ТҮРКІСТАН: ЭКОНОМИКА МЕН САУДА ТӨРІНЕ АЙНАЛМАҚ


Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһардағы жиһаз өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорындарды аралауды дәстүрлі түрде іске асырып келеді. Бұған дейін қала басшысы «Идеал Туркестан» ЖШС, «LIDER GROUP» ЖК және «ASIA BREND» мекемелеріне арнайы барып, өндірістік үдерісті көзбен көріп, жұмысшылармен және кәсіп иелерімен пікір алмасты.Бүгінгі мақаламызда аталған кәсіпорындардың жетістіктері мен жай-күйін сөз етпекпіз.
«Идеал Туркестан» ЖШС – қаладағы ең ірі жиһаз өндірушілердің бірі. Жылына 200 000 дана дайын өнім шығаратын кәсіпорын 3 гектар аумақта орналасқан. Қазіргі таңда 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жылдық қаржылық айналымы – 1,8 млрд теңге.
«LIDER GROUP» ЖК – жылына 80 000 дана жиһаз өндіріп, 1,55 млрд теңге көлемінде қаржы айналымын қамтамасыз етіп отыр. 0,55 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорында 60-70 азамат еңбек етеді. Компания өнімдерінің басым бөлігі жоғары сұранысқа ие.
«ASIA BREND» мекемесі де аймақтағы ірі өндіріс ошақтарының бірі. 1,5 гектар өндірістік аймақта орналасқан кәсіпорын жылына 22 000 дана жиһаз өнімін шығарады. Мұнда 150-ге жуық адам тұрақты түрде еңбек етіп, 1,1 млрд теңге көлемінде қаржылық айналым қалыптастырып отыр.
Аталған кәсіпорындардың барлығы бүгінде толық қуатта жұмыс істеуде. Бұл — Түркістандағы индустриялық дамудың нақты көрсеткіші. Қала әкімі өндіріс орындарының жұмысын жоғары бағалап, өңірлік экономиканы нығайтудағы үлестерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерді тиімді пайдалану арқылы өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығын баса айтты.
Түркістан қаласы бүгінде рухани-мәдени орталық болумен қатар, өндірістік әлеуеті жоғары, экономикасы дамып келе жатқан аймаққа айналды. Әсіресе жиһаз өнеркәсібі бойынша өңір республика көлемінде жетекші орынға шығып отыр. Жыл сайын қалада жүздеген мың дана жиһаз өнімдері өндіріліп, ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің өзге өңірлеріне және шетелдік нарықтарға да экспортталуда. Бұл – қала кәсіпкерлерінің тынымсыз еңбегі мен мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.
Жалпы, 2035 жылға қарай Түркістан қаласында әртүрлі құрылыс материалдарын шығаратын 89 жаңа кәсіпорын ашу көзделген. «Жібек жолы» форматын іске асыру – мультимодальды көлік-логистика орталығын іске қосу мақсатында бас жоспарда бөлшек сауда көлемінің өсу қарқынын анықтады, олар құрылыстың 1-кезеңінде – 48,9 млрд теңгені, есептік мерзімге – 147,8 млрд теңгені құрайды. Түркістан қаласы мен Түркістан облысы халықаралық саудаға белсене қатысады. Сауда балансының оң сальдосы өңір экономикасындағы бірқатар салалардың бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Бұл отын-энергетикалық тауарлар мен химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруге байланысты салалар болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы