Қазір біз әлемді АЭС-ы барлар және АЭС-ы жоқтар деп екіге бөліп қарайтын болдық. Уақыт соған жеткізді. Атом энергиясын қолдану тәуелсіздік алғалы арагідік айтылып қалушы еді. Тіпті бірқатар алғышарт та жасалды. Курчатовта, Алматыда, Ақтауда реакторлардың іске қосылуы – соның дәлелі. Бірақ мәселе Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгеннен кейін белсенді қозғала бастады. Мемлекет басшысы энергия тапшылығы алқымнан алғалы тұрған шақта атомсыз алға жылжудың мүмкін еместігін айтты. Кәнігі сарапшылар да кәсіби дәлел келтірді. Әлем тәжірибесіне үңілсек те, атом туралы әңгіменің бекер айтылмағанын бағамдаймыз.
Егер атом станцияларының қызмет ету мерзімін экономикалық тиімділік тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда олар әдетте 60 жылға жобаланады. Осы мерзімнен кейін, кішігірім инвестициялармен, сіз 100 жылға дейін ұзарта аласыз. Осылайша, атом электр станциясы бір ғасыр бойы тұрақты қуат көзіне айналады. Керісінше, жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) орташа қызмет ету мерзімі шамамен 25-30 жыл, бұл жаңа нысандардың тұрақты құрылысын және айтарлықтай қаржылық инвестицияларды қажет етеді.
Жалпы тиімділік тұрғысынан, егер біз бүкіл қызмет ету мерзімінде бір киловатт-сағатқа электр энергиясын өндіру құнын қарастыратын болсақ, онда Атом энергиясы энергияның басқа түрлеріне қарағанда үнемді болуы мүмкін. Өз уранының болуын ескере отырып, бұл жанармай шығындарын одан әрі төмендетеді. Бастапқы инвестицияларды ғана емес, сонымен қатар бүкіл қызмет ету мерзіміндегі жалпы шығындарды бағалау маңызды.
Сондай-ақ, құрылыс мерзімдерін ескеру қажет. Күн электр станциялары тез салынады — бір-екі жыл, жел электр станциялары-шамамен үш жыл, ал бірінші атом электр станциясының құрылысы 6-7 жылға созылуы мүмкін. Мысалы, жақында Араб Әмірліктерінде жаңа блок 5 жыл ішінде пайдалануға берілді. Энергия тапшылығы жағдайында ЖЭК құрылыс жылдамдығына байланысты шынымен пайдалы. Дегенмен, тұрақты электр энергиясын ұзақ мерзімді қамтамасыз ету үшін атом станцияларын қарастыру қажет.
АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері дамыған державалар жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алды. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3%-ға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15%-ға дейін арттыру көзделуде. Сол себепті, АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсерін толық түсіну қажет.
Оңтүстік Корея 2038 жылға дейін 6 жаңа реакторды іске қосу¬ды жоспарлап отырған көрінеді. Е묬де қазір 23 энергоблок жұмыс іс¬тей¬ді және олар бүкіл электр энер¬¬гия¬сының үштен бір бөлігін өн¬ді¬ре¬ді. Сонымен қатар атом энер¬г嬬ти¬касы тариф өсімін де шек¬тей алып отыр дейді кәріс шенді¬лері. Егер осы күнге дейін көмір ар¬қылы энер¬гия тұтынып отыр¬ған болса баға қазір¬гіден 17 есе қым¬бат болады екен.
Францияда да жақын арада осыншама реактор салынбақ. Бұл елде атом энергетикасын дамыту 100 мыңға дейін жұмыс орнын құруға жол ашады. Ядролық энергия өндіруден көшбасшы саналатын Францияда қазір 50-ден аса реактор жұмыс істеп тұр. Жақын жылдары тағы алтауының құрылысы басталады дедік қой, соған 100 мыңға жуық адам жұмылдырылмақ. Жалпы алғанда, атом электр стансасын салу және пайдалану мынадай игіліктерді туындатады:
• Тікелей және аралас салаларда бірнеше мың жұмыс орны ашылады;
• Ауаға таралатын зиянды зат мөлшері азаяды;
• Электр энергиясы бұрын¬ғыдан да қолжетімді бола түседі;
• Әлеуметтік лифт күшейеді;
• Реактор маңайындағы елді мекендердің инфрақұрылымы жақсара түседі.
Сала сарапшыларының айтуынша ядролық реактор кө¬мегімен аз отын шығындай отырып көп энергия алуға, тұтынуға болады. Бұл – тиімді әрі экономикалық тұрғыдан пайдалы.
Ресейлік осы саланың ғалымы Р.Алиев АЭС-тегі жағдайды авиациялық жағ¬даймен салыстырып, түсі¬нікті мысал көрсеткен еді. Әуе кемесіндегі орын алған апат туралы барлығы естіп-білгенмен, күнде қаншама рейс ұшырылады. Сонда да ұшақ ең қауіпсіз көлік түріне айналған. АЭС-тен бас тартқан елдерде осы мәселеге қатысты қорқыныш әлі де бар. Мысалы, Чернобыльде болған жағдайдан кейін Италия АЭС құрылысына тыйым сал¬ған. Ал Фукусима апатынан кейін Жапония елдегі көптеген стансаның жұмысын тоқтатты. Германия да атомнан бас тартты. Бірақ Ресей, Қытай, Франция, АҚШ елі әлі күнге дейін АЭС құрылысын жалғастырып, олар¬ды пайдалануға ерекше ұмты¬лып отыр. Ұлыбританияда жаңа 20 энергетикалық блок салу жоспарланған, жаппай электр мобильге көшу мәселесі қолға алды. Елімізде баламалы энергия көздерін өндіруге ниетті. Сондықтанда бұл мәселе ел талқысына түсіп, 6 қазанда өтетін референдумда өз шешімін таппақ.