САУРАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ САУРАНДА БОЛДЫ


ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Түркістан облысына сапарында халқы тығыз орналасқан Сауран ауданында болды.
Аудандағы орталық емхананың жай-күйімен танысып, жергілікті халыққа көмек көрсету сапасын бақылады. Емхана құрылымында 5 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 10 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік-акушерлік бекет, 3 медициналық бекет, 3 ІV санатты жедел жәрдем бригадасы, 1 зертхана бөлімі, 1 жылжымалы медициналық кешен бар. Бес құрылымдық мекемеде, атап айтқанда Шаға, Ораңғай, Ескі Иқан, Қарашық бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы мен А.Үсенов дәрігерлік амбулаториясынан зертхана бөлмелері жасақталған.
Түркістан облысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықпен кездесіп, өңірдегі медициналық нысандарды аралады. Азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдап, брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев медициналық нысандарды таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Сондай-ақ министр Түркістан қалалық емханасының жұмысымен танысты. Қалалық емханада 94432 азамат тіркеліп, медициналық көмек көрсетіледі. Мекемеде 70 аймақ дәрігері жұмыс атқаруда. Қалалық емхананың жұмысы жүйелі екенін атап өткен министр, қызмет көрсету сапасын оң бағалады. Түркістандағы сапар барысында Ақмарал Шәріпбайқызы өңірдегі медицина ұйым басшыларымен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Министр жергілікті атқарушы орган өкілдеріне аталған проблемаларды дереу шешуді тапсырды. Халық сапалы медициналық көмекпен қамтылуы тиіс екенін ескертті.
Кездесу барысында одан бөлек, денсаулық сақтауды дамыту, медициналық-санитарлық алғашқы қызмет ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ауылдық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту секілді мәселелер талқыланды. Брифингте министр Президент тарапынан жылдың басында медицина саласының сыңға ұшырағанын айтып, оның негізі ретінде халық тарапынан түскен арыз-шағымдардың көбеюуі деді.
Одан кейін еліміздің бас дәрігері мен министр өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Түркістандықтар министрге шет елге берілетін квота, ауру диагноздарын нақтылау бойынша ұсыныстары мен шағымдарын айтты. Жеке қабылдауда тұрғындардан түскен барлық өтініштер бақылауға алынып, денсаулық сақтау министрі жергілікті атқарушы орган өеілдеріне аталған поблемаларды дереу шешуді тапсырды. Халық сапалы медициналық көмекпен қамтылуы тиіс екенін ескертті.
Одан кейін еліміздің бас дәрігері өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Жеке қабылдауда тұрғындардан түскен барлық өтініштер бақылауға алынып, шешу жолдары бойынша салаға жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы