
Бүгінгі таңда елімізде сыбайлас жемқорлық тақырыбы негізгі шешілуі тиіс проблемалармен қатар тұрған өзекті мәселелелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық — бұл үнемі назарда ұстайтын, жүйелі түрде мән беретін, кешенді және саналы түрде қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның келеңсіз бір көрінісі. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен көлемі экономикалық дамуды тұсайды, шетелдерден келетін инвестицияға теріс әсер етіп, Қазақстанның халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Қазіргі заманда әлем елдерінің басым бөлігінде белең алып келе жатқан жағымсыз құбылыс.
Сонымен қатар, қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық біртіндеп мемлекетішілік проблемадан жаһандық проблемаға айналуда. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жыл сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланады. 2023 жылғы 1 қыркүйекте Президент өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық бағыттар бойынша жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрекетсіздік азаматтардың наразылық сезімдері мен құқықтық нигилизмнің өсуіне әкеледі. Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпымемлекеттік мәртебе берілгендіктен, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі — моральдық тарап үлкен рөл атқаратын заңды сақтау. Өйткені, тәрбие көрген иманды адам заңдарды бұзбайды. Егер сіз, әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізді өзгертіңіз. Әрбір азамат әрқашан өзгерісті өзінен бастаса, өз міндеттерін адал және әділ орындаса, онда сыбайлас жемқорлық азаяды. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін, бүкіл қоғам күресуге тиіс. Сонда ғана біздің еліміз әлемдегі сыбайлас жемқорлық жоқ мемлекеттердің біріне айналады. Осы бағытта мектептерде білім алушылар арасында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
«Адал білім – Адал ұрпақ» — білім беру жүйесінде академиялық адалдықты ілгерлету. Қазіргі білім беру жүйесінде жастарды оқыту мен тәрбиелеу барысында академиялық адалдықтың маңызы артып келеді. Бұл үрдіс тек оқу орындары үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін де өзекті мәселеге айналды. Әрбір білім алушының әділдік, адалдық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды меңгеруі болашақ ұрпақтың дұрыс бағытта дамуына ықпал етеді. Осы орайда, «Адал білім – Адал ұрпақ» бағдарламасы білім беру жүйесінде академиялық адалдықты нығайтуға арналған стратегиялық бастама ретінде басты мәселе.
Академиялық адалдықтың мәні мен маңызы оқу барысында білім алушының адалдықты, шынайылықты және әділдікті сақтауын білдіретін ұғым. Академиялық адалдықтың басты принциптері – әділдік, сенімділік, жауапкершілік пен есеп беру. Мұндай құндылықтарды қалыптастыру білім алушылардың кәсіби дамуында ғана емес, тұлғалық қалыптасуында да маңызды рөл атқарады.
Академиялық адалдық принциптерін насихаттау оқушыларды әділдікке негізделген білім алу үдерісін түсіндіру. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жемқорлықтың алдын алу арқылы білім беру саласындағы әділетсіздіктерді жою.
Оқу үдерісінде электрондық оқыту жүйелері мен платформалардың қолданылуы адалдықты қамтамасыз етуге үлкен ықпал етеді. Электрондық журналдар, тестілеу жүйелері, автоматтандырылған бағалау жүйелері оқу нәтижелерінің ашықтығын арттырады. Бұл өз кезегінде оқушылар мен мұғалімдер арасындағы сенімділікті нығайтады. Оқушылар арасында академиялық адалдықты насихаттау үшін, әртүрлі тәрбиелік шаралар мен акциялар өткізу қажет. Мысалы: «Адалдық сағаты», «Адалдық жолымен» сияқты тақырыптық сынып сағаттары мен психологиялық тренингтер оқушылардың моральдық құндылықтарын дамытуға көмектеседі. Мұндай шаралар академиялық адалдықты өздерінің өмірлік қағидаттарына айналдыруға ықпал етеді. Ата-аналар мен мұғалімдер білім алушылардың академиялық адалдықты ұстануына үлкен үлес қосуы тиіс. Ата-аналар балаларын әділдікке тәрбиелей отырып, олардың білім алу үдерісіндегі адалдығын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Мұғалімдер әділ бағалау жүйесін орнатып, оқушыларға білімді әділ бағалауды үйретуі тиіс. Плагиат-академиялық адалдыққа қарсы ең үлкен қауіптердің бірі. Білім алушыларға плагиаттың не екенін және оның салдарын түсіндіру қажет. Плагиат қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруда ЖИ платформаларымен жұмыс істеуде жеке деректерді жарияламау, жалған ақпараттан қорғану, киберқауіпсіздікке мән беру маңызды. Бұл – цифрлық мәдениеттің негізі.