«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Алмас Салимов бастаған облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды штабының мүшелері Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылының тұрғындарымен кездесті. Басқосудың негізгі мақсаты – партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстыру, өңірді дамытудың алдағы бес жылдық басымдықтарын түсіндіру және ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдау.
Кездесу барысында партияның Түркістан облысы бойынша әзірленген сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылды. Алмас Салимов алдағы бес жылда өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту және ауылдық елді мекендердің дамуына серпін беру бағытында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Оның айтуынша, сайлауалды бағдарлама өңірдің бүгінгі қажеттіліктері мен тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді ескере отырып әзірленген. Құжатта экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру секілді маңызды міндеттер қамтылған.
Бағдарламаның негізіне Ата заңымызда бекітілген Әділет, Заң мен Тәртіп, Жауапкершілік, Патриотизм, Прогресс және Келісім қағидаттары алынған. Бұл құндылықтар партияның өңірді дамытуға қатысты ұстанымдары мен алдағы кезеңде жүзеге асыруды көздейтін бастамаларының негізгі өзегін құрайды.

Сайлауалды құжат бірнеше басым бағыттан тұрады. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, жол және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне ерекше мән берілген. Сонымен қатар сапалы білім беру жүйесін қалыптастыру, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту міндеттері де қамтылған.
Кездесуде өңір халқының басым бөлігі ауылдық жерлерде тұратынына байланысты ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын көтерудің маңыздылығы жеке атап өтілді.
«Түркістан облысында 2 миллионнан астам тұрғын бар, олардың 75,5 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Осыны ескере отырып, бағдарламада ауылдарды дамытуға, шаруаларды қолдауға және халықтың табысын арттыруға ерекше назар аударылып отыр. Ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалану, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік бар», – деді Алмас Салимов.
Сонымен қатар штаб жетекшісі ауылдық аумақтарды дамыту тек инфрақұрылымдық жобалармен шектелмейтінін атап өтті. Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау, шаруалардың өнім өндіру және өткізу мүмкіндіктерін кеңейту, жаңа өндіріс орындарын ашу, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту да маңызды міндеттердің қатарында екені айтылды.
Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендердегі жолдардың сапасын жақсарту, ауызсу, электр энергиясы және басқа да инженерлік желілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бағдарламаның маңызды бағыттары ретінде таныстырылды. Бұл бастамалар ауыл мен қала арасындағы тұрмыс сапасына қатысты айырмашылықтарды азайтып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Әлеуметтік салада білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыру, заманауи инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген. Партия өкілдері аталған бағыттардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты екенін, өңірдің тұрақты дамуы үшін экономикалық және әлеуметтік міндеттер қатар жүзеге асуы қажеттігін жеткізді.
Жиын барысында сайлауалды бағдарламасында белгіленген басым бағыттар бойынша жоспарланған нақты көрсеткіштер мен жобалар да тұрғындардың назарына ұсынылды. Штаб мүшелері алдағы бес жылға арналған міндеттердің мазмұнын түсіндіріп, олардың Түркістан облысының дамуына және халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тигізетін ықпалына тоқталды.
Кездесудің ашық пікір алмасу форматында өтуі тұрғындарға өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жеткізуге мүмкіндік берді. Ақсукент ауылының тұрғындары елді мекеннің дамуына қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметтердің сапасына байланысты мәселелерді көтерді.
Өз кезегінде партия өкілдері тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың маңыздылығын атап өтіп, халықпен тұрақты байланыс орнату және жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді назарда ұстау қажеттігін жеткізді.
Жалпы, Ақсукент ауылында өткен кездесу өңірдің алдағы бес жылдық даму жоспарларын тұрғындарға түсіндіруге және қоғаммен ашық диалог орнатуға бағытталды. Басқосу соңында ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыру, экономиканы нығайту және халықтың