ТҮРКІСТАН: ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ? — 2


Ведомство¬аралық оқу-әдіс¬темелік орталық болып табылатын бұл универ¬¬ситетті жыл сайын 100 офицер тәмам¬дайды. Реті келіп тұрғанда біздің бола¬шақ генералдарымыз осы офицерлер арасынан шығатынын да айта кетейік. Тағы бір ерекше тоқтала ке¬тер жайт, университетте Ұлттық ұлан факуль¬тетімен қатар, ҰҚК Шекара қыз¬меті факультеті құ-рылған. Уни¬вер¬ситет әлем¬дегі үз¬дік жоғары оқу орындары тара¬пынан лайықты бағасын алып, мойындалған, Оксфорд қауым¬дас¬тығы мен Еуразия университеттер қауым-дастығына мүше.
Еліміздің әскери білімі¬нің биік мәр¬тебесін біздің әскери жоғары оқу орын¬дарымызда Арме¬ния, Қыр¬ғыз¬стан және Тәжік¬стан сынды елдердің әскери қызметшілерінің білім алуы да айқындайды. Тәжіри¬бе алмасу үшін біздің әскери қыз¬метшілеріміз де шетелдердегі жоғары оқу орындарында шың¬далуда. Бұл бағыттағы жұмыс¬тар халықаралық әскери ынты¬мақ¬тастыққа, дәлірегі, басқа елдер әскер¬л¬ерімен өзара іс-қимылға және тә¬жі¬рибе алмасуға баса назар ауда¬ры¬луының арқасында жүзеге асырылуда. Осы орайда біздің әскери құрамалар ШЫҰ, ҰҚШҰ аясында өтетін оқу-жат¬¬тығуларға да үнемі белсене қатысып, өздерінің жоғары дең¬гейлерін көрсетіп жүргенін мақ¬танышпен айта аламыз.
Саланы кәсіби мамандар¬мен қам¬тамасыз етуде әскери-оқыту резервін даярлауға баса назар аударылып отыр. Бұл бағыттағы оқыту ісі азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы 29 әскери кафедрада жүргізілуде. Жыл сайын бұл әскери кафедралар 3 700-ден астам офицер даярлайды.
Жалпы, Қарулы Күштеріміз¬дің сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін саланы заманауи стан¬дарттарға, әлемдік тәжіри¬бе¬лерге сай дамыту бас¬ты мін¬деттердің бірі болып санала¬ды. Сондықтан қазіргі таңда Қару¬лы Күштеріміз әскери шақыру және келісімшарт бо¬йынша, яғни ара¬лас тәсілмен жасақталуда. Соның нәти¬же¬сін¬де сержанттар мен сарбаздар құрамының 70 пайыздан астамын келісімшарт бойын¬ша қызмет ететін әскери қызметші-лер құрап отыр. Қалған 30 пайы¬зын әскери борышын өтеуге міндетті азаматтар құрай¬ды. Әскерді жасақтаудың осы тәсілі өз тиімділігін көрсетуде. Бұл өз кезе¬гінде Қарулы Күштер-дің жауын¬герлік әзірлігі мен қабілетін арт¬тыруға мүмкіндік береді.
Тағы бір айта кетер жайт, тәуел¬сіздік жылдарында әскері¬мізді заманауи қару-жарақпен, озық үлгідегі әскери техника¬мен қам¬тамасыз ету жұмыстары қар¬қынды жүргізілді. Қажетті жаңа қару-жарақтар мен техникалар сатып алынды. Бұған қоса, бұрыннан қолданыста болған құрал-жабдықтар мен әскери техникалар жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылды. Тар¬қата айтар болсақ, Құрлықтағы әскерлер үшін брондалған машиналар мен бронды транспортерлер, заманауи радиоэлектронды барлау техникалары, ракеталық-артиллерия қару-жарағы, ауыр оқ ату жүйелері, ұялы байланыс кешендері, радиациялық, химиялық және биологиялық қатерлерден қор¬ғайтын отан¬дық машиналар, жанар-жағар-май тасымалдайтын техникалар, далалық гос¬питальдар алынды. Ал Әуе қорғаныс күштері 4++ Су-30СМ заманауи жойғыш ұшақ¬тармен, өз санатындағы ең таң¬даулы С-295 әскери-көліктік және оқу-жаттығуға арналған Zlin ұшақтарымен, ЕС-145, Ми-171Ш тікұшақтарымен, Ми-35М әскери-көлік¬тік тік¬ұшақ¬тарымен толық¬ты¬рыл¬ды. Әуе шабуылына қарсы қор¬ғаныс жүйесінің техника¬лық паркі жаңартылды. Әуе кеңістігі шекараларын қорғау үшін С-300ПС, С-200, С-125 зенит¬тік-ракеталық және отан¬дық «Нұр» радиотех¬никалық кешендері орнатылды.
Баршаға белгілі, Қазақстанға Кас¬пийдің теңіз шекарасының ең ұзын бөлігі тиесілі. Оны ыж¬дағат¬¬тылық¬пен қорғау мақса¬тында Әскери-теңіз күштері құ¬рылған. Қазіргі таңда елі-мізде әск嬬ри маңызы зор корабльдер мен кемелерді шығару жол¬ға қо¬йылған. Мәселен, Орал қалବсын¬¬дағы «Зенит» зауыты елі¬міз¬дің теңіз¬¬дегі шекараларын күзету үшін бүгін¬¬ге дейін 25-тен астам корабль мен кеме шығар¬ды. Олар бүгінде ел игі¬лігі үшін жоғары деңгейде қыз¬мет көр¬¬сетуде. Мұның барлығы Қару¬лы Күш¬тері¬міздің зама¬науи қару-жарақ-пен және әскери тех¬никамен жабдық¬тал¬ғанын айғақтайды.
Негізінде еліміздің Қарулы Күш¬тері тәуелсіздік жылдарында өз дең¬гейінде қалыптасты дегенімізбен, оны одан әрі уақыт талабына сай жетіл¬діре түсу ісі тоқтамайды. Сон¬дық¬тан ел әскерінің алдына Президент – Қару¬лы Күштердің Жоғарғы Бас Қол¬бас¬шысы үлкен міндеттер қо¬йып отыр. Бұл міндеттер әске¬ри жос¬пар¬лау жү¬йесін жетіл¬діру¬ге, мемле¬кет¬тік және әскери бас¬қаруды орталық¬¬тан¬дыру, ракеталық ықтимал шабуыл¬дар¬дың алдын алу жүйесін дамытуды жал¬ғас¬¬тыру, киберқауіп¬сіз¬дік саласы¬ның мүм¬кіндігін күшейту, автомат¬тан¬ды¬рыл¬ған басқару жүйе¬леріне Қарулы Күш¬¬тер¬дегі әскерлер, қару-жарақ пен рес¬урс¬¬¬тарды енгізу¬ді ілге𳬬лету және басқа өзекті жағдаят¬тар¬ға бағытталған.
Қазіргі таңда Қарулы Күш¬¬¬¬тері¬міздің халықара¬лық рейтинг¬тегі жағдайы жыл¬дан-жылға оңала түскені жасырын емес. Global Firepower ұйы¬мының рейтингі бойынша 2017 жылы біздің әскеріміз әлемдегі барлық әскерлер арасында 53-орыннан табылды. Бірақ бұған тоқ-мейіл¬суге әсте болмайды. Өйт¬кені әскерімізді жаһандық сын-қатерлер мен өзгерістерді ескере отырып жетілдіре түсу жұмысын үздік¬сіз жүргізу – уақыт талабы.
Қорыта айтқанда, Қарулы Күш¬тері¬мізді одан әрі дамыту, заман сұранысына сай жетіл¬діру, әскери дайындықты арттыру, сондай-ақ жаһандық қауіп¬сіздікті нығайтуға атсалысу үшін мүмкіндіктерді ұлғайту күн тәр¬тібінен түспек емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы