«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: САУРАНДА ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарының сайлауалды штабының мүшелері Сауран ауданына қарасты «Қазақстанның отыз жылдығы» ауылында орналасқан «AQNIET HOLDING» ЖШС-нің еңбек ұжымымен экспромт-кездесу өткізді. Еркін форматта ұйымдастырылған басқосуға облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Алмас Салимов пен штаб мүшелері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын еңбек ұжымына таныстыру, өндіріс саласын дамытуға қатысты жоспарлармен бөлісу және кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау.

Жүздесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, өнеркәсіп орындарының жұмысын жандандыру, отандық өндірісті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Партия өкілдері өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі аймақ экономикасының нығаюына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және тұрғындардың табысын арттыруға тікелей ықпал ететінін атап өтті.

Облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Алмас Салимов еңбек ұжымына партия бағдарламасында қамтылған негізгі бастамалар мен алдағы кезеңде жүзеге асыру көзделген міндеттер туралы кеңінен баяндады. Оның айтуынша, өңірдің тұрақты дамуы үшін өндіріс саласының әлеуетін тиімді пайдалану, инвестициялық жобаларды қолдау және кәсіпорындардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай қалыптастыру маңызды.

Сонымен қатар өндіріс орындарын дамытуда еңбек адамдарының орны ерекше екені айтылды. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырумен қатар, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту, кәсіби біліктілігін жетілдіру және тұрақты жұмыспен қамту мәселелері де назардан тыс қалмауы тиіс.

Кездесуде кәсіпкерлікті қолдау мен өндірістік бастамаларды жүзеге асырудың өңір экономикасы үшін маңызы да сөз болды. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, ауданның экономикалық белсенділігін арттыруға және қосымша кәсіпкерлік бағыттардың қалыптасуына жол ашады.

Басқосудың ерекшелігі – оның ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өтуі. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өндіріс саласына қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Еңбек ұжымының өкілдері кәсіпкерлік қызметті дамыту, өндіріс орындарының жұмысын қолдау және еңбек жағдайларын жақсарту бағытындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Өз кезегінде штаб мүшелері айтылған ұсыныстар бойынша пікір алмасып, партияның сайлауалды бағдарламасында қарастырылған тиісті бағыттарды түсіндірді. Сондай-ақ еңбек ұжымымен тікелей байланыс орнату, өндіріс орындарының тыныс-тіршілігімен танысу және жұмысшылардың пікірін тыңдау мұндай кездесулердің маңызды бөлігі екені атап өтілді.

Жалпы, «AQNIET HOLDING» ЖШС еңбек ұжымымен өткен жүздесу өндіріс саласының өзекті мәселелерін талқылауға және партияның алдағы бес жылға арналған даму бағыттарын түсіндіруге мүмкіндік берді. Өндірісті өркендету, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамдарының жағдайын жақсарту – өңірдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды міндеттер қатарында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы