
– Қарулы Күштерді жасақтау үшін маман керек болады әдетте. Сол жылдары үзеңгілес болған азамат¬тар кімдер еді?
– Иә, ол кезде кадрлар тапшы еді. Әскери салада қазақтар, арнайы мамандар, ұшқыштар өте аз. Біздің қарулы күштерді жасақтаудың алғашқы кезеңдерінде Федор Щербаков, Владимир Шацков, Анатолий Рябцев, Александр Сорокин, Николай Поспелов қа¬тарлы азаматтар көп еңбек сіңірді. Талай офицер кетіп қалғанда осындай азаматтар қалып, біздің армияны жасақтауға көмектесті. Еңбектерін ұмытпау керек. Анатолий Рябцев, мысалы 40 армия командирі еді. Елде қалды, кетпеді. Министрдің орынбасары бол¬ды. Орыс, беларусь, украин ұлтының талай аза¬маты корпус, дивизия, бөлім командирлері болып жұ¬мыс істеді. Тоқтар Әубәкіров те Қарулы күштерді жасақтау ісіне атсалысты. Министрдің орынбасары болды. Генерал шенін алды. Мысалы, Петр Яловенко деген азамат болды. Мен Әскери әуе күштерінің қол¬басшысы болып жүргенде ресейліктер Сарышағаннан техниканы алып кетуді жоспарлады. Сол әрекеттің алдын алуды тапсырдым. Ол С-300 кешендерін Сары¬шағаннан Алматыға дейін алып келді. Оларды түрлі көпірден, жолдан өткізу қиын. Ауыр, ірі техника. Соны жеткізуді ұйымдастырғаны бар. Қысқасы, сол кез¬дері түрлі полигондағы техникалардың шығар¬ылуына жол бермедік.
– Қарулы Күштерді жасақтау кәдімгі күрес болыпты ғой…
– Иә, солай болды. Сағадат Қожахметұлының кез¬інде бәрібір Мәскеу өз ықпалын азайтқысы кел¬меді. Армия жасақтау кезеңі ғой. Әлібек Қасымовтан соң 1996 жылдың 26 қазанында мені министр етіп тағайындады. Сол кезде бірден Мәскеудегілерге айт¬тық. «Енді ресми сапармен шақырмайынша сіздерге бармаймын» дедім. Оны мен қазан айында айттым, 1997 жылдың наурызында ресми сапар болды. Өз ұша¬ғыммен бардым. Сол кезде Ресей қорғаныс министрі Игорь Родионов еді. Өте жақсы кездесу өтті.
Жалпы, ол кезде біз көптеген елдің қорғаныс вед¬омстволарының басшыларымен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Қытайдың қорғаныс министрлері Чи Хаотянь, Цао Ганчуаньмен дос болып кеттік. Франция қорғаныс министрі Мишель Аллио-Мари¬мен, АҚШ қорғаныс министрлері Уильям Перри. Уильям Коэн, Дональд Рамсфельдтермен тәуір қа¬рым-қатынас орнат¬тық. Рамсфельд Астанаға келгенде шапан кигіз¬геніміз де бар. Ресми сапарлармен АҚШ, Франция, Ұлыбри¬тания, Чехия, Польша, Болгария сияқты елдерге бар¬дық. НАТО-мен байланыс орна¬тылды.
Жекелеп айтар болсақ, АҚШ-қа екі рет ресми, бір рет Президентпен бірге сапар жасадым. Қарым-қатынасымыз өте жақсы болды. Перри, Коэн, Рамс¬фельдтермен тәуір байланыс орнаттық. Әлібек Қасымов министр болып тұрғанда, АҚШ-қа Әскери әуе күштерінің қолбасшысы ретінде бардым. Сол кез ғой F-16 ұшағын тізгіндеген сәтіміз.
– Әуе қорғанысында авиацияның рөлі зор екенін білесіз. Қазір қалай?
– Авиация өз маңызын жойған жоқ. Бірақ дрон¬дардың рөлі күшейді. Оларды да авиация қатарына қосуға болады. Тек ұшқышы жоқ. Кісі өлімі болмайды. Әрі арзан. Сондықтан көп ел оларға көңіл бөліп жатыр. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар шекара бұзса, оларды байқау қиын. Композитті материалдардан жасалады, төмен ұшады, сөйтіп радарға көрінбейді. Біздің елде де шекарадан дрондардың өтіп кеткен сәттері болды. Ал бұрын шекараны ұшақтар бұзатын. КСРО кезінде шекараның бұзылуы үлкен дау-дамай туғызатын. Самарқандқа қызметке ауысып барарым¬ның алдында ол жерде де сондай оқиға болыпты. Аза¬маттың авиация ұшағы КСРО шекарасына 100 шақырымдай еніп кетіпті. Сол үшін командалық пункт бастығы мен жедел кезекші сотталып кетті. Кор¬пус командирі қызметінен алынды.
Сондықтан дрондардан қауіптену керек. Еліміздің әуе шекарасын бұзған дрондардан сақтанған дұрыс. Олар түрлі нысанға соғылуы мүмкін. Қазір дрондарға қатысты бірнеше күрделі мәселе бар. Алдымен оларды анықтап, қай жерде ұшып келе жатқанын табу керек. Жаңа айттым ғой, радарға ілінбейді, композитті материалдардан жасалады деп. Екіншіден, оларды дер кезінде жою қажет. Қазір «оларды лазермен жоя¬мыз», «жаңа қаруымыз бар» дегендей түрлі мәлімдеме жасап жататын ел көп. Жуырда Қытай J-36 ұшағының мүмкіндіктері жайлы видео таратты. Дрондар мен зымырандарды лазермен де, өзге қарумен жою мүмкін шығар. Бірақ оңай емес. Яғни, ұшқышсыз ұшатын құралдарды қондырудың, құлатудың түрлі амалы бар. Стратегиялық нысандар маңында ұшыруға болмайды. Әрі заң бойынша дрондарды есепке қою керек. Соны¬мен бірге олардың түрі көбейді. Барлау, ретранслятор, соққы жасаушы, камикадзе дрондар, шағын FPV, оптикалық-талшықты желімен басқары¬латын дрон¬дар, теңіз дрондары, Black Hornet тәрізді нанодрон дейсіз бе түрі көп. Олар ұрыс қимылдарына қатысады, керек-жарақты жеткізеді, тіпті адамды эва¬куациялауға да жарайтындары пайда болды. Қазіргі соғыстарда жүздеген, мыңдаған шақырымға ұшатын дрондар пайда болды. Ал авиацияның жаңа буыны шығып жатыр.
– Сіз Қазақстан армиясында қандай ұшақ болғанын қалар едіңіз?
– Негізі, кеңес кезіндегі ұшақтар өз дәуірінің сапалы техникалары еді. Шартты қарсыластарымыз жоғары бағалаған ұшақтар болды. Су-27, МиГ-29, МиГ-31 сияқты. Бірақ қазір заман басқа. Сондықтан бізге ойлану керек. Қай елдің ұшағын аламыз, техни-каны қалай жаңғыртамыз дегендей мәселелер бар.
Қазір Қытай Халық Республикасының әскери әлеуеті артып келеді. Жаңа техникаларды көптеп өндіріп жатыр. Мысалы, Әзербайжан елі Қытай мен Пәкістан бірлесе өндірген JF-17 Thunder ұшақтарын алды. Өзбекстанда осы ұшақтарды сатып алуды көздеп отырғаны жайлы ақпарат оқыдым. Ал Қытай техникалары жақсарып келеді. Электроникасы да жеті-л¬ді. Сол себепті армияны қаруландыруда бұл елді назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Әскерді дұрыс қаруландырмаса болмайды. Қауіп-қатер жоқ емес. Терроризм қаупі әлі сейілген жоқ. Ал өз басым ұшқыш ретінде ұшақтарымыздың жаңа болғанын қалаймын. Су-30СМ ұшақтарын алып жатырмыз. Ұшып көр¬генмін, өте жақсы ұшақ. Дегенмен басқа ұшақтар да қажет. Алайда мол қаржы керек.
– Әңгімеңізге рақмет!