ТҮРКІСТАН: ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?


Бүгінде ел әскерін қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл орайда, дәлірегі Қазақстан әскерін заманауи тұрғыда дамыту мәселесінде жаңа талаптар мен қазіргі таңдағы қауіп-қатерлер барынша ескерілді. Сондай-ақ әлемдік және аймақтық қауіпсіздікті сақтау шараларына еліміздің белсене қатысуын қамтамасыз ету бағытына ден қойылды. Бұл жұмыстарды нәтижелі жүргізу, Қарулы Күштеріміздің заманауи сипатын анықтау, оның нормативтік-құқықтық негізін құру және басқа да аса маңызды міндеттерді іске асыру үшін 1993 жылы ақпанда еліміздің бірінші Әскери доктринасы қабылданды. Оған Қа¬зақстан әскерін құру қағидаттары енгі¬зілді. Бұл құжат әскерімізді за¬ман¬ауи тұрғыда дамытуға жол ашты.
Бүгінде Қарулы Күштеріміз үш түрлі құрылымнан тұрады. Олар: Құрлықтағы әскер, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күш¬тері. Бұлардың әлеуеті ұлғайтылды. Стратегиялық тұрғыда дағдарыстық жағдайлар орын алған кезде негізгі міндеттерді шешуге қатысу үшін жоғары деңгейлі әскери топтар, кез келген қауіп-қатерге қарсы жедел әрекет ететін Арнайы операция тобы, киберкеңістікте қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл мақсатында ақпараттық күрес компоненті құрылды. Сон¬дай-ақ мемлекеттің аумақтық қор¬ға¬ныс саласын біріктіру үшін Қарулы Күш¬тер құрамындағы аумақтық әскерлер¬дің басқару органы пайда болды. Құры¬лым¬ның барлық сатылары қамтыла отырып, еліміздің әскери оқу орындары арқылы мамандар дайындау ісі жолға қойылды.
Осы арада сәл шегіне сөйлесек, 1991 жылдың соңына қарай Қазақстан аумағында КСРО Қарулы Күштері әскерлерінің құ¬рамында жалпы саны 200 мың¬дай адам болған екен. Алғаш¬қы кезде, әсіресе маман мәселе¬сін шешу қиын болды. Өйткені өз әскері¬міз¬ді жасақтау бастал¬ған кезеңде Қазақ¬станда қызмет етіп жүрген көп¬те¬ген офицерлер әскери борыштарын ТМД-ның өзге мемлекеттерінде жал¬ғас¬¬тыруға немесе запасқа шығуға шешім қабылдаған-ды.
Дәлірегі, кезін¬де КСРО-ның ортақ армиясында қыз¬мет еткен офицерлер өз елдеріне жол тартты. Соның себебінен екі жарым жыл көлемінде, яғни 1992 жылғы мамыр¬дан 1995 жылғы қаңтарға дейін офи¬цер¬лердің кету деңгейі тізімдік құрам¬ның 89 пайызын құрады. Осыдан келіп, Қазақ¬стан Қарулы Күштерінде әс¬кери маман¬дардың тапшылығы туын-дады. Бұл түйткілді шешу кезек күт¬тір¬¬мейтін шаруа еді.
Содан білікті, кәсіби мамандарды даярлауға мемлекеттік дең¬гейде маңыз берілді. Не¬гізінде заманауи әлеуетті армия жасақ¬тау әскери техникаларды, қару-жарақты жетілдірумен қатар, кәсіби, жаңа әскери буынды тәр¬биелеуге тікелей байланысты екені белгілі. Осы орайда 26 жыл ішінде елімізде ұлттық әскери мамандарды даярлау жүйесі өз деңгейінде қалыптасты. Әскери бағыттағы оқу орындардың оқу-тәрбиелік үдерісіне озық технологиялар енгізілді, маман¬дар¬дың білім деңгейін көтеру үшін оқу-әдіс¬темелік база кеңейтілді. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылдарын¬да әскеріміз іс жүзін¬де жаңадан құрыл¬ды, еліміздің генералдары мен офицер¬лері¬нің жаңа әрі тұтас буыны өсіп шықты.
Білікті, кәсіби әскери маман¬дар даярлау ісіне аз-кем тоқтала кетер болсақ, ол «Білім беру тура¬лы» заңда көзделген бес дең¬гейді қамтиды. Олар: орта білім, техникалық және кәсіби білім – магис¬тратура және докторантура, қосымша білім – әскери кафедра, қайта даярлау және біліктілікті көтеру. Орта білімді Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық мектептері береді. Ал техникалық және кә-сіптік білімді Ш.Уәлиханов атын¬¬дағы Кадет корпусы ұсы¬нады. Бұл оқу орнын бітіріп шық¬қан кәсіби сержанттар Қару¬лы Күштердің әртүрлі лауазым¬дарында қызмет етуде. Сондай-ақ Қарулы Күштер әскерлерінің барлық түрлері мен тектерінің мамандары 3 әскери жоғары оқу орындарында даярлануда. Мәселен, Құрлық әскерлерінің әскери институты кадрлар дайындау¬¬да орны ерекше. Қарулы Күштердің кіші офицерлер құрамының 70 пайыздан астамы осы оқу орнының түлектері. Тәуелсіздік жылдары бұл инс¬титутты 7 мыңнан астам офицер бітірген. Институттың 70-ке жуық түлегі генерал ата-ғын алған. Бұдан бөлек, Әуе қор¬ға¬нысы күштері, байланыс әс¬кері, автоматтандырылған бас¬қару жүйесі, ақпараттық (кибер) қауіп¬сіздік саласына кадрлар даяр¬¬лау мақсатында 2001 жылы құ¬рыл¬ған Радио¬электроника және бай¬ланыс әскери-инженерлік инс¬т謬тутының да қызметі мақтауға тұрарлық. Институт 10 бағыт бойынша 1 мыңнан астам офицер дайындады. Сондай-ақ Тал¬ғат Бигелдинов атындағы Әуе қор¬¬ғаныс күштері инсти¬туты-ның да ерекше орны бар екенін айтпасқа болмайды. Бұл оқу орны Әскери-әуе күштеріне ғана емес, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіп¬¬сіздік комитеті Шекара қы第меті үшін де мамандар дайын¬дай¬ды. Мұнда бүгінге дейін 2 мың¬ға жуық ұшқыш пен инженер өз істеріне мамандан¬ды. Сонымен бірге Ақтау қала¬сын¬¬дағы Әскери-теңіз институты да Әскери-теңіз күштері мен ҰҚК Шекара қызметінің теңіз бөлімдері кемелері мен жаға¬лау бөлімдеріне, теңіз, ішкі жүзу кеме¬леріне және Қазақстан аза¬мат¬¬тық флотының аралас кемелер қызметіне кадрлар даяр¬лауда белсенділік танытуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы