САУРАН: ЖІТІ ІШЕК ЖҰҚПАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ


Жіті ішек жұқпалары жұқпалы аурушаңдықтардың ең алдыңғы қатар орындарында, сондықтан да олардың алдын алуының өзі әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді.Ішек жұқпасы – бұл ең алдымен ас қорыту жолын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Осы орайда аудан тұрғындарына аталған ауру туралы толық мамандар кеңесін ұсынып отырмыз.
Жіті ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Бұл ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы, организмнің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты.
Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен сыртқы ортаға түсіп, тарайды.
Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, яғни жуылмаған көкөністер, пісірілмеген сүт, сапасыз шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішу, лас суға түскен кезде жұғуы мүмкін. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады.
Аурудың алғашқы белгілері:
Іштің жиі су сияқты өтуі, дене қызуының көтерілуі, емшектен бас тарту, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Науқаста қайталамалы құсып, іш өткен сайын баланың жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өз тіршілігіне қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастағаннан дәрігерге көріну керек.
Дәрігер келгенше мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, көбірек ішкен дұрыс. Өздігінше емделу аурудың асқынуына әкеліп соғуы немесе созылмалы формаларына ұласуы мүмкін. Антибиотик қабылдау сырқаттың клиникалық сипатын өзгертеді, мұның өзі дұрыс диагноз қоюды қиындатады.
Емі:
Жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру үшін емшек сүті, айран, сорпа, күріш суы, сұйық шай, кисель, қайнатылған және салқындатылған су, ауыз арқылы ішетін тұзды-минералды су ерітіндісі қолданылады. Рационнан ішекте ашитын немесе асқазан-ішек жолын тітіркендіретін азықтар (сүт, кепкен, қуырылған тағамдар, майлы, ащы тағамдар) шығарылып тасталады.
Оральды-регидратациялы ерітінді (регидрон) қолданған жөн. 1 пакет регидрон ұнтағын қайнатылып, бөлме температурасында суытылған 1 литр суға дайындайды. Дайын ерітіндіні балаға әрбір 3-5 минут сайын 1 шай қасықпен беру керек.
Егер құспаса, аз-аздан жиі ішкізуге болады. Ерітінді әрбір күнге жаңадан дайындалып беріледі.
Алдын алу шаралары:
Ішек инфекциялары – кір қолдың ауруы. Оның алдын алу үшін:
— жеміс-жидектер мен көкөністерді ағынды су астында жақсылап жуғаннан кейін пайдаланыңыз;
— өнімдердің жақсылап қуырылып, қайнатылуына көңіл бөліңіз;
— жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз;
— дайын тамақты пайдалану кезінде оның исіне, дәміне мұқият мән беріп, тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтаңыз;
— арнайы көрсетілген жерлерде шомылыңыз;
— суды тұтынар алдында міндетті түрде қайнатыңыз немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
— балаларды әрбір тамақтандырар және тамағын дайындар алдында қолды жақсылап сабындап жуу керек, оның әрбір затын, ойыншықтарын, бөтелкесі мен емізіктерін таза жағдайда ұстаңыз;
— ішек инфекцияларының алдын алу үшін жеке бас тазалығын қатаң сақтаңыз;
Кей жағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өмірге қауіп тудыруы мүмкін. Сол себепті, өткір ішек жұқпаларының жоғарыда көрсетілген белгілерінің бірі Сізде немесе жанұя мүшелеріңізде байқалса, тез арада дәрігерлік көмекке жүгінгеніңіз дұрыс.
Зақымдану адам ағзасына ауыз арқылы жүреді. Әдетте, жұқпаның қоздырғышы тағамда не болмаса суда болады. Жұқпалы аурулардың отыз шақты түрі бар. Олардың ең жеңіл жүретін түрі – тағамнан улану, ал ең қауіптісі – тырысқақ пен іш сүзегі, ботулизм және т.б.Күн жылынып, жазғы маусым басталған кезде, жіті ішек инфекциясының өсуі мүмкін, әсіресе күн көзінен таралатын жылу микробтардың өршуіне ықпал етеді. Тамақта, суда немесе тез бұзылатын тамақтар дұрыс сақталмаса, ішек инфекциясы қоздырғыштарының көбеюіне және таралуына қолайлы болмақ.
Жіті ішек инфекциясы инфекция туындауға ықпал ететін микроорганизмдердің ағзаға түсуінен пайда болады.Оның таралу жолы: кір қол, жеке гигиенаны сақтамау, жуылмаған көкөністер мен жемістер, толық піспеген тамақтар, сонымен қатар суқоймалардың суы, шомылған кезде судың ауызға кіруі.Аурудың білінуі әр түрлі болып келеді: инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 3-7 күнге дейінгі аралықты қамтиды. Адамның дене қызуы көтеріледі, құсу, іштің кезеңмен ауруы, өтуі және тағы басқа белгілері орын алады. Диарея және құсу ағзаның сусыздануына әкеледі, бұл әсіресе 1 жасқа дейінгі балаларға өте қауіпті.
Балалар арасында жіті ішек жұқпасының таралуына дәрігерлік тексерістері жоқ және қажетті сапалық белгілерін анықтайтын құжаттары жоқ белгісіз сатушылардың қолынан алған сүт өнімдері де себеп болады.
ЖІЖ таралуының алдын алу мақсатында санитариялық-гигиеналық алдын алу шаралары аса маңызды.
ЖІЖ таралмауы үшін төмендегі бес тәртіпті сақтау керек:Тазалық сақтау;Шикі және піскен тамақтарды бөлек сақтау;Тамақты жақсылап қуыру және толық пісіру;Тамақтарды қауіпсіз температурада сақтау;Дайын тамақтарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамау; Қауіпсіз тамақтар мен қауіпсіз су пайдалану.
Іштің жиі-жиі судай өтуі, дене қызуының көтерілуі, сәбилердің емшектен бас тартуы, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретіне қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Науқастың жиі құсып, іш өткен сайын жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өзіндегі тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастаса міндетті түрде дәрігерге көрінуі керек. Мұндай кезде дәрігер келгенге дейін біраз уақыт кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, көбірек ішкізген жөн. Антибиотик қолдануға болмайды, өйткені аурудың клиникалық сипатын өзгертеді, мұның өзі дұрыс диагноз қоюды қиындатады.
Ішек инфекцияларының пайда болуының алдын алу үшін тағамдық азық-түліктердің сапасы өте маңызды – көптеген тағамдарда бактериялар тек қана өміршеңдігін сақтап қана қоймай, олар ауру тудырушы адамның қолымен тағамды ауызына апарғанда асқазан-ішек жолына кір қолы арқылы, ластанған су арқылы, сапасыз азық-түліктер арқылы түсіп қарқынды түрде көбейеді.
Әсіресе, тұтынар алдында термиялық өңдеуден өтілмейтін тағамдар өте қауіпті. Ондай тағамдарға салаттар, винегреттер, сондай-ақ жемістер мен жидектер жатады. Салаттар мен винегреттерді, әртүрлі тұздықтар мен гарнирлерді тоңазытқышсыз түнге қалдыруға болмайды. Жаз және күз маусымында сүт және сүт өнімдерінде бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдайлардың туындайтынын білу керек. Жеке адамдардан сатып алған құйылып сатылатын сүтті міндетті түрде қайнату керек. Ал пастерленген ірімшіктен пісірмелер, пудингтер, сырниктер дайындаған дұрыс. Дайын тағам қалдықтарын міндетті түрде тоңазытқышта беті жабық ыдыста, шикі мен дайын тағамды бөлек ыдыста сақтау керек, оларды бөлек тақтайларда арнайы пышақтармен бөлу керек.
Дүкендерде тауық еті сатылғанда +2, +3 градустық температурада 2 тәуліктен артық болмауы керек, бөлме температурасында жұмыртқа 25 тәуліктен артық сақталмауы керек. Құс еті мен жұмыртқаны сатып алғанда, олар қорапта болса да, бөлек пакеттерге салу керек.
Өнімдердің жақсылап қуырылуы мен қайнатылуына көңіл бөліңіз. Етті қайнатқанда ірі кесек жасамай 1 сағаттан кем емес, жұмыртқаны 15 минуттан кем емес қайнату керек (осы уақыт аралығында сальмонеллалар толығымен жойылады). Жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз.
Ал ең кішкентай нәрестелерге келсек, оларды аурудан сақтау үшін қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді, оларды күту кезінде: баланы әрбір тамақтандырар алдында және тамағын дайындар алдында қолды жақсылап сабындап жуукерек
Кей жағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өмірге қауіп тудыруы мүмкін. Сол үшін «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздер әрқашан да өз маңызын жоймайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы