Бәйдібек ауданында жастардың қоғамдағы рөлін арттыру, олардың бастамаларына қолдау көрсету және әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне арналған кездесу өтті. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған басқосуға жастармен қатар «Әділет» партиясының аудандық филиалының өкілдері қатысты.
Жиынға «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының төрағасы Қансейтов Қуанышбек Үсіпәліұлы, сондай-ақ Әділбеков Абзал Әлішерұлы мен Атемов Ағабек Құрбанұлы қатысып, партияның алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттары мен міндеттерін ортаға салды.
Кездесу барысында «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары кеңінен таныстырылды. Әсіресе, жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау, тұрақты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік беру және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар ауыл жастарының әлеуетін көтеру, өңірлерде жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру, жас буынның кәсіби біліктілігін арттыру және тың бастамаларын қолдау бағытындағы жоспарлар сөз болды. Жастардың білімді, бәсекеге қабілетті әрі белсенді азамат болып қалыптасуы елдің ертеңгі дамуы үшін маңызды екені атап өтілді.
Басқосу барысында қатысушылар жастар саясатын жетілдіру мен ауылдық жерлердегі жас буынның өз мүмкіндіктерін толық пайдалануына қатысты пікір алмасты. Жастар тарапынан ұсыныстар айтылып, оларды толғандырған өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады.
Кездесу соңында көтерілген бастамалар мен ұсыныстарды жүзеге асыру жолдары талқыланып, жастармен тұрақты байланыс орнатудың маңыздылығы атап өтілді. Мұндай кездесулер жас буынның талап-тілегін тыңдап қана қоймай, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және өңірдің дамуына үлес қосуына жол ашады.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді