Түркістан Қаласындағы тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға “Яссауи” тұрғын үй кешенінен 88 пәтер кілті табысталды.
Жаңа баспаналардың кілтін табыстауға облыс әкімі Дархан Сатыбалды, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев , қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары Худияров Ғалымжан, Тәңірбергенов Дәурен, Асылов Ақниет, Тұрманов Бақдаулет және Мұсабеков Құлбатыр қатысты.
– Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – ең өзекті әрі маңызды мәселе. Түркістан облысында бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, жақсылыққа толсын. Шын жүректен құттықтаймын! – деді Дархан Сатыбалды.
Қоныс тойға қатысушылар ізгі ниеттерін білдіріп, жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде тапсырды. Элиталы болып саналатын үш қабатты «Яссауи» тұрғын үй кешенінің аумағында балалар ойын алаңшасы, көлік тұрағы бар және инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Баспана кілтін табыстау сәтінде тұрғындар да осы игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын жаудырды.