ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтті. 22–24 сәуір күндері ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірінен 27 команда қатысып, 300-ге жуық қызметкер күш сынасты.
Чемпионат қорытындысы бойынша 90 келі салмақ дәрежесінде 4 белдесу өткізген Түркістан облысы Полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының инспекторы, полиция капитаны Қуандық Еркеғали Серғалиұлы бірінші орын иеленді. Қарсыластарының арасында оза шапқан, жеңімпаз Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дипломы және медалімен марапатталды.
Төлеби ауданы, Ленгір қаласында өмірге келген Еркеғали Серғалиұлы қызметінде де өзінің жауапкершілігімен, мінсіз қызметімен көзге түсіп жүрген азамат. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесі үшін күні кеше Отырар ауданында қазақ күресінен өткен жарыста тағы да жеңімпаз атанды. 90 келі салмақта бәсекелестерінің жауырынын жерге тигізген Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкеріне алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.
Е.САҒЫНДЫҚ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы