КЕРЕК КЕҢЕС: МЕДИЦИНА САЛАСЫ ВЕБ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ҚАРЫШТАУДА


Медицина саласындағы ақпараттық жүйеде соңғы жылдары бірқатар жаңалықтар орын алуда. Жалпы бұл саладағы ақпараттық жүйе – веб-технология бойынша қызмет көрсететін мамандандырылған медициналық бағдарлама. Медицина бір орында тұрмай, күн сайын жаңа бір жаңалықтарға кенеліп отырады. Сондай жаңалықтар мен технологияның қарыштап дамуы бір кездегі емдеуге келмеген аурулардан толықтай жазылып шығуға мүмкіндік сыйлауда. Қазіргі таңда аурулардың диагностикасы жаңа деңгейге көтерілген. Біз бұл мақалада Түркістан облысының тұрғындарына бүгінгі күннің ең ерекше медициналық технологиялармен таныстырмақпыз.
Депрессияға қарсы электромагнитті бас киім
Көпшілік үшін депрессиядан арылудың амалы дәрі-дәрмек қабылдаумен шектеледі. Бірақ мұндай дәрілерге кейбір науқастар тәуелді боп қалады, ал енді біріне қарсы әсерін тиізіп, эмоциялық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да үлкен зиянын келтіреді.
Бірақ соңғы жылдар ішінде химияның емес,электромагниттік сәуленің негізінде аурумен күресетін әдіс пайда болды. NeuroStar Transcranial Magnetic Stimulation Therapy System деген күрделі атауы бар бас киім электромагниттік импульстің көмегімен ми қыртысының белгілі бір аймақтарына әсер етіп, ләззат алуға жауап беретін нейрондарды оятады.
NeuroStar Transcranial Magnetic Stimulation Therapy System бас киімін 30-40 минут бойы киген науқас депрессиядан арылып, өзін жақсы сезінеді екен. Ал бас киім арқылы арнайы емдеу курсынан өткендердің 30%-ы толық сауығып шыққан.
Бостон дәрігерлері ойлап тапқан оттегі инъекциясы
Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы науқастардың тұншығу ұстамасымен дәл уақытында күресудің амалын іздеп келген. Бұған дейін дәрігерлер трахеотомияны пайдаланатын. Алайда Бостон балалар клиникасының (Boston Children’s Hospital) ғалымдары тұншығуға төтеп беретін жаңа әдіс ойлап тапты.
Олар адам қанын отыз минутқа дейін оттегімен байытатын инъекциялар жасады. Бұл, ең алдымен, ота жасау кезінде туатын төтенше жағдайларда науқасты құтқару үшін қажет. Бірақ бұл технологияны спорт пен ойын-сауықта да пайдалуға болады.
Инъекция кезінде денеге оттегі молекулалары бар май бөлшектері енеді. Май эритроциттермен жанасып, қанды қажетті ресурспен қанықтырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы