САУРАН: МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) — әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқылы — «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленген, сондай-ақ Қорға жарналар төлеуден босатылған тұлғалар.
МӘМС принциптеріне негізделеді:
1) Қазақстан Республикасының МӘМС туралы заңнамасын сақтау және орындау;
2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу міндеттілігі;
3) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі;
4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы;
5) қор активтерін тек МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге ғана пайдалану;
6) қор қызметінің жариялылығы.
МӘМС жүйесінің қатысушылары:
1) төлеушілер;
2) медициналық қызметтерді тұтынушылар;
3) денсаулық сақтау субъектілері;
4) уәкілетті орган;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
6) қор;
7) Мемлекеттік корпорация;
8) өзге де уәкілетті органдар.
МӘМС жүйесіндегі төлеушілер
1. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды, сондай-ақ осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін қоса алғанда, жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.
2. Жарна төлеушілер болып табылады:
1) мемлекет;
2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
3) жеке кәсіпкерлер;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар);
6) жарналарды өз бетінше төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі-азаматтар) – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын қызметкерлерді, жеке тұлғаларды, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерді, жұмыс істеп жүрген дара кәсіпкерлерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда;
7) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.
Феруза ЕРМЕТОВА,
Жүйнек ДА жалпы
тәжірибелі дәрігері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы