырылған жарыстарда қатысушылар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, күш-жігері мен батылдығын танытып, өзара ынтымақ пен достықты нығайтты. Наурызнама онкүндігінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен «ЦентрКредит Банк» АҚ басшылығына шынайы алғысымызды білдіреміз.

Азамат Әлібек, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының баспасөз хатшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы