ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында өңірлердің теңгерімді дамуына, инвестиция тарту арқылы экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше мән беріп келеді. Мемлекет басшысы «Елдің дамуы ең алдымен өңірлердің дамуынан басталады» деп атап өтіп, әрбір облыс пен аудан өзінің ішкі әлеуетін толық іске қосуы қажет екенін нақтылаған болатын. Осы тұрғыдан алғанда Сауран ауданында қолға алынған 16 млрд теңгелік инвестициялық жобалар – Президент тапсырмаларының жергілікті деңгейде жүзеге асып жатқан айқын көрінісі.
Түркістан қаласында өткен халықаралық «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» форумында жалпы құны 432,2 млрд теңге болатын 7 маңызды меморандум бекітілді. Оның бірі Сауран ауданында іске асатын 16 млрд теңгелік агроөнеркәсіптік жоба. Жоба аясында шетелдік «Xiang Hopi i Ma Aerial Machinery» компаниясымен екіжақты меморандумға қол қойылған болатын.
Сауран ауданында жобаның жүзеге асырылуы – ауыл шаруашылығы саласын технологиялық жаңғыртуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға, заманауи агротехникалық шешімдер енгізуге мүмкіндік береді. Компания – топырақ өңдеу, егін жинау және агроөндірістік процестерді автоматтандыруға арналған жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге маманданған. Олардың өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көрші елдерге де экспортталады.
Бұл бастама тек бір ауданның ғана емес, тұтас Түркістан облысының экономикалық әлеуетін арттыруға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және өңірлік дамудың жаңа сапалы деңгейіне көтерілуіне тікелей ықпал етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында айқындалған негізгі басымдықтармен толық үндесетін бұл жобалар елімізде жүргізіліп жатқан жүйелі экономикалық реформалардың нақты нәтижесін көрсетеді.
Сауран ауданының инвестициялық мүмкіндіктері жоғары. Географиялық орналасуы, еңбек ресурстарының жеткіліктілігі, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласын дамытуға қолайлы жағдайы бұл аймақты инвесторлар үшін тартымды етеді. Мемлекет басшысы Тоқаев ауылдық аумақтарды дамыту мәселесіне ерекше тоқталып, ауыл – ел экономикасының маңызды тірегі екенін бірнеше мәрте атап өтті. Осы бағытта Сауран ауданында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, логистика, өндірістік инфрақұрылымды дамыту секілді салаларды қамтып, аудан экономикасының құрылымын жаңғыртуға жол ашады.
Инвестиция – бұл тек қаржы ғана емес, ол жаңа технология, басқару тәжірибесі және сапалы еңбек мәдениеті. Аталған инвестициялық жобалардың әлеуметтік маңызы да айрықша. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Экономикалық өсім әрбір азаматтың тұрмысында нақты сезілуі керек» деп атап өткен болатын. Сауран ауданында іске асырылатын жобалар нәтижесінде жүздеген, тіпті мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл аудан тұрғындарының, әсіресе жастардың жұмыспен қамтылуына оң әсер етіп, көші-қон үдерісін төмендетуге ықпал етеді. Тұрақты жұмыс пен табыс көзі – халықтың әлеуметтік тұрақтылығының басты кепілі.
Сонымен қатар инвестициялық жобалар жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл қаражат өз кезегінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, яғни мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, жолдар мен инженерлік желілерді жаңғыртуға бағытталады. Президент Тоқаев өз Жолдауларында әлеуметтік әділеттілік пен өмір сапасын арттыруды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы ретінде айқындаған. Сауран ауданындағы инвестициялық серпін осы мақсаттарға қол жеткізудің тиімді тетігі болып отыр.
Экономиканы әртараптандыру мәселесі де бұл жобалардың маңыздылығын арттыра түседі. Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелділігін азайтып, өңдеу секторын дамыту қажеттігін үнемі айтып келеді. Сауран ауданында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге, өндірістік кәсіпорындарды дамытуға бағытталған. Бұл аудан экономикасының бір ғана салаға тәуелді болмай, тұрақты әрі орнықты дамуына жағдай жасайды.
Инвестициялық жобалардың іске асуы өңірдің инфрақұрылымдық дамуын да жеделдетеді. Мемлекет басшысы өз Жолдауларында инфрақұрылымды жаңғырту экономикалық өсімнің негізі екенін атап өткен. Сауран ауданында жаңа өндірістердің ашылуы жол, электр, су, газ секілді инфрақұрылым нысандарының дамуын талап етеді. Бұл тек инвесторлар үшін ғана емес, аудан тұрғындары үшін де өмір сүру сапасының артуына әкеледі.
Сондай-ақ экологиялық және технологиялық талаптардың сақталуы да маңызды. Президент Тоқаев «Жасыл экономикаға көшу – бұл болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік» деп атап өткен. Қазіргі инвестициялық жобаларда экологиялық қауіпсіздік, энергия үнемдеу, заманауи технологияларды қолдану басты талаптардың бірі болып отыр. Сауран ауданында жүзеге асырылатын жобалар да осы қағидаттарды ескере отырып іске асырылуы өңірдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына негіз болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы