Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, көршілес мемлекеттермен тәжірибе алмасу мақсатында, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев бастаған топ іссапармен Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласына барды.
Шара аясында «TEXNOPARK» жауапкершілігі шектеулі серіктестік орталығының жұмысымен танысты.
Орталықтың негізгі мақсат – импортты алмастыратын өнеркәсіп өнімдерін, құрылыс материалдары мен тұрмыстық техниканы кең ауқымда өндіру бойынша өндірісті ұйымдастыру, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу. Жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын өндірістерді құру бойынша алға қойған міндеттерін іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған 20-ға жуық жоба біріктірілген.
Сондай-ақ логистикалық орталықтың бірқатар кәсіпорындарын біріктірген ол 10 000 жасты жұмыспен қамтамасыз еткен “TEXNOPARK” Орталық Азиядағы ең қуатты, перспективалы және бәсекеге қабілетті өндірістік кешенге айналып үлгерген.