Сауран қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталды


«Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан облысы, Сауран ауданында орналасқан Сауран қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстарды бастады. Реставрациялық жұмыстар қалашық аумағындағы Сауран ханакасы мен медресесіне жасалады. Жұмыс барысында қабырғаның беткі қабатындағы зақымданған кірпіштерін ауыстыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар нысанды қоршап тұрған тіреу қабырғаларының үгітілген сылақ қабаты қайта сыланады. Қалпына келтіру жұмыстары қалашықтың тарихи-сәулеттік келбетін сақтай отырып жүргізіледі. Реставрация жоспарлы түрде, белгіленген мерзімде аяқталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы