ТҮРКІСТАН: ІРІ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА


Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің экспорттық әлеуеті зор. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі, теміржол көлігі, транзиттік әлеуетті арттыру, «Шымкент – Түркістан – Кентау – Қызылорда» осін дамыту Түркістан қаласының көлік-логистика жүйесін дамытудың алғышарттары болып табылады. Болжамды кезеңде мультимодальды көлік-логистика орталығын, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің бойында жол жиегіндегі сервисті, А және Б класты қоймалар құру ұсынылады. Ал бас жоспардың «Қарапайым заттар экономикасының» дамуын ынталандыру бөлігінде түпкілікті импорт алмастырушы өнім өндіруге, қолөнерді дамыту үшін дайын өндірістік және инженерлік инфрақұрылымы бар индустриялық парк салуға бағытталған бағдарлама әзірлеу көзделген. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының шеңберінде 2035 жылға қарай қолөнер, тұрмыстық салада және қызмет көрсету саласында ұлттық және көркем кәсіпшілік бойынша 100 шағын жобаны іске асыру болжануда. Сондай-ақ 2-стратегиялық бағыт бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту және ауыл шаруашылығының қарқынын арттыру көзделіп отыр.
Ауыл шаруашылығын техникалық жабдықтаудың төмен деңгейі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың проблемасы болып табылады. Сондықтан алғашқы кезеңде: ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының өндірісі, инновациялық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы жүйелерінің өндірісі дамитын болады. Осы бағыт шеңберінде ауыл шаруашылығы машиналарының, инновациялық өсімдік шаруашылығы жүйелерінің, инновациялық мал шаруашылығы жүйелерінің өндірістерін дамыту жоспарланып отыр. Өңірде ауыл шаруашылығымен айналысуға жарамды жерлердің шектеулі болуы, сондай-ақ су ресурстарының тапшылығы инновациялық технологияларды қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты Бас жоспарда Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту ұсынылған. Дамудың бастапқы кезеңдерінде шағын тракторлар мен оларға аспалы жабдықтар өндірісін жолға қоюға мүмкіндік беретін шағын ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру ұсынылады. Келесі кезеңдерде ірі тракторлар мен өздігінен жүретін басқа да техниканың өндірісін жолға қоюға болады. Есептік мерзімнің соңына қарай 23 кәсіпорын ашылады.
Түркістан қаласында сондай-ақ, алдағы 6 жылда бірқатар жобалар іске асырылмақ. Жоспарлы кезеңде 541 млрд теңгені құрайтын 7 мыңнан асатын жаңа жұмыс орнымен 192 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,8 есе өсіп, 1,1 трлн. теңгеге, ал тартылатын инвестиция көлемі 3 есе өсіп, 1,2 трлн. теңгеге ұлғаяды. Жергілікті түсім 44,2 млрд. теңге немесе 2,2 есе өсіп, 81,2 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Келетін сыртқы туристер саны 2 есе өсіп, 20 мың адамға артады. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға төмендетіп, 22 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу көзделуде.
Баспанамен қамту бойынша 2411 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар алдағы жылдары өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі арттыру мақсатында жалпы өнеркәсіп саласында құны 142 млрд. теңгені құрайтын, 3 575 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, 34 жоба қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы – 180 га. Онда жалпы құны 126 млрд. теңгені құрайтын және 3 050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жобаны іске асыру көзделуде.
Индустриалды аймақтың аумағы 190 гектарды құрайды. Бүгінгі таңда индустриалды аймақта жалпы құны 10,5 млрд. теңге болатын 954 жұмыс орнымен 21 жоба іске асырылған. Сонымен қатар алдағы жылдары құны 15,8 млрд. теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Алдағы жылдары құрылыс жұмыстарының көлемі жылдық орташа өсім 17 пайыз болады деп болжамдануда. Жеке инвестициялық жобалар есебінен құрылыс жұмыстарына құны 243,9 млрд. теңгені құрайтын, 2552 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 136 жоба қарастырылуда. Қаланың жалпы өңірлік өнімінің негізгі бөлігін көтерме және бөлшек сауда құрайды. Салаға 6 млрд. теңгені құрайтын, 340 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 8 жобаны ұйымдастыру көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы