
Бүгін Түркістан қаласындағы «Turkistan Arena» стадионында өңір спорты үшін маңызды халықаралық футбол матчы өтті.
УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Алматының «Қайрат» футбол клубы Болгарияның «Левски» командасын Түркістан төрінде қабылдап, қарымта кездесу өткізді.

7 мың көрерменге арналған «Turkistan Arena» стадионына 6 461 жанкүйер жиналып, қазақстандық клубқа қызу қолдау көрсетті.
Қос команданың Болгарияда өткен алғашқы кездесуінде «Левски» 1:0 есебімен басым түскен болатын. Өкінішке қарай, Түркістандағы қарымта ойында да дәл осы есеп тіркеліп, «Қайрат» қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Нәтижеге қарамастан, мыңдаған жанкүйердің стадионға жиналып, отандық клубты қолдауы Түркістан өңірінде футболға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.
«Қайратқа» алдағы кездесулерде сәттілік тілейміз!
🇰🇿 Алға, Қазақстан футболы! 💙⚽