ДДҰ шешімімен 1993 жылдан бері Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күні жыл сайын мамырдың бірінші сейсенбісінде аталып өтеді.
Бұл іс-шараның мақсаты – тұрғындарды бронх демікпесі, оның қауіп факторлары, алдын алу, ауруды ерте кезеңде анықтау жолдары туралы ақпараттандыру, сонымен қатар демікпеге шалдыққан науқастарды дұрыс емдеу және медициналық көмек көрсету сапасын арттыру. Осы орайда Сауран ауданының тұрғындарына бронх демікпесі туралы аз-кем ақпараттарды ұсынып отырмыз.
Бронх демікпесі – балалар мен ересектерде кездесетін ең кең таралған жұқпалы емес аурулардың бірі.
Бронх демікпесінің дамуын соңғы жылдары бронх қабынуының ерекше түрімен байланыстырады, олардың сезімталдығы қоздыратын факторлар әсерінен бірден артады. Қоздыратын («асқындыратын») фактордың әсерінен бронхтардың бұлшық еттері тартылады (бронхтардың жиырылады), шырышты бронхтар ісінеді, қою сөл (қақырық) пайда болады, бұл үдерістер демікпе ұстамаларының (тұншығу ұстамаларының) дамуын анықтайды.
Асқындыратын, қоздыратын факторлар: өсімдік тозаңы, үй шаңы, жануарлар жүні, басқа да аллергендер; ауа-райы факторлары (жел, барометрлік қысымның өзгеруі, ауа райының ылғалдылығы, ауа-райының құбылуы), жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының вирустық және бактериялық аурулары; кейбір тағам өнімдері, кейбір дәрілер, ағзаның гормондық бұзылуы және көптеген басқа факторлар. Әдетте осы аурудың тұқым қуалайтыны анықталған, ал бронх демікпесінің өзі жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялық (пневмония, жіті, созылмалы бронхит) ауруларынан кейін жиі пайда болады.
Бронх демікпесінің әдетте өзін тұншығу ұстамалары – кенет ауаның жетпеуі, жөтелу ұстамалары, тыныс алу кезінде ысқырықты қырылды ара-тұра жиі естілуімен кеуденің «тарылуы» арқылы білінеді. Тыныс алуын жеңілдету үшін науқас амалсыз ыңғайлы қалыпты ұстайды: қолмен тіреп отырады. Ұстама тиісті «асқындыру» факторларының әсерімен байланысты. Ұстамалар созылмалы өкпе бронхы, жіті респираторлық ауруларының асқынуынан, ұсынылған емді қадағаламалау кезінде өршиді. Ұстамадан тыс науқастар тыныс алудың ауырлығын немесе басқа да жағымсыз жағдайларды басынан өткізуі мүмкін. Бұл ұстама ауру түріндегі бронх демікпесі үшін тән белгімен байланысты.
Бронх демікпесін емдеу келесі бағыттардан тұрады:
1. Ұстама туғызатын факторлармен байланыстылардың барлығынан мүмкіндігінше алшақ болу, ол үшін бронх демікпесімен ауыратын әр науқас өзінің дәрігерімен бірге осы факторлардың тізімін құруы қажет;
2. Сыртқы және ішкі тыныс алу жолдарының, ас қорыту мүшелерінің (соның ішінде өт шығару жолдарының) ауруларын уақытылы емдеу;
3. Дәрігер белгілеген дәрілерді жоспар бойынша айқын қолдану.
Бронх демікпесімен ауыратын науқаста әрқашан өзімен бірге тез әрекет ететін препарат болуы тиіс. Әр пациент тез әрекет ететін ингаляторды жиі (тәулігіне 4-реттен көп) қолдануына болмайды, себебі тұншығудың ауыр ұстамасы – демікпе мәртебесіне әкеп соғуы мүмкін. Әдетте қолданылатын препараттардың әсері азайған кезде шұғыл түрде дәрігерге баруыңыз қажет.
Бронх демікпесінің алдын алу бала кезінде, әсіресе аллергия ауруларына бейім отбасыларда өткізілу керек. Жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын уақытылы емдеу, шылым шегуден бас тарту, шынықтыратын емшараларды, мәдени тамақтануды сақтау қажет.